Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

2018 жыл

Қаралды (904)

Құрметті пайдаланушылар!

 

         Қазақстанда осымен он екінші рет «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы басталды. Алғаш рет бүкілхалықтық оқуға 2018 жылы үш кітап таңдалды:

- Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» («Три истины»)

- Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» («Наша семья»)

- Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» («Не хочу терять надежду»)

      Мүлдем әр түрлі кітаптар, оларды біріктіретін нәрсе – авторлардың қиын тағдыры, олардың өмірдегі қиындықтарды жеңе білуі. Авторлар кітапты жазуда өздерінің естеліктерін, өмірлеріндегі шынайы оқиғаларын негізге алған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы – философ, ойшыл, тарихшы, ақын, Абай мұрасын рухани қабылдаушы. Шәкәрімнің шығармашылық, рухани әлемінен оның ешқандай ерекше білімі болмаса да, ол дала қазағы екенін түсінеміз. Шәкәрім «Үш анық» трактатын 30 жыл жазды. Ол «Үш анықты» жазбас бұрын көп дайындық жолынан өткен. Шығыс пен Батыс рухани қазынасының молын қолданған, сол арқылы көптеген еңбектермен танысу мүмкіндігін алған. Шығармада әлем мен адамды түсінуге арналған үш тәсіл ұсынылған: материализм, теология және ұждан. Философ тұрмыстың мәні әрбір адамның жанында өмір сүреді деген түсінікке тоқтаған. Бұл қарапайымдылық, мейірім мен ұятты біріктіретін – ұждан. Дәл осы қасиет – адам жанының ең бірінші қажеттілігі.

 

 

 

 

Бауыржан Момышұлын әрбір қазақстандық біледі. Кеңес Одағының батыры, жазушы, біртума тұлға. Автордың кітаптары патриоттыққа арналған. Олар мемлекет тарихындағы соғыс жанрының алғашқы әдеби шығармалары болды. Оның барлық шығармалары соғыстағы шайқастарға қатысудан пайда болған қасіретке толы және осы шығармалар сол уақыттағы халық тағдырындағы қиын кезеңді суреттейді. Бауыржан Момышұлы өзінің өмірбаяндық повесінде отбасы жайлы, әжесі, әкесі, ағасы, әпкелерінің және ауылдағы т.б. туыстарының қиын өмірі туралы жазған. Дәл осы уақытта Ұлы Отан соғысы батырының туған жерінде дамыған оқиғаларды байқауға болады. 1956 жылы басылып шыққан автордың повесі Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған. Автор осы романда көшпелі дала жағдайындағы қазақ этнографиясын түсінікті және шыншыл көрсеткен. Бауыржан Момышұлы барлық салт-дәстүрлерді қызықты, шынайы суреттейтіндігі соншалықты, оның естеліктеріне енгендей және барлық көшпелі тұрмысты көргендей боласын.

 

 

 

 

Немат Келімбетов – атақты қазақстандық ғалым және педагог. Филология ғылымдарының докторы, әдебиетші, жылдар өткен сайын оның еңбектерінде терең философиялық ойлар байқалған. Немат Келімбетовтың әдеби шығармашылығында ойды білдіретін сөздің күші мен кемелдігі айқын көрінеді. Хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержан өмір мен өлім ортасында қалып, ауруханада төсек тартып жатса да, шын адами қасиеттерін көрсеткен: ерлік, табандылық, мейірім. Баяндаушы сәтсіз отадан кейін ұзақ 10 жыл бойы толысқан шақтағы мықты ер азаматты сатып кеткен денесімен, отаға дейін қандай адам болғандығын көрмейтін қоғамдық пікірмен, тоқырау мен уайымға батқан өз-өзімен күреседі. Әдеби әлемде белгілі бір дертті жеңіп шығуға арналған шығармалар көп, бірақ бұл жолды шынайы бейнелейтін шығарма сирек кездеседі. «Үміт үзгім келмейді» хикаяты үміт жоғалтқан адамдарға арналады.

 

Аудандық орталық кітапхана, филиал кітапханалары ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарын кітап көрмелерінде ұсынылған осы шығармалармен жақын танысуға, «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында оқуға ұсынылған  Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы, Немат Келімбетовтың шығармалары бойынша өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика