каталог Құжаттарды электронды жеткізу On-line кітапты ұзарту Виртуальды
анықтама Online-кітаптарды оқимыз Электронды
кітапханалар Буктрейлеры Сұрақ-жауап Фотогалерея
Ай кітабы

Анонс
Іс-шара анонсы- желтоқсан - 2019ж.
Авторландыру
Дымнич Анатолий Андреевич
Дымнич Анатолий Андреевич 1963 жылдың 9 мамырында «Индустриальный» (қазіргі Тассуат) ауылында дүниеге келген. 1970 жылы мектеп барады, оқуды жақсы оқиды. Әсіресе тарих пен математика пәнін сүйіп оқиды. 1980 жылы мектепті тамамдайды. Сол жылы Томбы қаласындағы автоматтандырылған жүйелерді басқару институтына оқуға түседі. Бірақ оқуды ауырсынып оқи алмағандықтан оқудан шығып қалады. Осы қаланың металлдар кесетін зауытына жұмысқа тұрады.
Келесі 1981 жылы Томбы политехникалық институтының физико-техникалық факультетіне оқуға түседі.
Аталмыш институттан 1983 жылдың 5 мамырында әскер қатарына алынады. Алғашқы әскери дайындық Ашхабад қаласында өтеді. 1983 жылдың қыркүйегінде оларды Ауғанстанға аттандырады. 1983 жылдың қазанынан 1984 жылдың тамызына дейін соғысқа қатысады.
Герат қаласы, Гур, Фарах ауылды мекендерінде барлығы 16 ұрысқа қатысады.
Фарахтағы ұрыста Анатолийдің бөлімшесі өздерінен күш жағынан басым түскен жау әскерімен соғысады. Әскербасы жағдайды дұрыс бағалап, өзінің әскерін жеке ерілігімен соңынан ертеді. Көтерілісшілер 10 адамын жоғалтып кейін шегінеді. Анатолий өз қолымен 3 жау әскерінің көзін жояды.
1984 жылдың 13 тамызында қаза табады.
Қаза болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады.
Орден тек 1989-90 жж. «Воину интернационалисту от благодарного афганского народа» медалімен (28 августа 1989 год), Жоғарғы Кеңестің Президумының «Воину-интернационалисту» Мақтау қағазымен марапатталған .
Дымнич Анатолийдің аты бұрынғы «Набережная» көшесіне берілді (қаза болғанының 20 жылдығына қарсы).