Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Көмбе нанның дәмі

Прозасы, әсіресе қысқа әңгімелері арқылы кеңінен таныс жазушы Мадина Омарованың бұл жинағында автордың драмалық шығармалары мен мистикалық әңгімелері ұсынылып отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы 05.04.21-11.04.21


Іс-шаралар атауы

Өткізілетін уақыты

1.

«Қазақ ғарышкерлерінің мерейтойлары»  (Т.Әубәкіров 75 - жыл, Т.Мұсабаев 70 жыл) ғарыш саласына саяхат. Мынбаев ауылдық балалар кітапханасы.                        

05.04.21.

2.

"Бірінші оқып біліңіздер!" жаңа кітаптармен танысу күні. Көбетей ауылдық балалар кітапханасы.

05.04.21.

3.

"Жазушы-әңгімеші және журналист Құрманбай Толыбаевтың туғанына 95 жыл" (1926-2004) библиопост. Тассуат ауылдық кітапханасы.

05.04.21.

4.

"Чернобыль АС апатының 35 жылдығы" бейнеролик. Егінді ауылдық кітапханасы.

05.04.21.

5.

"Кітап оқыңыз!"кітап оқу марафоны. Алғабас ауылдық кітапханасы.

05.04.21.

6.

«Қазақстан Республикасы Чернобль атом электр станциясындағы апатқа-35 жыл» библиопост. «Чернобыль апаты ел есінде» кітап көрмесі. Ақмешіт ауылдық кітапханасы.

06.04.21.

7.

«Денсаулық – зор байлық» онлайн ақпарат. Изенді ауылдық кітапханасы.    

06.04.21.

8.

«Шебер қолдар» үйірмесінің пазлдарды құрастыру жұмыстары. Мынбаев ауылдық балалар кітапханасы.

06.04.21.

9.

Төмен қамтылған отбасылармен жұмыс. «Бастауыш сынып оқушылары арасында ертегі-мақал мәтелдер оқу» библиошар. Мұзбел ауылдық кітапханасы.                  

06.04.21.

10.

Қ.Аманжоловқа – 110 жыл  «Қыран қанатты ақын» библиопост. Қарой ауылдық кітапханасы.

06.04.21.

11.

«Тұңғыш қазақ ғарышкері» Т.Әубәкіров - 75 жыл, бейнеролик. Мынбаев ауылдық кітапханасы.

06.04.21.

12.

«Кітаптар ауруханасы»  "Сиқырлы сандықша" үйірмесінің сабағы. Көбетей ауылдық балалар кітапханасы.

06.04.21.

13.

«Әдебиет әлемі» үйірмесінің ашылу салтанаты. Жараспай ауылдық кітапханасы.                                                

06.04.21.

14.

"Чернобыль - өткенді еске алу" - Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ҚР азаматтарының ерлігіне арналған фотокөрме. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

06.04.21.

15.

"Чернобыль: кеше, бүгін...?" еске алу посты. Тассуат ауылдық кітапханасы.

06.04.21.

16.

«Қазақтың үшінші ғарышкері» бейнеролик. ЦДБ.

07.04.21.

17.

«Ғарышкер әлемі» кітап көрме, библиопост, сұрақ-жауап. Изенді ауылдық кітапханасы.

07.04.21.

18.

«Ғарыш әлемінде» ақпараттық сағат. Қарой ауылдық кітапханасы.

07.04.21.

19.

«Кітап алып – әлемді аш» библиофреш. Егінді ауылдық кітапханасы.                                                                      

07.04.21.

20.

Қазақ халықының балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл.  «Атандым Мұқан палуан бала жастан» тақырыптық сөре. Жараспай ауылдық кітапханасы. 

07.04.21.

21.

"Менің ғарыш әлемім" Ю. А. Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл (1961) шығармашылық жұмыстардың онлайн байқауы. Мыңбаев ауылдық балалар кітапханасы.

07.04.21.

22.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Кітап көрмесі «Дәрі-дәрмексіз денсаулық» атты шолу. Заречная ауылдық кітапханасы.

07.04.21.

23.

«Балалар жазушыларының өмірбаяны» К.Толыбаевқа - 95 жыл. "Балалар бағының бағбаны" бейнероликтер топтамасы. Көбетей ауылдық балалар кітапханасы.

07.04.21.

24.

«Ғарыш қырандары»   (Т.Әубәкіров-75 ж., Т.Мұсабаев – 70 ж.)  патриоттық сағат. Мынбаев ауылдық кітапханасы. 

08.04.21

25.

"Балалық шақ планетасындағы оқу аралы" квест ойыны.  Көбетей ауылдық балалар кітапханасы.

08.04.21.

26.

"Оқу – отбасылық іс" Конституцияны оқимыз. Егінді ауылдық кітапханасы.

08.04.21.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Авторландыру

Оқылым-өмір бейнесі

Қаралды (4216)

             «Оқылым - өмір бейнесі» бағдарламасы кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттауға, әртүрлі оқырмандар категориясын кітап оқуға тартуға бағытталған.
Мақсаты: 

  • Елімізде оқуға қолдау көрсету;
  •  кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;
  •  ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау;
  •  ауыл тұрғындарының назарын кітап оқуға аудару, олардың уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Міндеттері: Ауыл тұрғындарының  кітапқа және оқуды жандандыру бос уақытты ұйымдастырудың формасы екендігіне қарым -  қатынасын өзгерту;


Нұра орталық кітапханасы  өз оқырмандары үшін жазғы оқу залын ашты.   Жазғы демалыс, еңбек демалысы  кезінде ауыл тұрғындары оқу залына келіп, газет-журналдар оқып, жаңа кітаптармен танысып, әр түрлі іс-шараларға қатысуға молынан мүмкіндік алды.  Биыл бұл шара екінші мәрте өткізіліп отыр. Шара барысында жергілікті тұрғындарға биылғы айтулы мерекелерге арналып, кітапханада басылып шығарылған туындлар: буклеттер, жарнамалар, шақыру билеттері таратылды. (Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС-ның 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жасалған «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқимыз!»-«Читаем трилогии: «Кочевники» Ильяса Есенберлина») және оқу залына шақыру мақсатында жарнамалық афиша орнықтырылды.
          2015 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында бүкіл ел болып оқуға Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы таңдап алынды. Осы орайда:     
    Ілияс Есенберлиннің туылғанына 100 жыл толуына байланысты «Дала тарихының дауылпазы» атты және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқимыз!»-«Читаем трилогии: «Кочевники» Ильяса Есенберлина» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды. 

  

         «Ілияс Есенберлин романдары және тарихи сана»  атты әдеби кеші өткізілді.
       Іс – шараның мақсаты жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстыру, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін ашу.
       Қатысушылар назарына І. Есенберлин туралы бейне-слайд көрсетіліп, «Ұлы даланың кемеңгер жазушысы»-«Певец великой степи» атты кітап көрмесі ұсынылды.  Сондай-ақ,  «Ел болып Ілияс Есенберлиннді оқимыз!» деген тақырыпта буклет таратылды.

    «Бір ел, бір кітап» аясында өтіп жатқан дала дауылпазы - Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясына арналған тарихи-әдеби кеш орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Нұра көпсалалы колледжінде  өтті.   Шара барысында  кешке қатысушылардың назарына қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деп аталған халықтың ұлы апатында шұбыраған елдің қанды жасынан туған «Елім-ай» әні  бейнекөрініс арқылы ұсынылды. Колледж студенттері «Көшпенділер» триллогиясындағы өлең-жырлардан үзінділер оқыды. Атап айтсақ: ұлы жырау Асан Қайғының толғауын Айбек Ілиясов, «О мой многострадальный народ!» («Елім-ай» әнінің орысша нұсқасын) Туркина Дана мен Самат Салтанат оқыды. 120 адам қатысты. 35 кітап алынды

    Орталық  кітапхана алдындағы саябақта «Әдеби орындық»-«Литературная скамейка» деп аталған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме отандық классиктер мен ақын-жазушыларға арналды. Атап айтсақ: Шәкәрім, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, Оралхан Бөкеев, Максим Зверев, Иван Щеголихин, Иван Шухов, Герольд Бельгер,  Д.Снегин,  М.Симашко және т.б.   Кітап көрмесін көшеде өтіп бара жатқан адамдар, саябақта жүрген демалушылар және кітапхана оқырмандары келіп тамашалады.    Көрмеде жоғарыда аталған жазушылардың кітаптары мен фотосуреттері  қойылды. Қатысушыларға осы көрмедегі кітаптармен танысып, кітапттардың  авторларының суреттерін табу ұсынылды.   15 адам белсенділік көрсетіп, сый-сияпатқа ие болды. Барлығы 37 адам қатысты. 18 кітап алынды.

        Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған келесідей іс-шаралар өткізілді:


         «Жұмбақ жан» атты  ауызша журнал орталық кітапхананың жазғы оқу залында өткізілді. Бес беттен тұратын ауызша журналдың бірінші беті «Абайды білу парыз» деп аталынды. Онда кітапханашылар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелеп берді. Ауызша журналдың екінші беті Абайдың табиғат лирикасына арналды. Кітапхананың үздік оқырмандары - Ахметжанова Әсия, Балабиева Гүлнар, Аманова Айман, Матвеева Ольга және т.б. ақынның жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ауызша журналдың үшінші беті  Абай әуендеріне, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлеңдеріне арналды  «Желсіз түнде жарық ай...», «Сегіз аяқ»,  «Көзімнің қарасы...»  өлеңі.  Ауызша журналдың төртінші беті «Абай әлемі» атты кітап көрмесіне арналды. Кент тұрғындары көрмедегі ақынның мол мұрасымен танысты. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп аталған ауызша журналдың бесінші бетінде әдеби викторина құрастырылған. Викторинаға қатысқан кент тұрғындары белсенділік көрсетіп, сый-сияпатқа ие болды. 52 адам қатысты. 23 кітап алынды.
             

«Абай әлемі»-«Мир Абая» атты әдеби викторина орталық кітапхананың жазғы оқу залында өтті.       


Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу барысында аудан кітапханаларында «Дін – тәрбие діңгегі», «Патриотизм без экстремизма» атты әңгіме-диалогтар ОК, №21,32 филиалдарда өткізілді.

        Орталық кітапхананың абонементінде «Жүрекке жақын шумақтар»-«Листая любимые страницы» (Поэзия 60-х годов) атты ретро-выставка ұйымдастырылды. Оған биылғы мерейтой иелері Ж.Молдағалиев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиевтің туындылары қойылды.      

Орталық аудандық кітапхана қызметкерлері жазғы оқырман залында «Кітаппен болашаққа» атты жаңа кітап Күнін өткізді. Аудандық кітапхананың жанында, көлеңке жерде өтіп бара жатқан адамдар үшін жаңа түскен әдебиеттердің үздіктері ұсынылды, шолу жасалды. Оқырмандар кітаптардан көптеген қызықты ақпараттармен танысты  немесе атауы кең таралған журналдарды оқыды.  Жаңа кітап күнінің басты мақсаты – өзімізге назар аудару, басты жол сілтеуші де, дос та кітап екенін дәлелдеу.

«Мерзімді басылыммен әрқашан бірге!» мерзімді басылымдар сағаты.
 Орталық аудандық кітапханансының жазғы  оқырман залында «Мерзімді басылыммен әрқашан бірге!»  мерзімді басылымдар туралы ақпараттық сағат өткізілді. Кез-келген өтіп бара жатқан адамға  жазғы оқырман залының оқырманы бола алатын мүмкіндік болды. Кітапхана қорының бір бөлігін құрайтын әртүрлі  мерзімді басылымдар ұсынылды.  Бұл жерде  - жастарға, әйелдерге, бос уақытты тиімді өткізуге арналған газет пен журналдарды парақтауға рұқсат етілді. Қатысушылар:  «Мерзімді басылымдар дегеніміз не?», «Мерзімді басылымдарды үйде немесе кітапханада оқисыз ба?», «Кітапханада қандай мерзімді басылымдарды көргіңіз келеді» деген сұрақтарға жауап берді. Бұл іс-шара кітапханаға деген қызығушылықты арттыруға, жаңа оқырмандарды тартуға және олардың  мұқтаждықтарын зерттеуге ықпал етті. 
Презентация «Сарыарқа саңлақтары».
Орталық кітапханада «Сарыарқа саңлақтары» атты Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған кітап көрмесінің презентациясы өткізілді. Көрмеге  дарындылығымен аты шыққан саңлақтар туралы ғылыми-зерттеулер, танымдық материалдар,  және халық даналығынан сусындаған от ауызды, орақ тілді ақын-жыршылар, күміс көмей, асқақ үнді әншілер мен бармағынан үн төгілген күйшілер өмірінен сыр шертетін кітаптармен бірге «Ер есімі – ел есінде» естелік кітабы, «Жеңіс сарбаздары. Қарағандылықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Сарыарқа кітапханасы» сериясынан жарыққа шығып отырған, Арқа өңірінің би-шешендері мен ақын-жырауларының, жазушыларының сөз маржандары топтастырылған кітаптар қойылды.
 Презентация «Кітап арқылы салауатты өмірді танимыз».


Адамды кешенді сауықтыру  арқылы емдеу жоларымен таныстыратын кітаптарды оқырмандарға ұсыну мақсатында 6 маусым күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Кітап арқылы салауатты өмірді танимыз» атты кітап көрмесінің презентациясы өткізілді.
Көрмеге қойылған кітаптар - денсаулықты қалпына келтіру мен жасарудағы қимыл-қозғалыс пен дене шынықтырудың пайдалылығы жайында оқырмандарды хабардар етеді.
Әдістемелік нұсқаулар үшін мұғалімдер, ата-аналар, студенттер және оқушыларды қамтитын теориялық және тәжірибелік ұсыныстар, жас ұрпақтың  денсаулығын сақтау туралы әдебиеттер көрмеден орын алды
Сондай-ақ,  өзінің денсаулығын нығайту үшін қалай өмір сүру керектігі жайында, қартайған шағына дейін ақыл-есі мен жұмысқа деген қабілеттілігін сақтау,  дұрыс демалу, тамақтану жайында осы көрмеге қойылған кітаптардан оқып, білуге болады.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика