Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы маусым -2020 жыл


2020 жылы мамырдың  01-нен – 07 не дейінгі аралықта өткізілетін іс-шаралар анонсы 

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету (Күн сайын)

 

«Тәуелсіздік рәміздері» кітап көрмесі. филалдар.

01.05.20

« Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі»  кітап көрмесі. АБК.

01.05.20

«Ел рәміздері – Елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» дискуссия. Көбетей ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Әлем балалық шақтан басталады» слайд-презентация. Қарой ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Бала - өмір шырағы» құттықтау пост. Изенді ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Рәміздерім – мақтанышым» бейнеролик. Жараспай ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-ақпарат. ОАК.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» виртуалды көрме. ОАК.

01.05.20

«1-Маусым –Балаларды қорғау күні»

Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Тарихтан туындаған рәміздер» кітап көрмесі. ОАК

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» патриоттық сабақ. Ақмешіт, Кертінді ауылдық кітапханалары.

01.05.20

«Кітаптар біз оқып, кейіпкерлерді тануды жақсы көреміз» викторинасы. Изенді ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш». Ақпарат-досье. Қайнар ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Бірлік рәміздері және ұлт мақтанышы» әңгіме. Егінді., Баршын кітапханалары.

01.05.20

«Наши гордые символы»  саяси сабақ. Заречный ауылдық кітапханасы.политический урок. Заречная сельская библиотека.

01.05.20

«Тарих аясындағы үш рәміз» патриот. сабағы  Байтуған ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Балалардың күлкісі- ғаламның әшекейі» атты фотоакцияны аяқтау, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бейнероликті жариялау. Заречный ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Остановись, мгновенье!» Балалар іс-шараларынан Фото вернисаж. Көбетей балалар кітапханасы

01.05.20

«Балалық шақ бақытты кезең» - Бейне-ролик. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

01.05.20

Дискуссия  «Мемлекеттік рәміздер – ел абыройы». Ақмешіт ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мен- өнерлі балдырған».Өлең, ән, би немесе басқа қандай да бір өнерін видеоға түсіру. Балабақша жасындағы бүлдіршіндер арасында байқау. Жараспай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» онлайн-презентация. Мынбаев ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Жараспай жас жеткіншек көзімен» сурет байқауы қорытындысы. Жарайпай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Әл-Фараби-өркениет философы» - бейнесалон . Байтуған ауылдық кітапханасы.

02.05.20

«Елдің басты рәміздері» басылымдар ( 3 ). Тассуат ауылдық кітапханасы

03.05.20

Облыстық патриоттық акция "Тарихтан туындаған рәміздер" ОАК және филиалдар.

04.05.20

«Бұл біздің Ту, бұл біздің Әнұран, бұл біздің Елтаңба» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Қазақ елінің рәміздері» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» ақпараттық танымдық сағат. Мынбаев, Көбетей, Кертінді және Баршын ауылдық кітапханалар.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» -онлайн-ақпарат. АБК.

04.05.20

«Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы». Викторина-сұрақтар. Қарой ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Рәміздер – ел беделі» онлайн-викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» - онлайн-кітап көрмесі, шолу. Мынбаев ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Еліміздің мақтанышы рәміздер» кітаптарға бейне-шолу. Ахметауылдық кітапхана.

04.05.20

«Автор золотого слова» (І.Есенберлиннің 105 жылдығына арналған) Тассуат ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Рәміздер біздің мақтанышымыз» бейнеслайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Читатели – книжек почитатели» - желілік эстафета.  Байтуған ауылдық кітапханасы.

04.05.20

Шәмші Қалдаяқов 90-жылдығы Ескендір Хасанғалиев 80-жылдығы «Тағдыры ұқсас таланттар» библиопост.  Изенді ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Табиғатты қорғағаның- өзіңді қорғағаның».Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Рәміздерім мақтанышым» сурет көрмесі. Баршын ауылдық кітапхана.

05.05.20

 


Авторландыру

Алтын шақ

Қаралды (3195)

КЛУБ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Клуб ұраны: «Көңілі жастың – өмірі жас».

Кітап құмарлар мен зейнеткерлердің бос уақытын өткізуге арналған «Алтын шақ» клубы 2006 жылы құрылды. Клуб отырыстары оқырмандар мен клуб мүшелерінің дастархан басында өмір туралы, денсаулық пен болып жатқан келеңсіз жағдайлар жайында әңгімелесумен өтеді. Әр отырыста тақырып бойынша кітапхана қорындағы әдебиеттерге шолу жасалынады.
Мақсаты мен міндеттері:

  • Негізгі міндеті – жақсы қарым - қатынас, рухани қарым-қатынас құруға  жағдай жасау, әрдайым жақсы көңіл-күйде болу;
  • Клуб мүшелерінің ой өрісін кеңейту;
  • Салауатты өмір салтын жүргізу және оған жастарды тарту;
  • Ақпараттық орта;
  • Қолданбалы шығармалар көрмелерін ұйымдастыру;

Кітапхана жүргізетін іс-шараларға белсене қатысу;

«Бір шаңырақ астында» атты кездесу кеш Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Яғни түрлі этнострадың бір-біріне және қазақ халқына алғыс айту күні.
Осы орайда орталық кітапханада «Бір шаңырақ астында» атты кездесу кеш өткізілді. Кешке «Алтын жас» клубының мүшелері, зейнеткер жастағы кітапхана оқырмандары және №1-ші КОМ-нің жоғары сынып  оқушылары қатысты.
Кешті жүргізушілер Мустафина С. – оқырмандарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі және Исакова Б. Кешке қатысушыларға «ХІХ ғасырдың  90-шы жылдары қазақ жеріне ішкі Ресейден, Украинадан  көптеген шаруалар күштеп қоныстандырылып,ел өткен ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап Кеңес үкіметі көптеген ұлттар мен ұлыстарды түрлі себептермен ұлан-ғайыр қазақ жеріне жаппай көшірілгендігі жайлы, сондай-ақ, ежелден қонақжайлылығымен, бауырмалдығымен атағы шыққан қазақтар тағдыр талайымен қиын жағдайға тап болған халықтардың алғысына бөленгендігі жайлы,  сталиндік режимнің салқыны басылған соң жер аударылған халықтардың біразы өз отандарына оралды. Алайда, көпшілігі қазақ жерін жерсініп, халқымызға сіңісіп кетті» деп, әңгімелеп берді.
 Көптің ішінде Нұра ауданының алғашқы дәрігері, қазір де аудандық орталық емхананың аты берілген Мария Николаевна Масалина да болатын. Биыл  М.Масалинаның туғанына -125 жыл толып отыр. Кештің бірінші бөлімі атақты жерлесімізге аранлды.
 Кешке келген қонақтар жерлес дәргер жайлы көп естеліктерімен бөлісті.
Ал «Алтын жас» клубының мүшелері: Н.Г. Козодой, Р. Есенова, с. С. Тулякова, Б. Құрманова, М.Турарова  әр қайсысының отбасыларында қоныс аударғандарға мейіріммен қарап, бір нанады бөліп жегендері жайлы жүрек жарды әңгімелерін айтты.

«Әлемнің тірегі - әйелдің жүрегі»
Орталық кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Алтын жас» клуб мүшелерінің қатысуымен  «Әлемнің тірегі - әйелдің жүрегі» атты кездесу кеш өткізілді.
Кеш:   «Әйелдер мейрамы біздер үшін барлық мерекенің ішіндегі ең қымбаттысы. Барша  адамзат көктем күнімен күліп келетін 8 Наурыз мерекесін қуана қарсы алып, өз аналарына жүрек жарды сөздерін айтуға асығады. Бізде осы көрікті мереке қарсаңында сіздерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз» - деген, ОКЖ директорының құттықтау сөзімен басталды. 
 Ал кітапхана қызметкерлері кешке қатысушыларды 8 Наурыз мерекесінің шығу тарихымен таныстыра отырып, ұлы дала әйедері жайында әңгіме өрбітті.
Әңгіме барысында жүргізушілер дала әйелдерінің басқа шығыс халықтары әйелдерінен үлкен еркіндік пен бостандық арқылы ерекшеленетіндігін айтты. Олардың халық өміріне қатысты түбегейлі шешім қабылданған жағдайлары да бар болғандығы туралы мәлімдеді.  
Дала әйелдердің  құрбы-серік, хан кеңесшісі, ру билеуші, әйел-шешен және әйел-сардар сияқты типтерін тудырғандығы жайында сөз қозғады.
 Әңгімеден жақсы әсер алған қонақтар, «Ұлы даланың ұлы қыздары» атты интеллектуалды ойынға қатысып, белсенділік көрсетті.
 Кеш барысында әжелерге тосын сый жасалды. Оларды құттықтауға немерелері келіп, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Сондай-ақ, көптеген сайыстық бағдарламалардың жеңімпазы Амангелді Шахарбаев әйелдерге арнап музыкалық сәлемдеме жолдады.
Ал клуб мүшелері дастархан басында өлең айтып, әңгімелесіп, жақсы күйде тарқасты.

« Наурыз мерекесі – кітапханада»
Наурыз айы тамаша мерекелерге бай, оның ішінде ең бастысы Наурыз мейрамы. Шығыс күнтізбесі бойынша осы күндерден табиғаттың оянуы басталады, ол өзімен бірге көптен күткен жылу, мейірім және көктемді әкеледі. Бұл мереке әрбір елді мекенде, мекемеде ерекше қарқынмен, шаттықпен, берекелі дастархан жасаумен аталып өтіледі.
 Орталық  аудандық кітапхана да бұдан сыртта қалған жоқ, қызметкерлер жеребе тарту арқылы төрт мәдени орталықты таңдап алып, қызу дайындыққа кірісіп кетті. Ғаламтор жүйесін пайдалану арқылы әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, тұрмысы, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары туралы ақпараттар тез табылды. 20 наурызда кітапхана есігі Науырз мерекесін қарсы алуға келген оқырмандар үшін айқара ашық болды. Қонақтар арасында  еңбек ардагерлері, зейнеткерлер болды, «Алтын жас»  қызығушылық  клубының мүшелері келді.    Жарқын безендірілген оқырман залының бір жағында басы болып әділ қазылар алқасы мен қонақтар жайғасса, екінші жағына берекелі дастархан басына, Қазақстанды құтты мекен еткен әртүрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киген қатысуышлар жайғасты. Кітапхана директоры Л.А. Кумпанның құттықтау сөздерінен кейін, жүргізушілер әр халықтың өкілдерінің  сәлемдесу сөздеріне кезек берді. Қазақ, орыс, өзбек, украин  мәдени орталықтары бәрін көктем мерекесімен құттықтап, өз орталықтарымен таныстырды.
Музыкалық сәлемдеме барысында, басқа әріптестер үшін күтпеген жерден қызметтестердің жарқын таланттары ашылды.  Наурыз туралы әсем әнді қазақ орталығынан Зәуреш Жүпенова орындады. Келесі кезек орыс күлдіргі өлеңдеріне  (частушки) берілді. Ән айтылу барысында Дильфуза Бейсенова аккордеонның сүйемелдеуімен орыс би қимылдарын көрсетті.   Атақты «Ты ж менэ пидманула»  украин әнін Динара Халинева орындады.  Олардан өзбек орталығы да кем қалмады. Анар Жұмабек пен Аида Садығұлова өзбек биін биледі.
Таңдап алынған орталықтардың салт-дәстүрлерінің озық үлгісін көрсету -  байқаудың үшінші талабы болатын. Қазақ орталығы «Тұсау кесер» дәстүрін көрсетсе, өзбектер қонақтардың көңілінен шыққан  «Келин салом» (келіннің сәлем беруі) өзбек рәсімін көрсетті.        
 Ұлттық тағамдармен таныстыру да қызықты өтті. Бұл байқаудың талабына сай кем дегенде бір ұлттық тағам дайындау болатын. Бірақ дастархандағы тағамдардың көптігі сонша, әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды таба алмай қиналды. Қатысушылардың іс-шараға жауапкершілікпен қарап, белсенді дайындалғаны сезіліп тұрды. Әділ қазылар алқасы қызу талқылаудан кейін, бірауыздан «халықтар арасындағы  достық» үшін деп, жоғары деңгейдегі дайындықты бағалап, ортақ сыйлық тапсырды. Сыйлықты кітапхана директоры Лидия Арсентьевна Кумпан сыйлады. Қатысушыларды осындай іс-шараларды ұйымдастырып отыруға шақырса, қонақтарды шәй басында соны тамашалауға шақырды. Мұндай отырыстар қарым-қатынасты дамыта түсетіндігіне сенімділігін білдірді. 
Қонақтар көңілді, ризашылықпен үйді-үйге тарасты.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика