Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

Жаңа бастаған кәсіпкерге көмек көрсету

Қаралды (1072)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайын келешегі бар қызмет саласындағы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігі туралы үнемі айтып отырады. «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» арнайы мемлекеттік бағдарламалары жасалған. Қазақстан осы жылы Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2020 жж. арналған бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті, оған қоса жаппай және отбасылық кәсіпкерлікті, бизнесті ұйымдастыруға оқытуды және қаржылық сауаттылықты дамытуға және қолдау көрсетуге маңызды орын бөлінген.
Жаңа бастаған кәсіпкерге көмек ретінде, Нұра ауданының кітапханаларының кітап қорларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  дайындап шығарған  –  «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығы түскен.  Бұл анықтамалық ең алдымен ауыл кәсіпкерлеріне арналған. Онда біздің қоғамда талап етілетін 100 бизнес-идея бар.  Анықтамалықта агроөнеркәсіптік бағытта ұсынылған әрбір бизнес-жобаға есеп жасалған. Жобаларда түпкі өнім өндіру, нарық саласы мен көлемінің қысқаша талдануы, калькуляциямен өндіру технологиясы, өсімдік және мал шаруашылығының технологиялық картасы, құрал-жабдықтар, өтелімділік есептеулері, қаржыландыру көздері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылған.  
«Шағын бизнеске арналған 100 жоба»  анықтамалығының электронды үлгісімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:
https://yadi.sk/i/IiRndi0htEAhW - қазақ тіліндегі нұсқа
https://yadi.sk/i/ewRXCEkutEAhQ - орыс тіліндегі нұсқа

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика