Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

30.03.20 – 05.04.2020ж.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Интернет-викторина «Абай әлемі» (Әлеметтіе желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

30.03.2020

Әдеби викторина  «Сүйікті кейіпкерлеріңді біл»  ертегілер бойынша  nuralib.kz сайты)

31.03..2020

Онлайн-мәнерлеп оқу байқауының басталуы «Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Жеңістің 75 жылдығына арналған (nuralib.kz сайты, әлеуметтік желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

01.04.2020

Виртуалды кітап көрмесі «Читаем книги о войне» (nuralib.kz сайты)

02.04.2020

Челендж-эстафета «Отты жылдар жырлары» ҰОС –ның 75 – жылдығына арналған (АОК, АБК, ауылдық филиалдар) әлеуметтік .желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, менің әлемім, ВК)

03.04.2020

 


Авторландыру

Петр Резник

Қаралды (2202)

Петр Резник  (1964-1984)   1983 жылы әскер қатарына шақырылды.  1983 жылдан Ауғанстан да БМД – ді жүргізушісі, көздеуші – оператор. Душмандарға қарсы оқ атуға мәжбүр болды. Майдандас  достарының қазасын қөрді. Сұм ажалдың оған да ауыз салатынын ол, сол кезде білмеді.
      1984 жылдың қыркүйегінде Вахши қыстағы аймағында, тік жарлар мен терең сайлар арасында  машинаны тауға көтеру керек болды. Жолдастарының   жасаған әрекеттері іске аспады. Петр өз БМД – сін өзі жоғарыға шығарып, өзінен кейінгілерге көмектесті. Бесінші машинаны жоғары шығарар кезде, кенеттен кері сырғанай жөнелді, төменде адамдар мен техникалар. Не істеу керек? Сол қалпында қалдырса адамдар, басқа жаққа бұрса, өзі мерт болады.   Петрдың ойлануға мұршасы болған жоқ. Ол тұтқаны бұрып жіберді. Әріптестерін құтқарып өзі қаза болды. Жерлесіміздің бұл батыл қимылы оны - өмірден, ал анасын – баласынан айырды.
      Киевка кентіндегі бір көше оның  есімімен аталады.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика