Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

30.03.20 – 05.04.2020ж.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Интернет-викторина «Абай әлемі» (Әлеметтіе желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

30.03.2020

Әдеби викторина  «Сүйікті кейіпкерлеріңді біл»  ертегілер бойынша  nuralib.kz сайты)

31.03..2020

Онлайн-мәнерлеп оқу байқауының басталуы «Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Жеңістің 75 жылдығына арналған (nuralib.kz сайты, әлеуметтік желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

01.04.2020

Виртуалды кітап көрмесі «Читаем книги о войне» (nuralib.kz сайты)

02.04.2020

Челендж-эстафета «Отты жылдар жырлары» ҰОС –ның 75 – жылдығына арналған (АОК, АБК, ауылдық филиалдар) әлеуметтік .желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, менің әлемім, ВК)

03.04.2020

 


Авторландыру

БЖЗҚ АҚ тұжырымы бойынша үздік эссе авторларының есімі аталды

Қаралды (532)

«БЖЗҚ» АҚ тұжырымы бойынша үздік эссе авторларының есімі аталды

Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздік эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты 

Еске саламыз, 2018 жылдың қыркүйегінде БЖЗҚ 12 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар арасында «Менің атам/менің әжем – белсенді зейнеткер» тақырыбы бойынша үздік эссе байқауын жариялаған болатын. Оған қатысушылар өз шығармаларында зейнетке шықса да белсенді өмір салтын ұстанатын ата-әжелері туралы Қормен сыр бөлісті. Осылайша қарттық шақтың да адам өмірінің белсенді әрі жемісті кезеңі екендігіне тағы да көз жеткіздік. Бұған жасөспірімдердің зор ықыласпен жазған жүрекжарды шығармалары куә.       
Жүздеген әсерлі де шынайы жұмыстардың ішінен үздік эссені таңдау қиын болды. Алайда қазылар алқасы қазақ және орыс тілдерінде 12 – 14 және 15 – 18 жас санаты бойынша әр топтан үш жеңімпазды анықтады. Қазылар алқасының құрамында БЖЗҚ мамандары, «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділдә, «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Әлімжан Акбаров, «Жыл он екі ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар.
Атап өту керек, еліміздің түкпір-түкпірінен келген хаттарды іріктеу жұмыстары: антиплагиат бойынша тексеру, мәтін мазмұнының шығарма тақырыбына сәйкестігі, шығармашылық тәсіл, сонымен қатар байқау шартын сақтау секілді бірнеше кезеңнен тұрды.     

Сонымен мына оқушылар жеңімпаз атанды:
12-14 жас (мемлекеттік тілде):
4. Темірбек Жүргенов атындағы (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы) №123-ші мектеп-лицейінің 7 «Ә» сыныбының оқушысы Ысқақ Ғалия;
5. Жітіқара қаласындағы (Қостанай облысы, Жітіқара ауданы) №1-ші мектептің 7 сынып оқушысы Янгильдина Алина;
6. Арал қаласындағы (Қызылорда облысы, Арал ауданы) Тарас Шевченко атындағы №13-ші мектептің 7 «А» сынып оқушысы Қаниева Маржан.

14-18 жас (мемлекеттік тілде):
4. Есбол ауылының (Атырау облысы, Индер ауданы) Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Меңдіқұлова Әйгерім;
5. Лисаковск қаласындағы (Қостанай облысы) №1-ші орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Гросс Александр;
6. Олжабай батыр ауылындағы (Ақмола облысы, Ерейментау ауданы) қазақ-орыс орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Герц Виктор.

12-14 жас (орыс тілінде):
4. Федосеевка ауылындағы (Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы) орта мектептің 7 сынып оқушысы Баранова Карина;
5. Қырық құдық ауылындағы (Ақмола облысы) орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ербол Аяжан;
6. Петровка ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) орта мектептің 6 сынып оқушысы Жингель Андрей.

14-18 жас (орыс тілінде):
4. Қадыр Мырзалиев атындағы (Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Толқынова Томирис;
5. Искра ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Писалева Софья;
6. Белов ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 10 сынып оқушысы Деянова Дарья.

Қазақ тілінде жеңімпаз атанғандардың эсселері балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінде, ал орыс тіліндегі жеңімпаздардың эсселері «Дружные ребята» республикалық газетінде жарияланады. Бұдан басқа, бірінші орын алған оқушылардың жұмыстары Қордың «PRO ЕНПФ» корпоративтік журналының 11 шығарылымында жарық көреді. Сондай-ақәрбір жас мөлшері мен тіл санаты тобындағы жеңімпаздар кітап дүкендеріне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:
1 орын үшін – 20 000 теңге:
2 орын үшін – 15 000 теңге:
3 орын үшін – 10 000 теңге.
Сонымен қатар байқау комиссиясы әрбір жас санаты бойынша 10 адамды ата мен әжеге деген мейірімге толы шынайы эсселері үшін құрмет грамоталарымен марапаттауды ұйғарды.
БЖЗҚ барлық қатысушыларды шығармашылық табыстарымен шын жүректен құттықтайды және қазылар алқасының барлық мүшесіне шексіз ризашылығын білдіреді.


«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика