Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Қаралды (1335)

«Мемлекет қызмет өкілеттігін жеке

мақсаттарға пайдалану тиімсіз

әрі мүмкін емес болатындай

                                                 жағдайлар жасауы керек. Ол үшін

                                                     осы жұмыстағы әлемдік озық

                                                                                          тәжірибелерден үйренген жөн».  

Н.Назарбаев

 

            Сыбайлас жемқорлық – күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс.  Ол қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан барлық мемлекетте кездеседі, ауқымы ғана әр түрлі. Сыбайлас жемқорлық экономикалық дамуды баяулатады, демократиялық институттарды бұзады және мемлекеттік негізді кетіреді, мемлекет байлығын азайтады, тұрмыс деңгейін төмендетеді. Онымен бетпе-бет кездеспесек те, ол бізге әсерін тигізеді.

  • Мемлекеттің жалпы байлығын кемітуге әкелетін сәтсіз бизнес;
  • Еңбекшілерге берілетін төлемдер және жабдықтауға қажетті заттарды сатып алуға бөлінген шығындар: кітап, дәрі-дәрмектер, компьютерлер және т.б. арналған қаражат көлемін қысқарту;
  • Мемлекет әлеуметтік қызметтерді (мектеп, аурухана, жолдар, сумен жабдықтау, полиция және т.б.) көрсетуге бөлген қаржыны мақсатсыз пайдалану;
  •  Заңдарды әзірлеу және өзгертудегі жеке пайда;
  • Үкіметтің беделін түсіру.

Бас Ассамблея 2003 жылы 31 қазан күні Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын қабылдаған. Сыбайлас жемқорлық туралы алдын ала ескертудегі және онымен күресудегі Конвенция мәселесі мен рөлін түсіну үшін 9 желтоқсан –  Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні деп қаулы етілді.   Конвенция 2005 жылдың желтоқсан айында күшіне енді.

            Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі қатер болып табылады. Онымен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықталады.  

            Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6 бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

            Қазақстанның Президенті сыбайлас жемқорлық туралы айтқан кезде, қоғам қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес екендігін бірнеше рет басып айтқан. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық топтары жүйелі күш салысуы тиіс. 

Сыбайлас жемқорлықтың өсуінің төрт себебі:

  • Мүмкіндіктер. Адамдар жүйе тиімсіз жұмыс істегенде және қолданыстағы тәртіп пен заңдарды есепке алмағанда өз мақсаттарына жету тәсілін табу қажет болғанда сыбайлас жемқорлыққа ұшырайды.
  • Әшкерелену мүмкіндігі төмен болғанда. Есеп берушіліктің болмауы ең алдымен транспаренттіктің болмауының (мысалы, мемлекеттік шенеуніктер не істегендері, қалайша және неге істегендері туралы ақпарат бермейді, және өз әрекеттерін түсіндірмейді) нәтижесі, сонымен қатар әлсіз құқық қолдану қызметі (құқық тәртібінің органдары өз міндеттерін теріс пайдаланатын билігі бар адамдарды жауапкершілікке тартпайды).
  • Нашар мотивация. Мысалы, шенеуніктің табатыны өмір сүруге  жетпесе немесе ертеңгі күнге сенімі болмаса, ол өз табысын парамен толтырады.
  • Заңды сыйламау. Белгілі бір жағдайларда қарапайым адамдар заңсыз деп есептейтін үкімет заңдарын айналып өтуге тырысады. Кедейлік пен тауарлардың жетіспеушілігі (мысалы, дәрі-дәрмек) де адамдарды заңдарды сақтамауға итермелеуі мүмкін.

Сол себепті өзіңізге қажетті құнды нәрсеге қол жеткізу үшін (мысалы, телефон өткізу) шенеунікке пара бергіңіз келсе, пара беру мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықтың өсуіне әкелетіндігін естен шығармаған дұрыс.  

            Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетті басқару жүйесін арттырумен, яғни үкіметті қалыптастыру және оның қызметін басқару жүйесін жақсартумен тығыз байланысты.  

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика