Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

2017 жыл

Қаралды (1042)

Осы акция Қазақстанда 2007 жылдан бастап - 10 жыл бойы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының және ҚР Кітапханалық қауымдастығының арқасында өтуде. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қазақстандық авторларды оқуға қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге тарту, жас ұрпақты интеллектуалды-рухани дамыту.


       2017 жылы Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қазылар алқасының шешімі бойынша жалпыға бірдей оқылатын басты кітап - ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әйгілі ақыны, жазушы-классигі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары болды.

 

 

               Қараңғы қазақ көгіне,
               Өрмелеп шығып, күн болам!..
               Мұздаған елдің жүрегін
               Жылытуға мен кірермін! —

әлеуметтік әділдіктің албырт қорғаушысы және халық ағартушысы Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірдің мәні, өзінің ақындық жастығындағы асқақ арманы туралы осылайша айтқан.
       Ақын-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы Көкшетау облысының Қызылтау ауданында мал өсірушінің отбасында дүниеге келген. 13 жасында әдеби шығармашылықпен айналысқан, қазақ ауыз әдебиетінің білгірі ауыл молдасының оқушысы болған. Тәлімгерінен өнеге алған Сұлтанмахмұт өлеңдер мен әңгімелер жаза бастаған. Оқуын жалғастырғысы келген С.Торайғыров 1912 жылы Троицкидегі медресеге оқуға түсіп, ғылым қуған, орыс тілін үйреніп ­ Лермонтов, Пушкин, Крыловтарды оқыған, бірақ ауруға шалдыққандықтан бір жыл да оқымай оқуын тастаған. 1913 жылы Троицк маңындағы бір ауылда бала оқытады, күзде Троицкіге қайтып алғаш ақын және публицист ретінде көзге түскен «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасады. Журналдың көмегімен С.Торайғыров шығармашылығын оқырмандардың кең қауымына көрсеткен, өз икеміне сеніп, болашағын поэзиямен байланыстыруға бел буған.  Оның алғашқы очерктері де осы журналда басылып шыққан. Торайғыровтың шығармалары жеке кітап болып кеңес уақытында басылған.
      С. Торайғыровтың лирикасын азаматтық қоғамдық тақырыпқа ұмтылыс, адамдармен өңделген білім негізінде өмірдің жаңаруы  ерекшелендіреді. «Шәкірт ойы», «Мен жастарға сенемін», «Оқудағы мақсат не?» өлеңдерінде қазақ жастарын мәдениет биігі мен білімді бағындыдыруға шақырады. 
     Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бостандық таңы атты, әрбір халық өз бетінше өмір сүріп, өз мемлекетін құра алды. Сұлтанмахмұт Шідерті ревкомының төрағасы болды, бірақ сол уақыттың өзінде алашордалықтармен байланысты болып, олардың «Сары-Арқа» газетінде мақалаларын жариялап отырған. «Алаш» көшбасшыларының идеяларын өз өлеңдеріне қосқан.
     Ақын 1920 жылы бар болғаны 27 жасында ауырып қайтыс болған, бірақ өзінің өмір сүрген қысқа мерзімінде көптеген мәнді шығармалар жазып, ұлттық мәдениеттің тарихында сыйлы орынға ие болған.

      Біздің оқырмандар жалпыға бірдей оқуға және талқылауға ұсынылған шығармаларды рахаттана оқиды. Аудандық орталық кітапхана, филиал кітапханалар аудан тұрғындары мен қонақтарын ашық көрім мен кітап көрмелерінде ұсынылған әдебиеттермен танысуға, Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясына арналып өткізілетін библиографиялық шолуларға, әдеби кештерге, тұсау кесерлерге және басқа да іс-шараларға қатысуға шақырады.


Қазақстан электронды кітапханасының порталы Сіздерге онлайн режимінде автордың цифрланған шығармаларын оқуға ұсынады:

  • Өлеңдері мен поэмалары: қаз.ауд. / Торайғыров, Сұлтанмахмұт, - Алма-Ата :Көркем. әд., 1989 . - 256 б., портр., ил. . - – 5-605-00167-1(ауд.) http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1107474

 

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров / ақпарат төменгі басылымнан алынып аударылған: З. А. Библиогр. в подстроч. примеч. // Избранное / Торайгыров С. - Алматы: Көркем. әд. Қаз. мем. баспа-ы., 1958 ж. - С. 5-14

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1531191

   nuralib.kz сайтынан оқығандарыңыздан пікірлер мен әсерлеріңізді күтеміз!  
Біздің оқырманымыз болып, өміріңізді қызықты етіңіз!

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика