Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

2010 жыл

Қаралды (2191)

Қалиақпар Амиров
Қалиақпар Амиров 1924 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы, Романовка ауылында туған. Қатардағы жауынгер.
1942 жылы 853 Ақмола әскери комиссариатымен майданға шақырылып 853 атқыш полкында, одан кейін 9-шы батыс-атқыштар, 226 атқыш бригадаларында, 15 теңіз бригадасында, 205 атқыш батальоны құрамында Жапонияға қарсы соғысқа қатысады.
1946 жылы еліне оралып, 1948 жылы Балқаш қаласында ветеринар мектебін бітіріп, көп жылдар веттехник, күзетші ретінде еңбек етеді. 1985 жылы зейнеткерлікке шығады.
«Жапониядағы жеңіс үшін», «Германиядағы жеңіс үшін» және басқа да мерейтой медальдарымен марапатталған.

 

Михаил Степанович Безбородько
Михаил Степанович Безбородько 1925 жылдың 10 тамызында Украинаның Виница облысының Шарогород ауданында Лопотищино селосында туған. Жетіжылдық білім алғаннан кейін, Днепропетровск қаласындағы темір жол техникумына оқуға түскен. Әскери атағы – сержант.
1943 жылы 18 жасында, техникумды аяқтамай жатып Шарогород аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылады. 1-ші Украин майданына түсіп, 81116 әскери бөлімшенің құрамында соғысады. Польшада ауыр жарақат алады.
«Германиядағы Жеңіс үшін», «1941945жж. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін»  медальдарымен, «Отан соғысы» орденімен марапатталған.
1960 жылы отбасымен Қазақстанға тың жерлерді игеру үшін көшіп келеді. «Донской» (қазіргі Құланөтпес) шаруашылығына тракторшы болып жұмысқа тұрады. 1964 жылдан 1968 жылы бригадир болып жұмыс істейді. 1985 жылы зейеткерлік демалысқа шығады.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

 

Иван Егорович Меша
1923 жылы туған, сержант. Туған жері Украинаның Сума облысы Лебединск ауданының Михайловка селосында туған.
Иван Егорович Меша алғашқы күннен-ақ 17 жасқа толсымен  Лебединск әскери комиссариаты  арқылы майданға аттанады. Бұл 1940 жылдың тамыз айы еді.
Севастопольде 747 атқыштар полкінің құрамында минометші, 759 минометшілер батальонында минометші болып шайқасады. Соғысты  1945 жылы Венгрияда аяқтайды.
І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін», «Украинаны азат ету үшін», «Жуков», мерейтой медальдарымн марапатталған. Аяғына жарықшақ тиіп жаралы болған.
50 жылдардың ортасына дейін ІІМ органында құпия құжаттар тасымалдау жұмысын атқарған. Содан кейін Тың игеру жылдарында Нұра ауданына қоныс аударып,  Заречное ауылында көрікші болып жұмыс істейді.  1980 жылы зейнеткерлік демалысқа шығады.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті атағы берілді.

 

Иван Иванович Старчевой
1924 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының Ивановка (қазіргі К. Мыңбаев атындағы) ауылында дүниеге келген.
Нұау аудандық әскери комиссариатынан 1942 жылы соғысқа аттанған. Батыс майдан мен Белоруссияда 7504, 7507, 7446 әскери бөлімдерінде шайқасқан. 1945 жылдан 1950 жылға дейін Белоруссияда атқыш болып әскери қызмет атқарады.
Иван Иванович Старчевойды Ұлы Отан соғысының жалыны 9 жылдай шарпыған. Белоруссияның азат етілген қалаларының бірінде Жеңісті қарсы алған ол, өзінің әскери қызметін одан әрі жалғастырады, қиратылған қалаларды көтеріп жатқан фашист тұтқындарды күзетеді. Орманды сағалаған қашқындар мен сатқындарды ұстауға қатысады.   
ІІ дәрежелі «Отан соғысы»,  «Германиядағы Жеңіс үшін», «Минскіні азат ету»,  «Жуков» және т.б. мерейтой медальдарымен марапатталған.
Соғыстан оралғаннан кейін Иван Иванович Нұра ауданының Киевка кентінде жүргізуші болып жұмыс істейді. Зейнеткерлік демалысқа 1984 жылы кетеді.
Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қатысады.
2010 жылдан Нұра ауданының Құрметті азаматы.

 

Николай Федорович Дудкин
Николай Федорович Дудкин 1923 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Черниговка (қазіргі Көбетей) ауылында туған. Әскери атағы – сержант.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатынан майданға шақырылады. Осы жылдың қаңтарынан маусымына дейін жеке миномет батальонының командирі ретінде Сталинградты азат ету үшін  жүріп жатқан шайқасқа қатысқан. 1942 жылдың мауысым айынан желтоқсанға дейін 114 танк батальонында жүргізуші-механик ретінде жүреді. Желтоқсаннан 1943 жылдың шілдесіне дейін 464 атқыштар полкінің зеңбірек командирі болды.
1943 жылдың шілдесінен 1944 жылдың ақпанына дейін госпитальде емделген. Одан кейін 77 жол отрядында бөлімше командирі ретінде 1945 жылға дейін әскери борышын атқарды.
1948 жылы Черниговка ауылында механизатор, одан кейін Киевка кентінде жүргізуші болып еңбек етті. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты. «Германиядағы Жеңіс үшін», «Сталинградты азат ету» және де басқа медальдармен марапатталды.
2010 жылы Николай Федорович Дудкинге Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

 

Ақан Шәкенов
Ақан Шәкенов 1912 жылы Ақмола уезінде туған. Ефрейтор.
1942 жылы Нұра әскери комиссариаты майданға шақырды. Сталинградты қорғау шайқасына қатысқан, жараланып Ржев қаласында емделуде болған. Соғысты 1943 жылы 90 атқыш дивизиясында аяқтады.
Соғыстан кейін Казгородок ауалында мал шаруашылық бригадирі болып еңбек етті. 1980 жылы зейнеткерлікке шықты.
«Отан соғысы» орденімен және «Германиядағы Жеңіс үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.
2010 Өмен Тұрмағамбетовке Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

 

Дмитрий Ефимович Глушко
Дмитрий Ефимович Глушко 1924 жылдың 12 қаңтарында Гомель облысы Петровский ауданында туған.
Майданға 1943 жылы Гомель әскери комиссариатымен шақырылды. 130-і Петровский бриагадасының құрамында 1943 жылдың қазан айына дейін соғысқа қатысты жараланған.
Соғыс аяқталғаннан кейін Нұра ауданының Пржевальский ауылында механизатор, жүргізуші болып еңбек етті.
1985 жылы зейнеткерлікке шықты.
«Германиядағы Жеңіс үшін», «Жуков» және басқа медальдармен марапатталған.

 

Ахметбек Ысқақов
Ахметбек Ысқақов 1923 жылы Нұра ауданының Казгородок (қазіргі Кертінді) ауылында дүниеге келген.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатынан майданға шақырылды. Майданда 183 шекара отрядында атқыш ретінде, 67 шекара отрядында, 1945-1946 жылдары шекара күзетінде әскери борыштарын атқарды.
Соғыстан кейін Чкалов аулында ветеринарлық санитар, мал шаруашылығының бригадирі ретінде зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.
«Германиядағы жеңіс үшін» және да басқа мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 


2010 жылдың Нұра ауданының Құрметті азаматы.

Павел Сергеевич Коньков
Павел Сергеевич Коньков 1925 жылы Нұра ауданы Завьяловка ауылында туған. Әскери атағы – ефрейтор.
1943 жылы Ұра әскери комиссариатымен майданға шақырылады. Екінші Украин, Шығыс майдандарында соғысқа қатысты.
Соғысты 1943 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін 103 атқыш полкінде бастайды. Әскерде 1946 жылға дейін 1007 атқыш полкінде болды. Әскерде 1948 жылға дейін болды.
Соғыстан кейін Завьяловка ауылында басқарма,  нефтебаза меңгерушісі болып 1985 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.
«Отан соғысы» орденімен, «Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін» медальдарымен марапатталды.
2010 жылдан Нұра ауданының Құрметті азаматы.

 

Борис Семенович Ишимов
Борис Семенович Ишимов 1925 жылы Челябинск облысы Ногай ауданы Россыпянск селосында туған. Майданға 1943 жылы Челябинск әскери комиссариатымен шақырылды.
2-ші Белорус майданының құрамындағы 37 дивизияда атқыш полкінде бөлім командирінің көмекшісі ретінде соғысқа қатысты. Соғысты Жапонияны талқандаумен аяқтады.
«Отан соғысы» орденімен және «Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін» және басқа де мерейтой медальдарымен марапатталған. 1950 жылдан 1959 жылға дейін Свердловск қаласында геолог – барлау экспедициясында жүргізуші ретінде еңбек етті.
1959 жылы Қазақстанға көшіп келіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін «Энтузисат» кеңшарында еңбек етті.

 

Николай      Корнеевич Иващенко
Николай       Корнеевич Иващенко 1921 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы, Черниговка ауылында туған. Аға сержант.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатымен майданға шақырылады. 1942-1943 жылдары 1007 миномет полкінде болады.
1943-1945 жылдары осы полктің  взвод командирі болады. 1945 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін Жапонияға қарсы соғысқа қатысты. Майданда жарақат алған. 
Соғыстан кейін Черниговка ауылында орта мектепте дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып еңбек етті.
Аудан және облыс көлеміндегі спорт сайыстарында Николай Корнеевич дайындаған оқушылар жүлделі орындарға ие болып жүрді.
«Қызыл жұлдыз» орденімен және «Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Белоруссияны азат ету үшін» медальдарымен марапатталған.  
2010 ЖЫЛЫ Нұра ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды.

 

Рухибаян Юсупов
Юсупов Рухибаян 1924 жылы Башқұрт АКСР – дің Чакмагар ауданы Гумерово ауылында туған. Ефрейтор.
1942 жылы Чакмагар әскери комиссариатымен майданға шақырылды.
1942 жылдан 1943 жылға дейін 32 атқыш полкінде, одан кейін 38 атқыш полкінде 1945 жылға дейін соғысты.
Соғыстан кейін Алғабас ауылында механизатор болып 1990 жылға дейін еңбек етті.
«Германиядғы Жеңіс үшін», «Украинаны азат ету үшін» және басқа да медальдармен мараптталды.
2010 жылы Р. Юсупов Нұра ауданының Құрметті азаматы мәртебесіне ие болды.

 

Өмен Тұрмағанбетов
Өмен Тұрмағанбетов 1926 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Алғабас колхозында дүниеге келген.
1944 жылы әскери Нұра әскери комиссариатымен майданға шақырылды, Соғыс уақытында ауыр жараланған. 1944 жылдан 1945 жылға дейін 885, 290 атқыш полктері құрамында шайқастарға қатысты. 1945 жылы туып өскен ауылына оралады.
1949-52 жылдарда дайындау инспекторы, ал 1952 жылдан 1985 жылға дейін мал зауытында жұмыс істеп, аса шеберлік жұмысымен ауылдастарының сый құрметіне бөленіп, зейнеткерлікке шықты.
«Отан соғысы» орденімен және «Германиядағы Жеңісі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін», «Ерлігі үшін» және де басқа медальдармен марапатталған.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын алды.

 

Михаил Пантелеевич Скорик
Михаил Пантелевич Скорик 1926 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Черниговка ауылында туған.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатымен майданға шақырылды. 1942 жылдан 1945 жылға дейін 3673 атқыш полкінің құрамында соғысқа қатысты. 1945-1948 жылдары ішкі істер министрлігінің 382 атқыш полкінде әскери борышын жалғастырды.
1988 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Черниговка ауылында еңбек етті.
«Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін» және де басқа мерейтой медальдарымен марапатталған.
2010 жылы оған Нұра ауданының Құрметті азаматы деген атақ берілді.

 

Василий Пантелеевич Скорик
Василий Пантелеевич Скорик 1925 жылы Нұра ауданы Киевка кентінде дүниеге келген.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатымен майданға алынды.
1942-1944 жылдары минометші ретінде 1007 атқыш полкінде, 1944 жылдан 1945 жылға дейін 64 атқыш полкінде, одан кейін Жапониямен соғысқа қатысты. 1945-1948 жылдары 504 атқыш полкінде әскери борышын атқарды.
Соғыстан кейін Черниговка ауылында механизатор болып зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.
«Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін» және де басқа мерейтойлық медальдармен марапатталған.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын алған 17 майдангердің бірі болды.

 

Петр Михаилович Свиденко
Петр Михаилович Свиденко 1926 жылы Нұра ауданының Киевка кентінде туған, әскери атағы – ефрейтор. 
1944 жылы Нұра әскери комиссариатының шақыруымен майданға аттанады. Майданда 118 полк құрамында ұрыстарға қатысады.
Елге қайтып оралғаннан кейін Черниговка ауылында механизатор болып жұмыс істейді. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан.
«Отан соғысы» орденімен, «Кенигсбергті алу», «Германиядағы Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін», «Украинаны азат ету» және де басқа медальдармен марапатталған. 2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын алған соғыс ардагерлерінің бірі

 

Павел Дмитриевич Фоменко
Павел Дмитриевич Фоменко 1925 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Байтуған ауылында туған.  Әскери атағы – сержант.
1943 жылы Нұра әскери комиссариатының шақыруымен майданға аттанады. Забайкальский әскери округының 833 артиллерия полкінде байланыс бөлімшесінің командирі ретінде соғысқа қатысты. Әскери борышын 1945 жылы Забайкальский әскери округінде аяқтады.
Соғыстан кейін 1985 жылға дейін Черниговка ауылында кәсіпкерлік училищеде, Cаран қаласында еңбек етті.
«Отан соғысы» орденімен және «Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін» медальдарымен марапатталған.
2010 жылдан Нұра ауданының Құрметті азаматы.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика