Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы сәуір -2020 жыл


Іс-шаралар анонсы

30.03.20 – 05.04.2020ж.

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Интернет-викторина «Абай әлемі» (Әлеметтіе желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

30.03.2020

Әдеби викторина  «Сүйікті кейіпкерлеріңді біл»  ертегілер бойынша  nuralib.kz сайты)

31.03..2020

Онлайн-мәнерлеп оқу байқауының басталуы «Мен сіздерге соғыс туралы айтамын...» Жеңістің 75 жылдығына арналған (nuralib.kz сайты, әлеуметтік желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, мой мир, ВК)

01.04.2020

Виртуалды кітап көрмесі «Читаем книги о войне» (nuralib.kz сайты)

02.04.2020

Челендж-эстафета «Отты жылдар жырлары» ҰОС –ның 75 – жылдығына арналған (АОК, АБК, ауылдық филиалдар) әлеуметтік .желілер:фейсбук, инстаграм, ОК, менің әлемім, ВК)

03.04.2020

 


Авторландыру

«Электрондық үкімет» порталында салықтарды төлеу

Қаралды (414)

eGov.kz порталында барлық салықтар мен басқа міндетті төлемдерді авторизациясыз, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қоюсыз бюджетке төлеу жаңа қызметі іске қосылды.
eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» – «Салық салу» – «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырмасын басып, қызметке тапсырыс беруге болады.
Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем жасалғанын растайтын электронды чек беріледі.
Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизацияланып, заңды тұлғаның БСН деректерін толтыра отырып, заңды тұлға үшін салықтарда төлеу мүмкіндігіне ие болады және керісінше заңды тұлға жеке тұлғаның салықтарын төлей алады.
Осыған дейін «Электронды үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін салықтардың үш түрі: мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы бойынша төлеу мүмкіндігі болатын.
Бүгінгі күні порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлемдер жасауға мүмкіндік беріліп отыр:
- корпоративтік табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- әлеуметтік салық;
- заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлiгіне салынатын салықтар;
- жер салығы;
- заңды тұлғаның  көлiк құралдарына салынатын салық;
- бірыңғай жер салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы;
- экспортқа салынатын рента салығы;
- ойын бизнесіне салық;
- тіркелген салық;
- алымдар;
- төлемдер;
- кедендік төлемдер;
- басқа төлемдер және баждар.
Осыған ұқсас қызмет түрі 2018 жылдың соңына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында http://kgd.gov.kz/жүзеге асырылатын болады

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика