Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

30.03.20 – 05.04.2020ж.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Интернет-викторина «Абай әлемі» (Әлеметтіе желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

30.03.2020

Әдеби викторина  «Сүйікті кейіпкерлеріңді біл»  ертегілер бойынша  nuralib.kz сайты)

31.03..2020

Онлайн-мәнерлеп оқу байқауының басталуы «Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Жеңістің 75 жылдығына арналған (nuralib.kz сайты, әлеуметтік желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

01.04.2020

Виртуалды кітап көрмесі «Читаем книги о войне» (nuralib.kz сайты)

02.04.2020

Челендж-эстафета «Отты жылдар жырлары» ҰОС –ның 75 – жылдығына арналған (АОК, АБК, ауылдық филиалдар) әлеуметтік .желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, менің әлемім, ВК)

03.04.2020

 


Авторландыру

Оқитын шенеунік

Қаралды (760)

Ақпараттық технологияларды енгізу кітапхана бейнесін қатты өзгертті. Бүгінде бұл қоғамдық өмір орталығы, жеке тұлға мен оның өзгеріп отыратын қажеттілігіне бейімделеді.
Мемлекеттік басқару органдары да өз қызметтерін зор ақпарат ауқымына сүйену арқылы құрады.  Мемлекеттік басқару органдарының тиімділігі - мемлекеттік қызметкердің ақпаратты қаншалықты игергендігіне тәуелді. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік, кәсіби және интеллектуалды қызметтеріне  ақпараттық-кітапханалық қолдау көрсету мақсатында, кітапханалар билік органдарының персоналының үздікісіз кәсіби даму орталығына айналып отыр. Осыған байланысты аз оқитын немесе мүлде оқымайтын мемлекеттік қызметкерлерді белсенді оқуға тарту қажеттілігі туындайды. 

Осылайша, осы санаттағы оқырмандарының ақпараттық және білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруда  мемлекеттік қызметкерлердің интеллектін, өзімдік танымын арттыру және олармен мемлекеттік басқарудың оңтайлы тәжірибесін кітап оқу арқылы игеруге көмектесу  Нұра кітапханалары жұмысының негізгі  бағыты болып  табылады.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика