Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

2015 жыл

Қаралды (1785)

Сейілхан Оспанұлы Қоңырбаев 1948 жылы Нұра ауданы Жараспай ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «агроном» мамандығы бойынша тамамдады. Еңбек жолын 1967 жылы , «Октябрьдың 17 жылдығы»  кеңшарында механизатор, 1978-1988 жылдары агроном, бөлім басқарушысы, бас агроном болып жұмыс істеді. 1988 жылдың қазан айында , «Октябрьдың 17 жылдығы» кеңшар партия ұйымының бірінші хатшысы болды. 1989 жылдан 1999 жылға дейін  «17 лет Окябрь» совхозының директоры, «Жараспай» акционерлік қоғамының президенті, 1999 жылдан бастап Сейілхан Оспанұлы  Қоңырбаев «Жараспай» ауылшаруашылық бірлестігінің директоры.
Қоңырбаев С.О. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздiгiне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл» медалдарымен, 2011 жылы «Құрмет» орденімен, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.
2015 жылы Сейілхан Оспанұлы Қоңырбаевқа Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

 

Романенко Анатолий Павлович  1939 жылдың 15 тамызында  Нұра ауданының  Жараспай ауылында дүниеге келген.  Орта мектепті 1958 жылы  аяқтап, «Октябрьдың 17 жылдығы» кеңшарында  механизатор болып жұмыс істейді.  1958 жылы Қызыл Армия қатарына  шақырылады. 1961-1970 жылдары , «Октябрьдың 17 жылдығы» кеңшарыңда шофер, ұста, механикалық-жөндеу шеберханасының  механигі міндеттерін атқарады. 1972 жылы Мичурин совхозындағы  ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру  мамандығы бойынша кәсіби техникумын тамамдады. 1972 жылдан 1982 жылға дейін  жөңдеу шеберханасының  меңгерушісі, одан кейін  «Октябрьдың 17 жылдығы»» совхозының бас инженері болып тағайындалады.   1982 жылы Целининград  ауылшаруашылық  институтының  «аграном» мамандығын аяқтады. 1982 жылдың наурыз айы 1996 жылдың  сәуір айы аралығында  Пржевал совхозының директоры,  «Алтын Дән» жеке меншік өндірістік ұжымының  басқарма төрағасы. Анатолий Павловичтың жетекшілігімен  шаруашылық  аудан мен облыста өсімдік шаруашылылығы   бойынша алдыңғы қатарда болды. 1996 жылдың наурыз айында  Нұра ауданының ауылшаруашылық  басқармасының бастығы, осы жылдың шілде айында  аудан әкімінің бірінші  орынбасары болып тағайындалды. 2002 жылдың 1 ақпанынан  ауылшаруашылық департаментінің басшысы.   Анатолий Павлович  ауданның өсімдік шаруашылық саласының дамуына маңызды үлесін қосты. 2003-2008 жылдары «КазАгроКонсалтинг»аудандық бөлімінің  басшысы   (менеджер)  қызметін атқарды. Романенко А. П. көпжылдық еңбегі  үшін  көптеген марапаттаулар берілді: «Ерен еңбегі үшін» ,  «Тың және тыңайған жерлерді игеру» , «Көп жылдық адал еңбегі үшін», «Тыңға 50 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалдарымен, сондай-ақ  Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.
   2015 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.  

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика