Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы маусым -2020 жыл


2020 жылы мамырдың  01-нен – 07 не дейінгі аралықта өткізілетін іс-шаралар анонсы 

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету (Күн сайын)

 

«Тәуелсіздік рәміздері» кітап көрмесі. филалдар.

01.05.20

« Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі»  кітап көрмесі. АБК.

01.05.20

«Ел рәміздері – Елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» дискуссия. Көбетей ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Әлем балалық шақтан басталады» слайд-презентация. Қарой ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Бала - өмір шырағы» құттықтау пост. Изенді ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Рәміздерім – мақтанышым» бейнеролик. Жараспай ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-ақпарат. ОАК.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» виртуалды көрме. ОАК.

01.05.20

«1-Маусым –Балаларды қорғау күні»

Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Тарихтан туындаған рәміздер» кітап көрмесі. ОАК

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» патриоттық сабақ. Ақмешіт, Кертінді ауылдық кітапханалары.

01.05.20

«Кітаптар біз оқып, кейіпкерлерді тануды жақсы көреміз» викторинасы. Изенді ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш». Ақпарат-досье. Қайнар ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Бірлік рәміздері және ұлт мақтанышы» әңгіме. Егінді., Баршын кітапханалары.

01.05.20

«Наши гордые символы»  саяси сабақ. Заречный ауылдық кітапханасы.политический урок. Заречная сельская библиотека.

01.05.20

«Тарих аясындағы үш рәміз» патриот. сабағы  Байтуған ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Балалардың күлкісі- ғаламның әшекейі» атты фотоакцияны аяқтау, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бейнероликті жариялау. Заречный ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Остановись, мгновенье!» Балалар іс-шараларынан Фото вернисаж. Көбетей балалар кітапханасы

01.05.20

«Балалық шақ бақытты кезең» - Бейне-ролик. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

01.05.20

Дискуссия  «Мемлекеттік рәміздер – ел абыройы». Ақмешіт ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мен- өнерлі балдырған».Өлең, ән, би немесе басқа қандай да бір өнерін видеоға түсіру. Балабақша жасындағы бүлдіршіндер арасында байқау. Жараспай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» онлайн-презентация. Мынбаев ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Жараспай жас жеткіншек көзімен» сурет байқауы қорытындысы. Жарайпай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Әл-Фараби-өркениет философы» - бейнесалон . Байтуған ауылдық кітапханасы.

02.05.20

«Елдің басты рәміздері» басылымдар ( 3 ). Тассуат ауылдық кітапханасы

03.05.20

Облыстық патриоттық акция "Тарихтан туындаған рәміздер" ОАК және филиалдар.

04.05.20

«Бұл біздің Ту, бұл біздің Әнұран, бұл біздің Елтаңба» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Қазақ елінің рәміздері» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» ақпараттық танымдық сағат. Мынбаев, Көбетей, Кертінді және Баршын ауылдық кітапханалар.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» -онлайн-ақпарат. АБК.

04.05.20

«Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы». Викторина-сұрақтар. Қарой ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Рәміздер – ел беделі» онлайн-викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» - онлайн-кітап көрмесі, шолу. Мынбаев ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Еліміздің мақтанышы рәміздер» кітаптарға бейне-шолу. Ахметауылдық кітапхана.

04.05.20

«Автор золотого слова» (І.Есенберлиннің 105 жылдығына арналған) Тассуат ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Рәміздер біздің мақтанышымыз» бейнеслайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Читатели – книжек почитатели» - желілік эстафета.  Байтуған ауылдық кітапханасы.

04.05.20

Шәмші Қалдаяқов 90-жылдығы Ескендір Хасанғалиев 80-жылдығы «Тағдыры ұқсас таланттар» библиопост.  Изенді ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Табиғатты қорғағаның- өзіңді қорғағаның».Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Рәміздерім мақтанышым» сурет көрмесі. Баршын ауылдық кітапхана.

05.05.20

 


Авторландыру

Композиттік қызметті енгізу туралы

Қаралды (722)

2018 жылғы «11» қазан
Композиттік қызметті енгізу туралы

Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Енді, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.
Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. 
Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы  БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика