Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

Интернет ресурстары

Қаралды (5224)

Казахстандық Интернет ресурстары

 
 

 http://www.elim.kz/ - заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, болашақ алыс күндерде  ескі дәстүрлерді сақтауға болады. Кейін әлі өмірге келмеген сіздің ұрпақтарыңыз Интернетте өз бетін ашып, одан сіздің фотосуретіңізді көре алатын және сіздің кім болғаныңызды біле алатын болады. Кестеге атыңызды, өмірбаяныңызды жазып, өзіңіз бен ата-анаңызды, балаларыңызды жазып, Сіз өзіңіз өмір сүрген уақыт пен заманды таныстырасыз.  

 

http://www.eurasica.ru/ - сайт Еуразия тарихына арналған. Бұл тілдері, тері түстері және мәдениеті  әртүрлі қалыптасқан  көптеген халықтар мекен еткен үлкен өлке. Бірақ олардың тағдырларын  соғыс кезеңдері, шапқыншылықтар, мәдени байланыстар және бейбіт одақтасулар  жақындастырып, болашағы мен бүгінін айқындап берді.

 

 

http://www.madenimura.kz/ - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамасымен құрастырылған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы.  Бағдарлама қазақ халқының мәдени мұрасын, бүгінгі ұлттық мәдениетін, фольклорын, салт-дәстүрін зерттеу жүйесін құрастыруды қамтиды;   мәдени-тарихи және архитектуралық ескерткіштерді жаңғырту; көпғасырлық жазба және ұлттық әдебиеттің тәжірибесін жинақтау; мемлекеттік тілдегі дүниежүзілік ғылыми ой, мәдениет және әдебиеттің жетістіктерінің қоры арқылы гуманитарлық білімнің құнды қорын құрастыру мақсатында жұмыс істейді.

 

 

http://ikitap.kz/ - Қазақстанның ашық кітапханасы,  бүгінгі күнде қазақстандық және әлем авторларының 4 мыңнан артық шығармалары жиналған

 

 

http://adebiportal.kz/ -Әдеби портал–  бұл казақстандық және шетел авторларының шығармаларының бірегей Интернет ресурсы. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде өткен ғасырлар мен қатар қазіргі заман шығармалары да топтастырылған.  Оқуға қолайлы болу үшін Порталдың өз ридері,  pdf және epub көлемінде электронды кітаптарды оқу жүйесі бар.  

 

 

http://www.abay.nabrk.kz/ - сайт ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері,  қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған.

 

http://e-history.kz/ru  - «Қазақстан тарихы» соңғы зерттемелер негізінде  құрылған ақпараттық-білімдік портал.  Бұл портал жаңа технологиялар мен эксклюзивті ақпараттың бірегей үйлесуі болып табылады. «Қазақстан тарихы», «Тарихи білім», «Тұңғыш Президент», «Халық тарих толқынында», «Есімнама», «Электронды мұрағат» және басқа бөлімдер бар.   Ақпарат әртүрлі көлемде – жай мәтін, PDF, ақпараттық кесте,  интерактивті ойындар, фотосуреттер, видео и аудио түрінде берілген. Порталдың үстемдігі деп көптілділігін айтуға болады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.  

 

 

http://kz-en.ru/ - бұдан қазақ тілін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын –халықаралық қарым-қатынас тілін үйрену үшін көптеген материалдар ала аласыз.  Ұлт пен мекен еткен еліңізге қарамастан, бүкіл дүниежүзіне танылған озық  әдістемелерді пайдалану арқылы осы тілдерді үйренемін дегендердің  барлығын бұл сайт қызықтырары сөзсіз. Бұдан басқа сайтта қазақ тілінде бүкіл Интернет жүйесінен жинақталған қызықты материалдар бар: мақал-мәтелдер, құттықтаулар, өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер, мультфильмдер және т.б.  Үнемі толықтырылып отырады.

http://catalog.kazakh.ru - қазақстандық газет және журналдардың толық каталогы.

 

 

www.kazneb.kz - «Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы». Барлық кітаптар мен құжаттардың электронды көшірмелері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымынан  № 6-I  «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес орналастырылған.  Порталда тіркелмей-ақ оқуға қол жеткізуге болады.

 

 

Ресейлік Интернет ресурстары.

 

http://www.litres.ru/ - 2006 жылы құрылған Ресейлік және ТМД елдерінің  электронды лицензиялық кітаптарының агрегаторы, дистрибьюторы және сатушысы.   380 мыңнан артық электронды лицензиялық кітаптар мен аудиокітаптардың қоры.  iPad, iPhone, Google Android, Windows Phone 7, Windows 8,  ридерлерде пайдаланылатын көлем.  Тіркелусіз кітапты сатып, жүктеп алуға болады. Ең танымал, көп оқылатын кітаптар, пікірлер, ұсынымдар, танымал авторлар.   

 

http://e.lanbook.com/ - "Лань" , басқа да  жетекші баспалардың кітаптарының  электронды нұсқалары, гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар туралы мерзімді басылымдардың электронды нұсқалары.  

 

 

 

 

http://znanium.com -Интернет арқылы әлемнің кез-келген түкпірінен тәулік бойы электронды басылымдарға қол жеткізу мүмкіндігі. ZNANIUM.COM ЭКЖ падалана отырып, on-line мыңдаған монографиялар, оқулықтар, анықтамалар, ғылыми журналдар,  әртүрлі білім саласындағы диссертациялар және ғылыми мақалалар атауына қол жеткізе аласыз. 

 

http://www.public.ru/funds/ - БАҚ базасы. Мұнда барлық қоғамдық-саяси, саяси, іскерлі және жалпы экономикалық орталық маңызы бар БАҚ-дарының, ресейлік медиа кеңістіктің негізгі салалары мен тақырыптарының  материалдары топтастырылған.  Public.Ru  базасымен толығырақ БАҚ каталогынан  танысуға болады.

 

http://elibrary.ru/org_titles.asp?orgsid=431 -ғылыми электронды кітапхана.  eLIBRARY.RU -  бұл рефераттар мен толық мәтіні 12 млн. тұратын ғылыми мақалалар мен жарияланымдардан тұратын ғылым, технологиялар, медицина және білім  саласындағы  ірі ресейлік портал.  eLIBRARY.RU тұғырнамасында 1400 асатын ресейлік ғылыми-техникалық журналдарға, оның ішінде 500 журналға ашық түрде қол жеткізуге болады. 

 

http://magazines.russ.ru/  - Ресейде және шетелде жарық көретін ресейлік қалың әдеби-көркем, гуманитарлық журналдардың қызметін ұсынады.
Жобада «қалың» әдеби-көркем және гуманитарлық журналдар әртүрлі  хронологиялық  тереңдікте құрастырылған мәтіндердің электронды мұрағатымен бірге ұсынылады.   

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика