Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Ауылдық кітапханалар

Қаралды (12739)

«Мен тұратын өлке» деп аталынатын бағдарламаны Көбетей ауылының кітапханасы іске асыруда. Өлкетану бағыты бойынша «Атамекен – алтын бесік» қызығушылық клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері айына бір рет жиналады. Өлкетану жұмысының мақсаты:  оқырмандарға туған өлкеміздің тарихын жан-жақты білуге, рухани білім алуға көмектесу болып табылады. Өлкетану бұрышында: «Атамекен – алтын бесік», «Нұра өңірінің тарихи тұлғалары», «Нұрам менің - ғұмыры дастан елім!», Көбетей ауылының ардақты азаматтары» - тақырыптық сөрелер, көрмелер ұйымдастырылған.
Р.С.Асубаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Көбетей ауылында мерекелік шара өткізілді. Мерекені келіп тамашалаған аудан әкімі бастаған бір топ қонақтар Көбетей модельді  ауылдық кітапханасында қонақта болды. Оларды кітапханашы Г.А Қуандықова қарсы алып,  кітапхана жұмысы жайлы айтып, экскурсия өткізді. Өлкетану бұрышында Р.С.Асубаевтың 100 жылдығына арналған көрмеге шолу жасады. 17 адам қатысты. 
«Нұрадан ұшқан ғалым» атты Кәрім Мыңбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай портреттік кеш өткізілді. Іс-шара кітапханашының алғы сөзімен басталды. Ол кешке қатысушыларды Кәрім Мыңбаевтың  өмірі мен ғылыми еңбектері туралы деректермен таныстырып өтті. Кешке қатысушылардың білімін кеңейту үшін Кәрім Мыңбаев туралы «Тұғыры биік тұлға» атты сұарқ-жауап өткізілді.
Кітапханада атақты жерлесіміз, ғалым, әдебиеттанушы Сәйділ Талжановтың 110 жылдығына арналған  «Нұра өңірінің асыл азаматы» атты ауызша журнал өткізілді. Іс-шараға  Р.Асубаев атындағы мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Мақсаты –жас ұрпақты жерлесіміздің өмірі және шығармашылығымен таныстыру.  Асыл мұраларын насихаттау.  Отырыс соңында: "Арқаның ардақтысы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Оқырмандардың бос уақытындағы оқылым орталығы - Кітапхана» атты  бағдарлама бойынша  Изенді ауылдық үздік кітапханасы жұмыс жасайды. Жыл бойы ауыл тұрғындарын кітап оқуға тарту мақсатында «Білім сүйсең, кел күн сайын осында», «Кітап басты байлығымыз», «Кітап – алтын қазына», «Кітапсыз өмір - қараңғы» деп аталынған насихаттау жұмыстары жүргізілді.
«Жаңа кітаптар», «Табиғат менің тағдырым» атты кіта көрмелері ұйымдастырылып, шолулар жүргізілді.
«Өшпес мұра» атты Мұқағали  Мақатаевтың туған  күн кешіне арналған поэзия кеші ұйымдастырылды. Кешке ауылдың жас ақындары арнайы шақырылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты танымдық сағат өткізілді.
«Абай –дана,  Абай - дара»  Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына  арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды және осы тақырыпта Абайдың қара сөздеріне  тоқталып келген  оқырмандар арасында  әңгіме  өткізілді.
«Ақ орамал – ақ тілек» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға  балалы аналар, зейнеткерлік демалыстағы  оқырмандар қатысты.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы  бойынша биылғы Дулат Бабатайұлының шығармалары  кітапхана оқырмандары  арасында талқыланып, кітап көрмесіне шолу жасалды.  
«Жаңа кітаптар әлеміне қош  келдің, оқырман»  атты оқырмандарға  жаңа кітаптарға шолу жасалды.
«Шексіз достық» атты бағдарламасын Тассуат ауылдық үлгілі кітапханасы іске асыруда. Кітапханашы жыл бойы Тассуат Орыс мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халықтары бірлестігі күнініне арналған «Ұлтаралық келісім – тұрақтылық негізі»  атты дөңгелек үстел, «Біз Қазақстан елінің халықтарымыз» - «Мы народ Казахстана»  деп аталынған кітап көрмесі ұйымдастырды. Ұлыстын Ұлы күні Наурыз мерекесін оқырмандарға насихаттау мақсатында «Новый год на Востоке» атты әңгіме,  «Наследие веков» деп аталынған кітап көрмесіне шолу өткізді.
«Достық. Бірлік. Тәуелсіздік.» тақырыбына патриоттық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен таныстырып, патриоттық тәрбие беру.

«Ата жұрт» жобасы бойынша  Ақмешіт ауылдық үздік кітапханасы жұмыс жасайды. Жобаның мақсаты: жерлестеріміздің қасиетті істері бойынша жастардың рухани мәдениетінің, өсуіне ықпал ету, туған өлке жөніндегі білімдерін  арттыру. Осы орайда кітапханада бірталай іс-шаралар өткізілді:    
«Ауыл өмірінен хабар» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен өлкетану сабақтары өткізілді, «Ауыл тынысы» атты бұрыш ұйымдастырылған. Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл толуына орай кітапханада «Батырларға тағзым» атты тақырыпты кеш өткізілді. Кешке ауған соғысының жауынгері арнайы шақырылды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай кітапханада жоғарғы сынып оқушыларымен «Ата-бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды» атты тақыпрыпта әдеби - сазды кеш өткізілді. Кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жұбайлары, тыл майдангерлері арнайы шақырылып, бүгінгі ортамызда жоқ ардагерлер жайлы, естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.
Бүкілодақтық отбасы күніне арналған «Жапырақ жайған бәйтерек» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Бұл отырысқа көп бала тәрбиелеп өсірген әжелер, мектеп оқушылары, ұстаздар қатысты. Отырыста бала мен келін тәрбиесі жөнінде, инабаттылық, адамгершілік жайында өз ойларын ортаға салды. Оқушылар тарапынан үлкендерге сұрақтар қойылып, отырыс әнмен жалғастырылды.
«Арқаның ардақтысы» атты портреттік кеш өткізілді. Бұл кешке жазушыны  туыстары  Мұстафин Малғаждар Садықова Зівайра және жасөспірімдер тобы қатысты. Кітапханашы Сәйділ Омарұлы Талжановтың өмірбаяны туралы толық мағлұмат беріп өтті.
  «Сәйділ Талжанов тәлімі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Жастар – жарқын келешектің кепілі» атты жоба бойынаша Мыңбаев ауылының үлгіл кітапханасы келесі іс – шараларды орындады:
Жасөспірімдер тобына арналған  «Жастар -  біздің болашағымыз» атты әңгіме - диалог, «Қазақстан – 2050: болашаққа жол» атты дөңгелек үстөл өткізілді.
Тілдер күніне арналған «Тіл – ұлттың жаны» атты тақырыпты кеш өткізіліп, жоғарғы сынып оқушылары арасында «Білімнің биік шыңы – ғылым» атты тәрбие сағаты жүргізілді.
«Жаңа заманның  салауатты ұрпағы» - «Здоровое поколение нового века» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.  

Кітапхананың  оқу залында аудармашы, әдебиетші, жазушы, филология ғылымдарының докторы Сәйділ Талжановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Халық тарихы - оның тағдырында» атты әдеби кеш өтті.  Іс-шараның жүргізушілері оқушыларға нұралық жазушының өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетіне және лингвистика саласының дамуына қосқан ірі үлесі туралы айтып берді.  Кешке қатысушы оқырмандар жерлесімізге арналып шығарылған өлеңдерден үзінділер оқыды. «Сарыарқа  саңылағы» атты  кітап көрмесіне шолу жасалынды. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақты атақты жерлесіміздің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, оның мұрасын насихаттау.

«Туған өлкем»  жобасы бойынша Кертінді үздік ауылдық кітапханасы жұмыс жасайды. Келесідей іс-шаралар орындалды:
«Кертіндім – құтты мекенім» атты кітап көрмесі қойылған. Бұл көрмеге ауылымыздың тарихы туралы мәліметтер қойылған. Бұл көрменің мақсаты - ауыл тұрғындарына өз мекені туралы мағлұматтар және ауылымыздың атақты адамдары туралы деректер беру. «Атамекен - не деген көркем!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайдталған бейне көрініс арқылы жасөспірімдерге арнап қазақстаннның көрікті жеріне саяхат жасалды. Мақсаты - еліміздің көрікті жерлерімен таныстырып оқырмандардың елге жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Кітапхана оқырмандары арасында «Кертінді» энциклопедиясы бойынша, ауылдың атақты адамдарының өмірбаяндарымен, еңбек жолдарымен таныстыру мақсатында әңгіме-сұхбат өткізілді. «Менің туған өлкем» атты жасөспірімдер арасында әңгіме өткізілді. Мақсаты оқырмандарды туған өлкеге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін ояту. Шара барысында өлке тарихы, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы айтылды. Сондай-ақ, атақты адамдардың өмірі және  еңбектерінен мәлімет берілді.
Мүтәш Сүлейменовтің туғанына 94 жыл толуына орай: «Ер есімі – ел есінде» атты патриоттық кеш өткізілді. Бұл шараның мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тағы да  атап өту, қаһарман ағамыздың ерлік жолдары туралы мағлұмат беру, патриотық сезімге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Кеш соңында осы тақырып бойынша кітап көрмесіндегі  әдебиеттерге шолу жүргізіді.
Кертінді үлгілі кітапханасы мен мектеп кітапханасы бірігіп «Ауғанстанның отты жылдары» атты ауған соғысының ардагері Еркін Әлімжанұлымен кездесу кешін өткізді. Кешке сонымен қатар ардагердің туыстары, мектептің ұстаздары, сынып оқушылары шақырылды. Кездесу кешінде Еркін Әлімжанұлына және кешке қатысушы қонақтарға сұрақтар қойылып жауаптар алынды. Кеште ауыл өнерпаздары концерттік бағдарлама көрсетті. 32 адам қатысты.
«Кітапханаға барлық жанұямызбен» аты жоба бойынша Заречное ауылдық кітапханасы бірнеше жыл жұмыс жасауда. Кіапханада Халықаралық отбасы күніне орай «Жанұя сөзінің мағынасы терең» атты  әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында кітапханашылар «жанұя» ұғымының мәні мен маңызы туралы айтты.
«Я и моя семья» атты сурет салу сайысы өткізілді.
«Когда семья вместе и сердце на месте» деп аталынған отбасылар арасында кездесу кеш өткізілді.   Кеш барысында отбасы әулеттері бір-біріне таныстырылып, отбасы жәйында әңгіме қозғалды. Кездесуге келген отбасылар «Жанұя» туралы викторина, мақал-мәтелді жалғастыру  сияқты  конкурстарда өз білімдерін, білгірлігі мен ептілігін көрсете алды.
«Новеллы о любви» аты әдеби-музыкалық композиция өткізілді.
«Семья – ячейка общества» деп аталынған кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Кітапханашы Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына  орай, жергілікті мектептің жоғары сынып оқушылары арасында "Дауылпаз ақын" поэзиялық сағатын өткізді. 
Іс-шараның мақсаты: аз да болса жемісті жарқын өмір сүрген ақынның шығармашылығының қыр-сырын ашу. 

 

«К интересному чтению» атты жоба бойынша Байтуған ауылдық кітапханасы жұмыс жасайды.     Жобаның мақсаты: қоғамның кітапқа және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Кітапханада «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында «Страна читает Ильяса Есенберлина» деп аталынған акция ұйымдастырылды. Акция барысында «Ильяс Есенберлин - признанный знаток устной казахской литературы» деген тақырыпта әдеби кеш өткізілді. 
Жасөспірімдер тобы арасында «Читаем классику сегодня» атты әңгіме-диалог өткізілді.
Барлық топқа арналған «Буккроссинг книга по кругу», «Неделя прощения задолжников» атты тақырыпта акция өткізілді.
«Хит-парад новинок», «Книги, подаренные читателями» атты кітап көрмелеріне презентация жасалынды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қасиетіміз, қастеріміз - Қазақ хандығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Дух Великой степи» деген тақырыпта тарихи-әдеби кеш өткізілді.

«Ядросыз әлемге қадам» атты кездесу кеш Байтуған үлгілі ауылдық  өткізілді.  Кітапханашы Н. Вагнер жалпыұлттық көзқарас құндылықтарын нығайту жолдарын түсіндіру үшін Семей полигонының тарихымен, оның әкелген зардаптарымен таныстырды. Іс-шара Қазақстан халықтарының арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтау тақырыбына ұйымдастырылған кітап көрмесінің тұсаукесерімен аяқталды 
«Кәрім Мыңбаевтың шуақты бейнесі» атты танымдық сағат өткізілді.  Кітапханашы кешке қатысушыларды ғалымның өмірбаяны, еліміздің алдындағы зор еңбегімен таныстырды. Іс-шара барысында  қатысушылардың белсенділігін арттырған  «Кәрім Мыңбаев – ғалым, патриот»  атты сұрақ-жауап өткізілді.
Атақты жерлесіміз, ғалым, белгілі жазушы, аудармашы,  филология ғылымдарының докторы Сәйділ Талжановтың 110 жылдығына арналған:   «Халық тарихы оның тағдырында» атты әдеби кеш Байтуған модельді ауылдық кітапханасында өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты атақты жерлесіміздің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, оның мұрасын насихаттау. 

  Іс-шараның жүргізушілері оқушыларға нұралық жазушының өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетіне және лингвистика саласының дамуына қосқан ірі үлесі туралы айтып берді. Кітапханашы «Сарыарқа мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасады       

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика