Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

2014 жыл

Қаралды (1956)

«Бір ел – бір кітап» – 2014 акциясы.

 
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы еліміздің халқы арасында танымал және оқырмандар ұсынылған шығармаларды сүйсіне оқиды, авторлардың өмірбаяндары мен шығармашылық жолдарын оқып біледі және барлық ел оқитын, зерттейтін, талқылайтын Ұйымдастыру комитетінің қазақ әдебиетінің жаңа туындысы туралы шешімін асығыстықпен күткен. Акция 2007 жылдан бастап ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауындағы Ұлттық академиялық кітапхана мен ҚР Кітапханалық ассоциациясының бастамасымен жүргізілуде.
Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын оқып білуде зерттеу қызығушылығын дамыту, соған қоса өсіп келе жатқан ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына жағдай жасау.
 

   «Бір ел  – бір кітап» - 2014 -  Жыл кітабы С. Мұратбеков «Запах полыни и «Басында Үшқараның»
   
         Сайын Мұратбеков – 20 ғасырдың атақты жазушысы, Мемлекеттік сыйлық иегері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері, «Тарлан» сыйлығының иегері. Тамаша сөз шебері Алматы облысы Қапал ауданында дүниеге келген. Оның алғашқы әңгімелер жинағы «Менің қарындасым» атауымен 1961 жылы шыққан. Жазушы «Қазақфильм» киностудиясында, «Жұлдыз» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында  жұмыс істеген.  Сол уақытта оның жаңа кітаптары жарыққа шыққан: «Отау үй»,  «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін», «У теплого родника». Сыншылардың пікірінше, оның шығармаларынан оқырманды өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, шыңдық пен өтірік мәңгі сұрақтарының терең тұңғиығына батыратын өмірлік даналықты алуға болады. Автор болмыс пен ғибрат мәселелерін өткір және бір мағынада емес қарастырған. Сайын Мұратбеков жазған әрбір туынды кеңестік қазақ әдебиеті мен драматургиясында қоғамдық оқиғаға айналып отырған. Бар әлемде түрлі тілдерге аударылған оның шығармалары қазақ әдебиетінде құрметті орынға ие.  "Горький запах полыни" повесі соғыс уақыты тақырыбына арналған, біз бас кейіпкер жетім Аянмен бірге өмір таспасын артқа айналдырып, 1942 жылдың ауыр кезеңдеріне шомғандай боламыз.  «Басында Үшқараның» повесінің арқауы – адамгершілік мәселелері. Ол оқырмандарға жақсыны жаманнан айыруға, әсемдікті байқауға, әр адамның жасаған әрекетіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Бұл кітаптардың кеңінен оқылғанын қалар едік, себебі олар ескіріп, мағынасын жоғалтпайды, Сайын Мұратбековтың жазушылық дарынын ашуға жұмсаған тақырыптар әрдайым өзекті болады.
АОК, ауылдық кітапханалар ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарын кітап көрмелері мен ашық қарауларда ұсынылған кітаптармен танысуға, библиографиялық шолулар мен әдеби пікірталастарға, кештерге, оқырмандық үйірмелерге және т.б. Сайын Мұратбековтың шығармалары бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясына орай өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады
Толығырақ:
- ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы порталында:
«Бір ел – бір кітап» - 2014 акциясы.
- karlib.kz сайтында – Бір ел – бір кітап

 Біз сіздерден оқылғаннан пікірлер мен әсерлеріңізді күтеміз!

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика