Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы наурыз -2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Кездесу кеш «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

28.02. - 01.03.2020

Слайд-презентация  «Бейнелеу өнеріндегі кітап оқитын нәзік жандылар»  (8-наурыз)

05.03.2020

Әдеби дастарқан «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» (22-наурыз)

18.03.2020

Поэзия кеші «Алаштың арқалы ақыны» 

(С.Ақсүңқарұлының 70 жасқа толуына орай)

27.03.2020

Талқылауы «Еріктілік - бұл жан жылуы»  (Еріктілер жылы аясында)

Бір ай ішінде

Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз?»

-//-

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»

26.03.2020 – 01.03.2020

Кітап көрмесі «Ұлыстың ұлы күні»

16.03.2020

Кітап көрмесі «Алаштың арқалы ақыны» 

(С.Ақсүңқарұлының 70 жасқа толуына орай)

24.03.2020

 


Авторландыру

2015 жыл

Қаралды (1644)

«Бір ел – бір кітап» - 2015 акциясы


Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы еліміздің оқырмандарындарына танымал, олар ұсынылған шығармаларды сүйсіне оқиды, авторлардың өмірбаяндары мен шығармашылық жолдарын оқып біледі және барлық ел оқитын, зерттейтін, талқылайтын Ұйымдастыру комитетінің қазақ әдебиетінің жаңа туындысы туралы шешімін асығыстықпен күткен. Акция 2007 жылдан бастап ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауындағы Ұлттық академиялық кітапхана мен ҚР Кітапханалық ассоциациясының бастамасымен жүргізілуде.
Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын оқып білуде зерттеу қызығушылығын дамыту, соған қоса өсіп келе жатқан ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына жағдай жасау.
2015 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясының бастауын жариялады. 2015 жылғы жалпыға оқуға ұсынылған бас кітап – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-трилогиясы болды.
Осы жылы атақты тарихи шығармалардың авторы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл және Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл тойланбақшы. «Алмас қылыш», «Көшпенділер», «Алтын Орда» - міне осылар оның тарихи шығармаларының толық емес тізімі. Ілияс Есенберлин Целиноград облысының Атбасар қаласында туған. Жас шағында металлург болуды армандаған. Оның арманы орындалған. Ол 1940 жылы Қазақ тау-кен-металлургиялық институтты бітірген, бірақ соғыс басталып ол майданға аттанып кеткен. Соғыста жүрген кезінде жаза бастаған. 1945 жылдан бастап оның шағын өлеңдер мен поэма жинақтары жарыққа шыға бастаған. Оның музыкаға аударылған көптеген өлеңдері радио мен эстрададан тыңдалған. Жаңа бастап жүрген жазушы өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін драматургияда да пайдаланған. 10 жыл ішінде 8 роман басып шығарған. Бұл автордың жазушылық дарынын жоғары екендігін   дәлелдейді.
АОК, ауылдық кітапханалар ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарын кітап көрмелері мен ашық қарауларда ұсынылған кітаптармен танысуға, библиографиялық шолулар мен әдеби пікірталастарға, кештерге, оқырмандық үйірмелерге және т.б. Ілияс Есенберлиннің шығармалары бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясына орай өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика