Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

2012 жыл

Қаралды (1902)

Дауылбай Мейрамұлы Құсайынов

Дауылбай Мейрамұлы Құсайынов 1947 жылы Киевка кентінде туған. 1971 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын аяқтаған. 
Өзінің еңбек жолын «Балықтыкөл» шаруашылығында механика маманы болып бастайды. Содан кейін «Казсельхозтехникада» инженер болып жұмыс істейді.  1975 жылдан 1979 жылға дейін «Трудовик» шаруашылығының партия комитетінің хатшысы қызметін атқарады. 1979 жылдан 1985 жылға дейін ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болады. Бір жылдай облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, 1986-1991 жылы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерінде болды. 1996 жылдан 2007 жылға дейін Нұра ауданының Әкімі. 2007 жылдан Мәжіліс депутаты.
«Құрмет» орденімен марапатталған. 2010 жылдан зейнеткерлік демалысқа шықты.  
2012  жылы Дауылбай Мейрамұлы Құсайыновқа Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

 

Георгий Георгиевич Прокоп

Георгий Георгиевич Прокоп 1950 жылы Нұра ауданының Киевка кентінде туған.. Осы жерде мектепке барған. 1973 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик  мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын институтты тамамдағаннан кейін 1973 жылы машина-тракторлық шеберханасының меңгерушісі, Вишнев ауданының «Вячеславский» шаруашылығының бас инженері болып бастайды.
1976 жылдың желтоқсанынан 1986 жылдың шілдесіне дейін Нұра ауданының бұрынғы Черниговка шаруашылығының бас инженері болып жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығының шебері В.Ф. Вольфтың бай тәжірибесін қабылдаған.  
1986 жылдан осы күнге дейін, 20 жыл бойы аудандағы ең ірі өсімдік және астық шаруашылығы «Шахтерское» ЖШС-ін басқарып келеді. Облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалының саяси кеңесінің мүшесі, аудандық маслихаттың депутаты Г.Г. Прокоп, бар уақытын сүйікті ісіне – өлкенің ауыл шаруашылығын дамытуға береді.   
Мемлекетке сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, қоғамдық белсенді қызметі үшін    «Құрмет», «Парасат» ордендерімен,  «Ерен еңбегі үшін», «Тыңға 50 жыл», БХЖК 2 медалымен марапатталған. 2014  жылы ҚР Президентінің қолынан «Отан» орденің қабыл алды.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика