Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы маусым -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

29.06.20 -  05.07.20

Наименование мероприятия

Дата

«Нұр-Сұлтан– жердің кіндігі,Нұр-Сұлтан - елдің бірлігі!» слайд-презентация. Қарой ауылдық кітапхана.

29.06.20

 

«Абай оқыған кітаптар» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

29.06.20

 

«Шығыстың көрнекті өкілі» атты Әбу Насыр әл-Фараби туғанына 1150 жыл толуына орай оқырман назарына өмір жолы жайлы библиопост. Баршын ауылдық кітапхана.

29.06.20

 

Слайд– ақпарат «2020-Қазақстандағы еріктілер жылы». Заречный ауылдық кітапханасы.

29.06.20

 

«Жазға кітаппен» әдеби квест. Байтуған ауылдық кітапханасы.

29.06.20

 

«Ерліктің жоғары бағасы» онлайн-сабақ.  Шахтер ауылдық кітапханасы.

29.06.20

 

«Отбасы-адам өміріндегі ең бастысы» фото-шолу .Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

29.06.20

 

«Елімнің тұңғыш президенті» буктрейлер. Қарой ауылдық кітапханасы

30.06.20

«Естен шығармасақ еді» онлайн ақпарат. Егінді ауылдық кітапханасы

30.06.20

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра». Домбыра күніне бейнебаян. Кертінді ауылдық кітапханасы

30.06.20

Қазақ жазушысы І.Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Тарихи тұлға» тақырыбында библиопост ұсынамыз. Баршын ауылдық кітапхана.

30.06.20

«Террор мен экстремизмнің құрбаны болмас үші» бейне-жадынама. Заречный ауылдық кітапханасы.

30.06.20

«Жаса, жайна Жараспай!» өлкетану бағыты бойынша кітап көрмесі. Жараспай ауылдық кітапханасы

01.07.20

«Бабалар сөзі – даналар көзі» ұлағатты сөздерге бейнеролик. Кертінді ауылдық балалар кітапханасы.

01.07.20

«Сүйікті кітаптарымызды оқиық» ұсынылатын тізім Изенді ауылдық кітапхана.

01.07.20

«Домбыра - бұл тұтас әлем» буктрейлер. ОАК.

01.07.20

«Шамші Қалдаяқов» Библиопост. Тассуат ауылдық кітапханасы

01.07.20

«Нұрсұлтан –Отанымыздың астанасы»  көрме-конкурс. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

02.07.20

 

 

«Нұр-Сұлтанға қош келдіңіздер!»

Презентация. Көбетей ауылдық балалар кітапханасы.

02.07.20

«Қазақтың ою-өрнектері». Ақпарат сағаты. ЦДБ АБК.

03.07.20

«Нұр-Сұлтан менің қалам» библиопост. Изенді ауылдық кітапханасы

03.07.20

«Мәңгілік Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан».  Викторина Ақмешіт ауылдық кітапханасы

03.07.20

«Асқақтай бер, астанам!»  Виртуалды кітап көрмесі. Жараспай ауылдық кітапханасы

03.07.20

«Астана туралы ой»

Библиопост.  Тассуат ауылдық кітапханасы.

03.07.20

 


Авторландыру

Айлық есептік көрсеткіш

Қаралды (701)

Ең төменгі жалақы көрсеткіші айлық есептік көрсеткішіне ауыстырылды

Нұра ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiн қолдану шартындағы ең төменгі жалақы көрсеткіштері айлық есептік көрсеткіштеріне (АЕК) ауыстырылды.
Осылайша, Салық кодексінің 683-баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:
• патент негізінде – айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;
• оңайлатылған декларация негізінде – айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;
• тіркелген шегерімді пайдаланумен – айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 687-баптың 2-тармағына сәйкес, егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы айлық есептік көрсеткіштің дара кәсiпкерлерде – кемiнде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 29 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салықтық кезең үшін есептелген салық сомасы жұмыскерлердiң орташа тiзiмдiк саны негiзге алына отырып, әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.
Ал, Салық кодексінің 694-баптың 3-тармағына сәйкес, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуға тиіс жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің есепті салықтық кезеңде есепке жазылған шығыстарының 1 еселенген мөлшеріне азайтуға құқығы бар және көзделген азайтуды салық төлеуші, егер осындай салық төлеуші жұмыскерлерінiң есепті салықтық кезең үшін орташа айлық жалақысы айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда жүргізуге құқылы.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика