Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

2000 жыл

Қаралды (2127)

Григорий Алексеевич Павловский

 

       Григорий Алексеевич Павловский 1919 жылдың 23 қаңтарында Украинадағы Лепетихск ауданының Верхний Рогочик селосында дүниеге келген. 1925 жылдан 1930 жылға дейін мектепте оқыды, бұдан кейін 1932 жылдан 1935 жылға дейін «Коммунар» колхозында жұмысшы болған. 1936 жылы тракторшылар курсын бітіріп, әскер қатарына алынғанға дейін тракторшы болып жұмыс істейді. 1941 жылы соғыс басталсымен-ақ, алғашқы күндерінің бірінде Григорий Алексеевич Мәскеулік әскери округтың шақыртуымен НКВД әскерінің 21-ші жеке батальонына жүргізуші болып алынады.  1944-1946 жж. 115  НКВД әскерінің полкінің жүргізушісі болады. Мәскеу, Ленинградты қорғауға қатысады. Соғысты Германияда аяқтайды.  
         Соғыстан Тула қаласында геологтық барлау партиясының жүргізушісі, электр станциясының бастығы қызметтерін атқарады.  1955 жылы комсомолдық жолдамамен ол тың жерлерді игеруге Қарағанды облысының Нұра ауданының «Киевский» шаруашылығына келеді.
           1955 жылдың 22 сәуірі бірінші атызды (борозда) салу тарихи күні.    Бұл ұлы мәртебе Г.А. Павловскийдің еншісіне тиді. Бір жарым жылдың ішінде қатардағы тракторшыдан бас инженерге дейін көтерілген. Осы қызметті 1963 жылға дейін атқарады.   Келесі жылдары Г.А. Павловский техникамен қамсыздандыру механигі, машина-тракторлық станцияның меңгерушісі, гараж меңгерушісі, механизатор болып жұмыс істейді.
        Оның марапаттаулары: «ІІ дәрежелі Отан соғысы», «Ижевскіні қорғау», «Германиядағы Жеңіс үшін» медальдары. В 1987 году Г.А. Павловский еңбектегі жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысушы медалымен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің қола медалымен, 1973 жылы Ленин орденімен, 1974 жылы ХШЖК күміс медалымен, 1954 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» медалымен, 1974 жыл «Еңбек ардагері» медалымен марапатталған.

         2000 жылдың 9 қарашасында Григорий Павловский Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын иеленді.

 


Сүлейменов Мүташ

Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі. Ол кісі 1921 жылы 10 қыркүйекте Казгородок селосында дүниеге келген.
              М. Сүлейменовтың жастық шағы соғыстың басталуымен қатар келеді. Ол 1941 жылы 9-шы сыныпты аяқтап Чкалов атындағы колхозға есепші болып жұмысқа алынады.  Жоғары сынып оқушыларының қатарында жүріп, ол тың жерлерді игеруге белсене араласады. Сол еңбегі үшін ол кейін мемлекеттік сыйлыққа ие болады. Бірақ басталған соғыс бәріне кедергі болады.
           Майданға 1942 жылдың қаңтар айында алынады. Алдымен 3-4 айлық зеңбірекшілер курсынан өтеді. Оның майдандық өмірі 114-ші атқыштар бригадасында басталады. Алғаш рет  Калинин облысына қарасты Ржев қаласының маңындағы Зубцево деген жердегі қанды қырғынға қатысады. Осыдан кейін де талай ұрыстарға қатысқан Мүташ Сүлейменов  сол жылдың қазан айында ауыр жараланып, госпитальге түскен. Қарашада сауығып шыққанда  өз бөлімінен көз жазып қалып, 139-шы Қызыл Тулы Ярославль гвардиялық атқыштар дивизиясына қарасты 364-ші атқыштар полкінің құрамында танкіге қарсы ататын 45 миллиметрлік зеңбіректің көздеушісі болып қайта сапқа тұрады. Осы кезге дейін ол бірнеше ерлік істерімен көзге түсіп, өңіріне «Ерлік үшін» медалін және «Қызыл Жұлдыз» орденін қадап үлгереді.
         1944 жылдың маусымында зеңбірек расчетінің командирі болып жүрген аға сержант Мүтәш Сүлейменов Белоруссияның Погоран деген жерін азат ету кезінде көрсеткен ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденіне ие болады. Осовец қамалын азат ету кезінде көрсеткен тапқырлығы мен ерлігі үшін екінші дәрежелі Даңқ ордені беріледі. Осы шайқас жайында ол өз күнделігіне жазады.,
           17 қаңтарда Варшава азат етіледі. Бұдан кейін наурызда бүкіл Польша азат етіледі. 30 наурызда Польша мемлекетінің ұлттық туы Данциг үстіне тігіледі. Бұл ерліктері үшін Мүтәш ағаның қарамағындағы жауынгерлер тегіс медаль, ордендерге ие болады. М. Сүлейменовтың өзіне бірінші дәрежелі Даңқ ордені беріледі.
          Мүкең соғысты немістердің Аргшемонд қаласында аяқтайды. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласында болған Жеңіс парадына қатысады.
          Соғыстан туған ауылына қайта оралып, ауылдағы мектепте ұстаздық етеді. Қарағанды қаласындағы университеттің тарих факультетін бітіреді. 40 жылдан астам мектеп шәкірттеріне алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Көп жылғы талмас еңбегі үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «СССР халық ағарту ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» медалімен және көптеген құрмет грамоталарымен мараппатталған.
          1993 жылдан Кертінді ауылдық мектебі Мүтәш Сүлейменов атымен аталады.  

Төлеубаев Дәулен Төлеубайұлы
Төлеубаев Дәулен Төлеубайұлы 1927 жылы туған.
Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері .
1973 жылы Қазан төңкерісі (Октябрьская революция) орденімен марапатталған.
Ауыл шаруашылығының өнімдері өндірісін  арттырудағы жетістіктері үшін оның есімі Құрметті Алтын кітабына жазылған.  
2000 жылдың 9 қарашасында Дәулен Төлебайұлына Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Ол кісі 2007 жылы қайтыс болған.  

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика