Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы наурыз -2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Кездесу кеш «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

28.02. - 01.03.2020

Слайд-презентация  «Бейнелеу өнеріндегі кітап оқитын нәзік жандылар»  (8-наурыз)

05.03.2020

Әдеби дастарқан «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» (22-наурыз)

18.03.2020

Поэзия кеші «Алаштың арқалы ақыны» 

(С.Ақсүңқарұлының 70 жасқа толуына орай)

27.03.2020

Талқылауы «Еріктілік - бұл жан жылуы»  (Еріктілер жылы аясында)

Бір ай ішінде

Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз?»

-//-

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»

26.03.2020 – 01.03.2020

Кітап көрмесі «Ұлыстың ұлы күні»

16.03.2020

Кітап көрмесі «Алаштың арқалы ақыны» 

(С.Ақсүңқарұлының 70 жасқа толуына орай)

24.03.2020

 


Авторландыру

Николай Плешаков

Қаралды (1949)

Николай Плешаков 1967 жылы Киевка кентінде туған. Мектептен кейін 105 – ші ауылдық кәсіптік техникалық училищесін бітірген. Ауған елі үшін өмірін бермек бұрын ол, Омбы теңіз училищесін бітіріп, кеме жүргізуші дипломымен  «Ленанефть» - 2052 танкерінде тәжірибесін өткізген.
1986 жылы әскер қатарына шақырылып, қызыметінің бірінші күндерін Фергана қаласында әуе – десанттық оқу бөлімінде болып, артынша Ауғанстанға пулемет взводына жіберілді. Бірінші жарақатын батальон дәрігерінің өмірін сақтаймын деп жүріп алады. Жасырынған тасадан шығып жауды пулеметтің оғымен бұқтырады. Көзіне жарылған санрядтың жарықшағы тиеді.  Екінші жарақатын Даман уезінің Кандагарға жақын жерде, барлау тобын басқарып келе жатып алады. Оқ оң құлағынан кіріп желкесінен шығады. Қасындағы жауынгерлер жан-жағынан сүйемелдеп көтеріп бөлімшеге жеткізеді. Ол әуелі көрмей қалады.  1987 жылдың 29 желтоқсанында  операция үстелінде жатып қайтыс болады. Киевканың бір көшесі оның атымен аталады.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика