Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Салық берешегі бар жеке тұлғалар нені білуі керек?

Қаралды (329)

Белгіленген мерзімде салықты төлемеген жағдайда, жеке тұлғада бересі пайда болады, ол сомаға күнде өсімпұл есептеледі, бұл бересіні қосқанда салық төлеушінің жалпы берешегінің сомасын құрайды.
Еске сала кетейік, жеке тұлғалардың меншігіне салынатын салықтардың төлеу мерзімдері мынадай:
- мүлік және жер салықтары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей;
- көлік салығы бойынша есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.
Қандай жағдайларда банктер шот ашудан бас тартады?
Банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге (заңды тұлғаларға да, дара кәсіпкерлерге де, жеке тұлғаларға да) банктік шотты ашудан бас тарту міндетін қарастыратын Салық кодексінің ережесі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енгізілгеніне назар аударамыз.
Аталған норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарға таратылмайды.
Яғни, егер жеке тұлғада салықтық берешегі бола тұра, осы мақсаттарға банктік шот ашылатын болса, банктің оны ашудан бас тартуға құқығы жоқ.
Салық кодексінің ережелерімен салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаларға басқа банктік қызметтерді көрсетуден бас тарту қарастырылмаған.
Салық органдары қандай шаралар қолданады?
Жеке тұлғада салықтық берешек пайда болған жағдайда, салық органдары осындай салық төлеушіге жеке тұлғалардыңсалықтық берешегі туралы хабарлама жолдайды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ұсынысы бойынша салық органдарының талаптарының даусыздығын ескере келе, салық органының жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінуі алынып тасталған.
Осыған орай, егер берешек 1 АЕК (2019 жылы 2525 теңге) мөлшерінен асатын болса, хабарлама табыс етілген күнінен 30 жұмыс күн өткен соң салықтық берешекті төлемеген жағдайда салық органы салықтық бұйрық шығарады және оны орындау үшін сот орындаушыға жолдайды.
Бұдан кейін салықтық берешекті өндіріп алу шаралары сот орындаушымен Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының шеңберінде жүзеге асырылады.
Қандай жағдайда шетелге шығуына шектеу қойылуы мүмкін?
ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы атқарушылық құжаттың мазмұнында 20 АЕК-тен (50 500 теңгеден) астам сомадағы талаптарды борышкер орындамаған кезде сот орындаушысымен шығарылады.
Сот орындаушылармен Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығарылған борышкерлер тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында орналасады.
Салық төлеушілер салықты төлеу бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесінің болуы туралы хабардар болу мақсатында Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында және «Электронды үкімет» порталында іске асырылған салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегі бар/жоқ екендігі туралы актуалды мәліметтерді онлайн-режимінде алуға мүмкіндік беретін «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» электронды сервисі іске асырылған.
Осыған байланысты, демалысты жоспарлау алдында салықтық берешектің бар/жоқтығын тексеруге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы шығарылған қаулы жоқтығына көз жеткізуге кеңес береміз.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика