Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы маусым -2020 жыл


2020 жылы мамырдың  01-нен – 07 не дейінгі аралықта өткізілетін іс-шаралар анонсы 

Көпшілік жұмыс

Уақыты

Онлайн-өтінімдер бойынша оқырмандарға қызмет көрсету (Күн сайын)

 

«Тәуелсіздік рәміздері» кітап көрмесі. филалдар.

01.05.20

« Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі»  кітап көрмесі. АБК.

01.05.20

«Ел рәміздері – Елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» дискуссия. Көбетей ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Әлем балалық шақтан басталады» слайд-презентация. Қарой ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Бала - өмір шырағы» құттықтау пост. Изенді ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Рәміздерім – мақтанышым» бейнеролик. Жараспай ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-ақпарат. ОАК.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» виртуалды көрме. ОАК.

01.05.20

«1-Маусым –Балаларды қорғау күні»

Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

01.05.20

«Тарихтан туындаған рәміздер» кітап көрмесі. ОАК

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» патриоттық сабақ. Ақмешіт, Кертінді ауылдық кітапханалары.

01.05.20

«Кітаптар біз оқып, кейіпкерлерді тануды жақсы көреміз» викторинасы. Изенді ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш». Ақпарат-досье. Қайнар ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Бірлік рәміздері және ұлт мақтанышы» әңгіме. Егінді., Баршын кітапханалары.

01.05.20

«Наши гордые символы»  саяси сабақ. Заречный ауылдық кітапханасы.политический урок. Заречная сельская библиотека.

01.05.20

«Тарих аясындағы үш рәміз» патриот. сабағы  Байтуған ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Балалардың күлкісі- ғаламның әшекейі» атты фотоакцияны аяқтау, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бейнероликті жариялау. Заречный ауылдық кітапханасы.

01.05.20

«Остановись, мгновенье!» Балалар іс-шараларынан Фото вернисаж. Көбетей балалар кітапханасы

01.05.20

«Балалық шақ бақытты кезең» - Бейне-ролик. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

01.05.20

Дискуссия  «Мемлекеттік рәміздер – ел абыройы». Ақмешіт ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мен- өнерлі балдырған».Өлең, ән, би немесе басқа қандай да бір өнерін видеоға түсіру. Балабақша жасындағы бүлдіршіндер арасында байқау. Жараспай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» онлайн-презентация. Мынбаев ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Жараспай жас жеткіншек көзімен» сурет байқауы қорытындысы. Жарайпай ауылдық кітапхана.

02.05.20

«Әл-Фараби-өркениет философы» - бейнесалон . Байтуған ауылдық кітапханасы.

02.05.20

«Елдің басты рәміздері» басылымдар ( 3 ). Тассуат ауылдық кітапханасы

03.05.20

Облыстық патриоттық акция "Тарихтан туындаған рәміздер" ОАК және филиалдар.

04.05.20

«Бұл біздің Ту, бұл біздің Әнұран, бұл біздің Елтаңба» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Қазақ елінің рәміздері» библиопост. Изенді ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» ақпараттық танымдық сағат. Мынбаев, Көбетей, Кертінді және Баршын ауылдық кітапханалар.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» -онлайн-ақпарат. АБК.

04.05.20

«Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы». Викторина-сұрақтар. Қарой ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Рәміздер – ел беделі» онлайн-викторина. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» - онлайн-кітап көрмесі, шолу. Мынбаев ауылдық кітапхана.

04.05.20

«Еліміздің мақтанышы рәміздер» кітаптарға бейне-шолу. Ахметауылдық кітапхана.

04.05.20

«Автор золотого слова» (І.Есенберлиннің 105 жылдығына арналған) Тассуат ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Рәміздер біздің мақтанышымыз» бейнеслайд. Заречный ауылдық кітапханасы.

04.05.20

«Читатели – книжек почитатели» - желілік эстафета.  Байтуған ауылдық кітапханасы.

04.05.20

Шәмші Қалдаяқов 90-жылдығы Ескендір Хасанғалиев 80-жылдығы «Тағдыры ұқсас таланттар» библиопост.  Изенді ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Табиғатты қорғағаның- өзіңді қорғағаның».Онлайн-ақпарат. Мынбаев ауылдық кітапхана.

05.05.20

«Рәміздерім мақтанышым» сурет көрмесі. Баршын ауылдық кітапхана.

05.05.20

 


Авторландыру

Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды пайдалану ережесі

Қаралды (5125)


1. Жалпы ережелер.
1.1 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің (Нұра ОКЖ кітапханаларды пайдалану ережесі ҚР Конституциясы мен ҚР «Мәдениет туралы», «Авторлық және зияткерлік құқық туралы» Заңдарына, Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Ережесіне, ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің кітапханалар жүйесін пайдалану Ережелеріне сәйкес құрастырылған.
1.2. Нұра ОКЖ кітапханалары өз құқықтарындағы қор мен ақпарат құралдарын бұхаралық пайдалануды ұйымдастырады.
1.3. Нұра ОКЖ қорлары ҚР мемлекеттік меншігі болып саналады және мемлекеттің
қорғауында.
1.4. Нұра ОКЖ ҚР азаматтарын экономикалық, әлеуметтік және рухани байыту мақсатымен ақпараттық құралдарды және кітапхана қорын нәтижелі пайдалануды қамтамасыз ету.
1.5. Нұра ОКЖ кітапханалары - жалпы пайдалануға мүмкіндік тудырады. Кітапханалардың қызметі мен қорды пайдалану құқы (олардың үлгілеріне тәуелді) беріледі:
- балалар кітапханасы мен балаларға қызмет көрсететін бөлімдерде 5 жастан;
- үлкендер мен жасөспірімдерге 15 жастан 24 жасқа дейін.
Негізгі қызмет түрлері, олардың әр топтағы пайдаланушыларға көрсетілетін ақпарат осы Ережемен және Нұра ОКЖ Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
1.6. Кітапхананы пайдалану тегін. Кейбір қызмет түрлері және қосымша түрлері, оның төлемақысы 2007ж. 04.04.-дегі ҚР Үкіметінің «Мәдениет саласында мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметін бекіту туралы» Қаулысы негізінде құрастырылған 2009 ж. «Нұра ОКЖ ақылы қызметі туралы Ережесінде» бекітілген тәртіпке сәйкес анықталады.

2. ОКЖ кітапханаларын пайдаланушылардың құқығы мен
міндеттері.

2.1 Пайдаланушылар кітапхананы мекен-жайы, оқу, жұмыс және демалу орындары бойынша пайдалана алады.
2.2 Уақытша пайдалануға Нұра ОКЖ-ның барлық бөлімшелерінен баспа өнімдерін, ақпаратты электронды құрал түрлерін алуына болады.
2.3 Электронды құжаттарды және басқа түрде өзге кітапханалардан (пайдаланушының есебінен) ақпарат алып беру.
2.4 Жұмыста авторлық құқықты сақтай отырып электронды деректер базасынан, Нұра ОКЖ каталогтары мен картотекалардан, монитордан тікелей оқу арқылы толықмәтінді құжаттарды пайдалануға, рұқсат бойынша құжатты принтерге басып алуға болады.
2.5 Нұра ОКЖ кітапханалары ұсынатын ақпаратты-библиографиялық және ақпаратты қызмет, басқа қызмет түрлерін пайдалануға болады.
2.6 Нұра ауданының кітапханаларында өткізілетін арналған шараларға қатысады. Оқырмандарға қызмет көрсететін кітапханада белгілі бір құжат не басылымның бар, жоғы туралы ақпарат алады.
2.7 Абонементте үйге баспа өнімдері мен басқа құжаттарды уақытша беру мерзімдері:
- 5 данаға дейін 30 күн (ересек оқырмандар);
- 5 данаға дейін 15 күн (балалар кітапханасы).
2.8 Үйге алған әдебиеттерді ұзарту мерзімі:
2.9 15 пен 24 жас арасындағы жасөспірімдерге ересектерге арналған кітапхананың жөсөспірімдерге кітап беру кафедрасы қызмет көрсетеді.
- 15 күнге, 2 рет, егер басқа оқырмандардан сұраныс болмаса (ересек оқырмандар);
- 2 рет, егер басқа оқырмандардан сұраныс болмаса (балалар кітапханасы).
2.10 Мектеп жамына дейінгі балалар мен 1-9 сынып арасындағы оқушыларға балалар кітапханасында қызмет көрсетіледі.
2.11 Балалар оқуының жетекшілері: мұғалімдер, тәрбиешілер, мектепте сыртай жұмыс істейтін қызметкерлер, сонымен қатар ата-аналар өз талаптарына сәйкес әдебиетті пайдалану үшін балалар және ересектер кітапханасынан ала алады.
Кітапханаларда отбасылық абонемент ашылуы мүмкін.
2.12 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, еңбек ардагерлері «үйдегі абонемент» қызметін пайдалануға құқылы.
2.13 Қосымша қызмет көрсету барысында (ЖК жұмыс істеу, ксерокөшірме, құжаттарды сканерден өткізу және т.б.) төлемақы «Нұра ОКЖ ақылы қызметі туралы Ереже» негізінде жүргізіледі..

3.Пайдаланушылардың міндеттері:

2.10 Баспа өнімдеріне, электронды және басқа кітапхана құжаттарына ұқыптылықпен қарау қажет, беттерін қайруға, белгі салуға, оқырман залынан алынған әдебиетті алып шығуға болмайды.
2.11 Абонементтегі кітап қоры мен ашық қордағы кітаптардың орналасқан орнын бұзбау керек.
2.12 Баспа өнімдері мен басқа құжаттарды алғанда, пайдаланушы оны қарап шығуға міндетті, бір кемістік табылған жағдайда кітапханашыны хабардар етеді.
2.13 Кітапхана мүлкіне, компьютерлі құралдарға ұқыптылықпен қарауға міндетті.
2.14 Компьютерлі бағдарламаларда бұзылу болса – маман мен кітапханашыға айту керек.
2.15 Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау.

4.Электронды құралдар. Ақпаратты көшіру.

2.16 Нұра ОКЖ пайдаланушылар – толықмәтінді электронды базалар деректерін, міндетті түрде «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңына сәйкес пайдалану құқығы беріледі.
2.17 Электронды құжатты пайдаланушыға сұрау, көру жәнен таңдау құқығы беріледі.
2.18 Құжаттарды, мақалаларды, ақпаратты кітапхана қорының бір бөлігі болып табылатын басқа құралдардан көшіру, әрекеттегі авторлық құқық туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Рұқсат етіледі:
- Кез келген тасымалды ақпарат сақтаушылар (дискет, флеш-порт,CD, DVD, цифрлы камералар және т.б.) оқуға қажетті көлемде, құжаттың 1/3 артық емес көшірме жасалады.
- Кез келген тасымалды ақпарат сақтаушыға көшірме жасау жоғарыда көрсетілген жағдайда библиограф пен оқырман залының кітапханашысының компьютерінен ғана жасалады.
- Принтерде басып шығару, ақпаратты көшіру библиографтың және оқырман залының кітапханашысының рұқсатымен авторлық құқықты бұзбайтын көлемде, бір дана және құжаттың 1/3 бөлігін басып шығарылады.
- Ақпаратты толық көшіру автормен өзі келіскен жағдайда жүргізіледі.

5.Басқа ережелер.

5.1. Кітапхананы пайдаланушыларға тұрған мекен-жайын растайтын құжатын көрсеткенде қызмет көрсетіледі:
-төлқұжат, жеке куәлік, ҚР азматтарды туркеу кітабы, әскери билет (әскери қызметкерлер) – кітапханананы пайдаланушыларды куәландыратын құжаттар.
- өздері қамқоршылығын көріп отырған ата-аналар мен қамқоршылар кепілдігі – 5-тен 16-қа дейінгі оқырман балалар үшін.
5.2. Қайта тіркеу кезінде, оқырмандар мекен-жайын анықтайтын жеке куәлігін көрсетеді. Оқырмандарға өз отбасынан басқа біреу үшін кітап тапсыруға, алуға рұқсат етілмейді.
5.3. Нұра ОКЖ кітапханаларының оқырман залынан баспа өнімдері мен құжаттар үйге берілмейді.
5.4. ҚР Азаматтық кодексі мен «Мәдениет туралы» заңына сәйкес Нұра ОКЖ кітапханалары қорынан баспа өнімдерін не басқа құжаттарды жоғалтқан, не зиян келтірген азаматтар, мекемелер мен ұжымдар міндетті: оларды тура сондай әдебиет не құжатпен алмастыруға, не мазмұны тең келетін әдебиетпен алмастырылады. Алмастыру мүмкін емес жағдайда пайдаланушы жоғалған әдебиеттің не құжаттың он есе құнын ҚР «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес қайтаруға міндетті.
5.5.Электронды тасымалдаушылармен жұмыс істеу барысында: құқықты бұзатын мобильді байланысты, лицензиялық құжаттарды пайдалануға болмайды.

6. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері.
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі:
6.1. Құқықтары:
6.1.1. Өздігімен Жарғыда көрсетілгендей, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес қызметтің мазмұны мен түрлерін анықтайды.
6.1.2. Барлық құрылыстық бөлімшелердің кіатпхананы пайдалану Ережесін құрастыру.
6.1.3. Кітапхананы пайдаланушылардың келтірген зиянының орнын толтыру үшін шаралар қолданады.
6.1.4. Нұра ОКЖ кітапхана қорынан баспа өнімдері мен басқа ақпараттық құжаттар беру шарттарын анықтау.
6.1.5. Үйге пайдалануға 1 дана анықтамалық, сирек және құнды, сонымен қатар уақытша пайдалануға берілген Нұра ОКЖ құрылымдарынан алынған басылымдар берілмесін. Бұл басылымдар тек оқырман залында пайдалануға беріледі.
6.1.6. Оқырман залында бір мезгілде 5 дана басылымды пайдалануға беруге болмайды.
6.1.7. Абонементке қарыздар оқырманға оқырман залында қызмет көрсетілмейді.
6.1.8. Өздігімен, экономикалық есеп пен шығын негізінде ақылы қызметтің бағасын анықтайды (ксерокөшірме, компьютерде жұмыс істеу, өтем, және т.б.).

6.2. Кітапханалар міндетті.

6.2.1. Нұра ОКЖ Ережесіне және осы кітапхананы пайдалану Ережелеріне сәйкес, кітапханалар пайдаланушыларға кез-келген ақпаратты алуға рұқсат береді, әдебиетті таңдауда көмек көрсетеді, құжаттармен жұмыс жасағанда кеңес береді, ақпараттық-библиографиялық аппаратпен және қатты электронды ақпарат тасушылармен таныстырады.
6.2.2. Әр пайдаланушыға және оқырманға абонемент пен оқырман залында толық, жан-жақты қызмет көрсетеді.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика