Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шаралар анонсы – қаңтар 2019 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби өлкетану сағаты «Дәуірмен үндес өмір» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Слайд – фильм «Қазақстанның ұлттық валютасы»

15.11.19

Ақпарат күні «Дүниежүзілік теледидар күні»

20.11.19

Экономикалық ойын «Бизнес сатылары бойынша»

17.11.19

Дөңгелек үстел «Жаңа дәуірдің Көшбасшысы»

29.11.19

Көрнекілік насихат

 

Көрме-ақпарат «Қазақстан-2050: жаңа даму стратегиясы»

Ай бойы

 Кітап көрмесі «Елін сүйген ердің ізі» (жазушы Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығына арналған)

4.11.19

Кітап көрмесі «Тәуелсіздіктің алтын қазығы-теңге»

11.11.19

«Өз бизнесіңді табысты ет!» (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған)

13.11.19

Кітап көрмесі «Елбасы әлем таныған тұлға»

26.11.19

 


Авторландыру

2001жыл

Қаралды (1927)

Оралбай Әбдікәрімов.
Оралбай Әбдікәрмов 1944 жылдың 18 желтоқсанында Киевка кентінде туған. 1969 жылы Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумды, содан кейін 1975 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тамамдаған.  Кеійн Алматы жоғары партия мектебінде оқыған.
Еңбек жолын шопандықтан бастаған (Нұра ауданының Изенді ауылында), әскери теңіз флотында борышын атқарған. 1969 жылдан бері қоғамдық-саяси жұмыста. 1981 жылдан бастап еліміздің басқару органдары салаларында әртүрлі мемлекеттік қызметтер атқарады. ҚазКСР халық депутаты (1990-1993), Қазақстан Компартиясы атынан. Депутаттық этика және депутаттық өкілеттілік мәселелері женіндегі комитет төрағасының орынбасары (1990-1992).  
Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінің ұйымдық-инспекторлық және аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі болып тағайындалған, Елбасы Әкімшілігінің Басшысы, республикалық Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарған.
1999 ж. қарашаның 30-ында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалады.
1999 ж. желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болым сайланған.
2004 ж. наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
2007 ж. мамырдың 15 Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2007 ж. тамыздың 28 ҚР Президенті жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты депутаты боп тағайындалған (Президент үлесі бойынша).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының депутаты болған. 2008 жылдан «Нұр Отан» ХДП жанындағы республикалық қоғамдық жемқорлықпен күрес кеңесінің төрағасы.
Әскери атағы - отставкадағы полковник.
Марапаттаулары: II дәрежелі «Барыс», «ТМД ПАА Ынтымақтастығы» ордендерімен; 8 медальмен марапатталған. 2011 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы  берілді.

Рашит Төлеутайұлы Түсіпбеков.
 Рашит Төлеутайұлы Түсіпбеков 1955 жылы 28 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.  1962 жылы ата-анасы Қарағанды қаласына қоныс аударады, осында №3 мектепте оқиды. Бітіргеннен кейін Қарағанды облыстық атқару комитетінің өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді. 1976 жылы әскер қатарынан қайтып оралғаннан кейін, Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1981 жылы үздік бітіреді. Үш айлық тағылымдама өткеннен кейін 1981 жылдың қараша айында Совет ауданының халықтық сотының  соты болып сайланады.  
1984 жылдан 1993 жылға дейін Нұра ауданында сот төрағасы болып жұмыс істейді. 1993 жылдан  1999 жылға дейін Қарағанды облыстық соттың төрағасы лауазымын атқарады.1999 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттық коллегиясының төрағасы қызметінде болады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы міндетін атқарады. 2000 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілдендіру Комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 
2000 жылдың 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалады. 2005 жылдың 15 желтоқсанында екінші конституциялық мерзімге қайтадан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып сайланады. 2009 жылды 2 сәуірінен 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының әділет Министрі. 2012 жылдың 21 қаңтарынан – Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің төрағасы.
Р. Түсіпбеков ғылыми мақалалар, оқулықтар мен монографиялардың авторы.  2003 жылдың 8 желтоқсанында «Барыс» ІІ дәрежелі орденімен марапатталған. «Парасат» ордені, 2005 жылы «ҚР Конституциясына – 10 жыл», 2006 жылы «ҚР Парламентіне – 10 жыл» мерейгерлік медальдарымен мараптталған. 2001 жылдың 18 қазанында Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика