Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

Кітапхана тарихы

Қаралды (4506)

2013 жылы Нұра аудандық кітапханасына 75 жыл толайын деп отыр.  Осы мерзім ішінде біздің кітапхана ірі кітапханаға,  Киевка кентінің ақпаратты және мәдени орталығына, әр оқырманға қол жетімді оқуды ұйымдастыратын және кітапты насихаттау орталығына, 33 ауыл кітапханасы үшін әдістемелік орталыққа айналды.  АОК алға қойған мақсаты:  «Әрбір нұралыққа кітапхананың ақпараттық, зияткерлік және рухани құндылықтарын барынша қолжетімді және пайдалы ету!...     (ТАҒЫ)
   Кітапхана тарихы да қоғамымыздың тарихының бір бөлшегі болып табылады. Біздің кітапхана өз тарихымен, дәстүрімен бай.  Басында кітапхана дегеніміз кітаптар сөресі орналастырылған қарапайым ғана үй болатын.
1938 жылы, аудан құрылғаннан кейін кітапхана аудандық партия комитетінде  орналасады. 1935 жылы  аудандық кітапханада Оспанова Қаншайым Сегізбайқызы жұмыс істейді. Ол кісі – тұңғыш кітапханашы. Кітап қоры 10 сөреге сыйып тұратын.
40 жылдар  халық үшін қиын жылдар болды.  Бірақ  сонда да кітапхана қажет болды, халық кітап оқыды.   Кітаптарын буып алып, кітапханашы   атқа отырып алыстағы ауылдарды аралайтын.  Кітапхана қызметкерлері  оқырмандарға кітаптарын  жеткізіп,  соғыстағы жағдай туралы «найзағайды» дайындайды.
1948 жылдан 1984 жылға дейін аудандық кітапханада алғашқыда меңгеруші, кейін кітапханашы болып  Зейнеп Бекмағамбетқызы Қуандықова  жұмыс істеді.  Оның еңбек  кітапшасында  бір-ақ жазу бар: «1948 жылы кітапхана меңгерушісі болып қабылданды».  Кітапхананың 500- оқырманы, 1400 дана кітап қоры болды.
50 жылдары, кітапханашылар алғашқы тың игерушілерге   кітапханалық қызмет көрсете отырып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, бос уақыттарын қызықты  өткізулеріне көмектесті.  Кітапхананың «1 Май» бөлімшесінде орналасқан бір ғана жылжымалы  кітапханасы болды. Кітапхана жұмысына төменгі тұрмыстық жағдай кедергі етті. Кітапхана ескі, суық, дымқыл ғимаратта орналасқан болатын. Жаңа ғимаратқа көшу мүмкіндігі белгісіз еді.
60 жылдары кітапхана Мәдениет үйінің ескі ғимаратында ортасын бөлу арқылы оқырман залы және абонементке бөлінген бір үлкен бөлмеге ораналасты. Кітап саны 10 000 данаға жетті. Кітапханада екі адам істеді.
1973 жылдан бастап аудандық кітапхана Мәдениет үйінде орналасқан жаңа да жарық жайға көшеді.  Кітапхана қызметкерлерінің саны артты, кітап қоры толықтырылды, оқырмандар саны артты.
1978 жылы ауданның кітапхана өміріне үлкен өзгерістер енді, ауданның кітапхана жүйесі орталықтандырылды.  
1980 жылы бір жүйеге кәсіподақ кітапханалары да қосылды. ОКЖ жалпы қоры, штаты, орталықтандырылған кітап қорын толықтыру бөлімі бар барлық кітапханалар енгізілді. Аудандық кітапхана әдіскерлік орталыққа айналды. 41 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Орталық аудандық кітапханада өзінің библиобусы болды, кітап қоры ай сайын толықтырылып отырылды, кітапханаралық абонемент жұмыс істеді. 
 90 жылдар кітапхана қызметкерлерінің есінде ауыр жылдар ретінде қалды. Кеңес үкіметінің құлауы саяси және экономикалық дамуды түбегейлі өзгертті. Бұл кітапхана қызметінің дамуына әер етті. Қаржыландырудың жетіспеушілігінен, әдебиет пен мерзімді басылымдар құнының үнемі көтеріліп отыруына байланысты кітапхана қорын толықтыру қызметі қиыншылыққа ұшырады. ОКЖ таратылып, штат бірліктерін қысқарту басталды, кітапханада небәрі 3 адам қызмет етті және 3 жыл бойы жаңа кітап түспеді. Ауылдық кітапханалар ауылдық әкімшілікке берілді. Кітапханаларды дамытуға қаржы бөлінбеді, жалақы ұзақ уақытқа дейін кешеуілдеп беріліп отырылды.
Орталық аудандық кітапхана қоры 33 мың дананы құрады, 2 мыңдай оқырманға қызмет көрсетілді. ОАК  осы тығырықтан шығу жолдарын белсенділікпен іздеді. Осы кезеңдерде ақылы қызмет енгізіліп, «Кітапханаға кітап сыйла», «Оқырман – оқырманға» атты акциялар тәжірибе жүзінде жүргізіліп отырылды. .
Кітапхананың бұдан әрі дамуында барлық бағытта салыстырмалы тұрақтылық пайда бола бастады. 
2004 жылдың қаңтар айында ОАК РАБИС бағдарламасында электронды каталог деректер базасын құрастыруға кірісті.  «Каталогизатор», «Поиск и заказ» АРМ-дері орнатылды.
2005 жылды орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дәрежесін алуға байланысты жаңа қызмет көрсететін секторлардың құрылуымен, кітапхана қорының өсуімен, ОАК жұмыс мазмұны мен көлемінің кеңеюімен  сиапттауға болады.          
ОАК ауылдық кітапханалар үшін қайтадан әдістемелік орталыққа айналды. Біз үлкен әдістемелік көмекті Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан, облыстық Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасынан аламыз.  
Нұра ОКЖ кітапханалық-библиографиялық үдерісті автоматтандыруды өз қызметінің дамуының басым бағыты ретінде ұстанады
2006 жыл орталық аудандық кітапхана  -  үлгілі кітапхана дәрежесіне ие болды.
Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аудан кітапханасына жаңа заман талабына сай  жөндеуден өткізілген жайлы да ыңғайлы, жалпы ауданы 498, 80 ш.м. құрайтын ғимарат сыйға тартылды.
Киевка кентінің модельді ауылдық кітапханасы бүгінгі заманауи кітапханалар негізделетін талаптардың бәріне сәйкес келеді. Локальды жүйеге қосылған 18 компьютер бар. Оның ішінде 4-уі оқырмандарға пайдалануға беріледі. Кітапхана қызметін жетілдіру мақсатымен 2 ноутбук, көшірме-көбейту,  экран мен мультимедиялы проектор,  теледидиар, DVD, ламинатор, құжаттарды түптеу аппараттары алынды және жаңа жиһазбен жабдықталды.
Бүгінгі таңда кітапханада 32 мың данадан асатын құжттар қоры бар, оның ішінде 17 мыңнан астамы мемлекеттік тілде. Олардың арасында мерзімді басылымдар,  63 дана дәстүрлі емес ақпарат тасушылар бар.  Қор мазмұны жағынан әмбебап  және әр сала бойынша кітаптар жиынтығынан тұрады. Жыл сайын ОАК қорына келіп түсетін мың данадан асатын әдебиеттер жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға алынады және мемлекеттік тапсырыс бойынша толықтырылады. 
Бүгінде оқырмандарымыз  46 атаулы мерзімді басылымдарға қол жеткізе алады. Оның 28 данасы мемлекеттік тілде. Оқырмандар сұранысына ие болып отырған жураналдар мыналар; «Ақиқат», «Парасат», «Жұлдыз», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілін үйренейік», «Шапағат-Нұр», «Ақиқат», «Мысль», «Жизнь»;  «Страна  и мир», «Ана тілі» және басқа газеттері.
Кітапхана пайдаланушылардың барлық ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруды, сонымен қатар кітапхананы оқу мен ақпарат орталығына айналдыруға, Интернет арқылы дүниежүзілік ақпараттық кеңістікті бағындыруға және компьютерлік технологиялар негізінде қосымша қызметтерді көрсетуге тырысады.  Пайдаланушылар үшін Интернет зал ашылған. Кенттің кез-келген тұрғыны тегін Интернет желісін  пайдалана алады, компьютерде жұмыс істеуді үйренуге, құжатты сканерден өткізуге, құжаттардың көшірмесін жасауға мүмкіндіктер жасалған. Осы залда компьютерлік сауат сабақтары, шеберлік сабақтары өткізіледі.
Үлгілі кітапхана құрылымына төменгідей секторлар енеді: «Оқырмандарға қызмет көрсету секторы», «Ақпараттық-библиографиялық сектор», «Автоматтандыру және жаңа технологиялар секторы», «Құжаттар қорын толықтыру және өңдеу секторы», «Құжаттар қорын тіркеу секторы», «Кітапханаларды дамыту секторы». Кітапхананың штаты 19 адамнан тұрады.
Қорытындысында бүгінгі күнде техникалық мүмкіндіктер мен оқырмандар талабы жиі ауысып отырады, бірақ  бір нәрсе ғана өзгермейді, ол - кітапханашылардың әрқашанда өз оқырмандарына қызмет көрсете білуі болып табылады..

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика