каталог Құжаттарды электронды жеткізу On-line кітапты ұзарту Виртуальды
анықтама Online-кітаптарды оқимыз Электронды
кітапханалар Буктрейлеры Сұрақ-жауап Фотогалерея
Ай кітабы

Прозасы, әсіресе қысқа әңгімелері арқылы кеңінен таныс жазушы Мадина Омарованың бұл жинағында автордың драмалық шығармалары мен мистикалық әңгімелері ұсынылып отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Анонс
Іс-шаралар анонсы 05.04.21-11.04.21
Авторландыру
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін
Киевка кентінің аудандық орталық және аудандық балалар кітапханасы кітап оқуға тарту және әр түрлі ақпараттық ресурстарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатымен әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға (мүгедек балалар, мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі науқас және қарт адамдар) «Үйдегі абонемент» қызметін ұсынады.
«Үйдегі абонемент»
- кітапты іріктеп беріп, үйге жеткізеді;
- жаңадан түскен кітаптар туралы ақпарат береді;
-электронды каталогтан және Ғаламтор арқылы қызықтыратын тақырып бойынша ақпаратты іріктейді;
- «Параграф» анықтама-құқықтық жүйесін пайдалана отыра мүгедектер мен зейнеткерлердің тыныс-тіршілігінің түрлі аспектілерін реттейтін заңнамалық сипаттағы толық мәтінді ақпартты ұсынады
Мынадай клубтар мен үйірмелерде тілдесуге шақырамыз:
«Алтын жас» (АОК)
«Шабыт» (АОК)
«Шебер қолдар» (ОБК)
«Жас өлкетанушы» (ОБК)
Кітапхана тәуелсіз өмір сүру үшін және жұмыс істеу үшін жағдай жасауға, жеке адамның өзін-өзі бағалауын арттыруға, қоғамда белсенді өмір сүруге қосылу және шығармашылық көріну мүмкіндіктерін беруге, оған қоса қоғамның мүгедектерге қатысты позициясын өзгертуге көмектеседі.
Үйде қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес беру, әдебиетті таңдау және тапсырыс беру, құқықтық және басқа да ақпараттық қызметтерді ұсыну мына телефондар бойынша жүзеге асырылады:
21-2-07 ; 22-2-98; 22-7-20
Немесе «nura70@mail.ru», «nura-62@mail.ru» электронды пошталары арқылы
Біздің мекен-жайымыз: Киевка кенті, Абай көшесі 37