каталог Құжаттарды электронды жеткізу On-line кітапты ұзарту Виртуальды
анықтама Online-кітаптарды оқимыз Электронды
кітапханалар Буктрейлеры Сұрақ-жауап Фотогалерея
Ай кітабы

Прозасы, әсіресе қысқа әңгімелері арқылы кеңінен таныс жазушы Мадина Омарованың бұл жинағында автордың драмалық шығармалары мен мистикалық әңгімелері ұсынылып отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Анонс
Іс-шаралар анонсы 05.04.21-11.04.21
Авторландыру
Құжаттарды электронды жеткізу
Құрметті оқырмандар!
Сіздер кітапханамыздың құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметін пайдалана аласыздар. Сізге қызметті пайдалану үшін электронды поштаныздың мекен –жайы ғана қажет. Құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметі (ҚЭЖ) Нұра ОКЖ қорларынан баспа құжаттарының (мерзімдік басылым беттеріндегі мақалалардың және кітаптардан үзінділердің) электронды көшірмелерін алуға тапсырыс жасау мүмкіндіктерін ұсынады.
Сіз баспа құжаттардың электронды көшірмелеріне тапсырыз бере аласыз. Атап айтқанда:
- ОКЖ қорындағы мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларға;
- ОКЖ қорында бар кітаптардан үзінділерге ( бір тапсырыстың көлемі 10 беттен аспау керек. Күніне бір ғана құжатқа тапсырыс жасай аласыз.);
- ОКЖ толық мәтінді деректер базасындағы құжаттарға;
- ОКЖ қорындағы электронды тасымалдағыштағы құжаттардың үзінділеріне.
Тапсырысты жасаудың тәртібі мен шарттары:
- Құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметі тегін;
- Тапсырысты орындау үшін біздің сайтымыздағы тапсырыстың электронды бланкін толтырып "Жіберу" дегенді басу керек немесе кітапханаға келіп тапсырыс бере аласыз. Қажет болған әрбір құжатқа жеке электронды форма толтырылады.
- Тапсырысты алғаннан кейін және кітапхана қорындағы қажетті құжаттың бар екендігі тексерілгеннен кейін, Сізге құжаттың электронды көшірмесі немесе тапсырыстың орындалмауының себептері туралы хабарлама жолданады. Көлем мен күрделігіне байланысты тапсырыс 1-7 күн аралығында орындалады. Тапсырысқа беріліп отырған құжат 10 беттен аспауы тиіс;
Құжаттың электронды көшірмелері Сіз тіркеуде көрсеткен электронды пошта мекен-жайына жіберіледі.
Назар аударыңыз! Алынған электрондық көшірмелерді тек ғылыми, мәдени және білім алу мақсаттарында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Көшірмелердің таралымын жасауға тиым салынған.