Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 1том. Әңгімелер, повестер. – Алматы: «Арда+7», 2018
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат. Халқаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді. Жазушының 1 томына әңгіме, повестері берілген. Жазушының 2 томына «Екінші өмір» романы берілген. Жазушының 3 томына «Тау жолы» романы берілген. Жазушының 4 томына «Жиырмасыншы ғасыр» романының 1кітабы берілген. Жазушының 5 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының екінші кітабы берілген. Жазушының 6 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының үшінші кітабы берілген

Анонс

Іс-шара анонсы- желтоқсан - 2019ж.


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Мерзімді басылымдар күні «Егемен Қазақстан» газетінің жарыққа шығуына 100 жыл» 

05.12.19

 Дискуссия «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесім»

11.12.19

Буккроссинг «Молодежный книговорот»

20.12.19

Бейне круиз «Қазақстанның қасиетті жерлері»

24.12.19

Акция «Библиотерапия в подарок» (мед. мекемесіне әдебиеттерді жинау бойынша қайырымдылық акциясы)

27.12.19

Көрнекілік насихат

 

 Ақпараттық көрме «Барлығы ЖИТС туралы»

29.11.19

- 01.12.19

Көрме-импульс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

9.12.19

Көрме есімнама «Халқым деп соққан жүрегі»  (Ж. Аймауытовтың туғанына 125 жыл, Т. Рысқұлов 125 жыл, Мұстафа Шоқай 130 жыл)

25.12.19

 


Авторландыру

Лебедев Семен Андрианович

Қаралды (2298)

Кеңес Одағының Батыры Лебедев Семен Андрианович - полковник, 3-Белорусс майданы 1-ші әуе армиясы, 278-истребитель дивизиясы 43-әуе истребитель полкі әуе эскадрилиясының командирі, Совет Одағының Батыры атағын 1945 жылы алған.
Семен Андрианович Лебедев 1919 жылы Нұра ауданындағы Захар ауылында дүниеге келді. Қиырдағы қазақ ауылынан шыққан бала кейінде неміс фашистеріне қарсы күресте сан мәрте ерлік көрсеткен көрнекті ұшқыш қолбасшысы дәрежесіне дейін өсті.
   Алған бетінен қайтпайтын, жасынан пысық болып ержеткен жігіт 1938 жылы Качино әскери училишесін бітіріп, Қиыр Шығыста әскери ұшқыш болып қызмет етті. Ол 1943 жылдың көкек айынан бастап неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарға тікелей қатысты. Қырымды, балтық бойын, Белоруссияны азат ету ұрыстарында жаумен шайқасты.
Соғыс аспанында Лебедев басқарған 12 самолет жауға сан мәрте қатер төндіріп, талай шығынға батырды. Батыр жерлесіміз Семен Лебедев әрбір жолы өзін нағыз ерлерше көрсетті. Соғыстағы шеберлігі және бет қайтпас ерлігі үшін майор Лебедевке Ленин, 1-Дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», үш бірдей «Қызыл Ту» ордендері, «Александр Невский» ордені, көптеген медальдар беріледі.
    Ұлы Отан соғысы жылдары аспанға 200 рет көтеріліп жаумен соғысқан Семен Андрианович 34 мәрте әуе шайқасына қатысты, жаудың 22 сомолетін жер қаптырады.
   Талантты ұшқыш, білгір басшы, өнегелі тәлімгер Лебедев 1945 жылғы ақпанның 23-де СССР Жоғары Советті Президиумның Указымен Кеңес Одағының Батыры атағын алады. Алтын Жұлдыздың иегері коммунист жерлесіміз кейінде Берлинді талқандауға қатысады.
   Соғыстан кейін полковник Лебедев соғыс ғылымымен айналысып, Мәскеудегі Н.Е. Жуковский атыңдағы Әскери Әуе академиясында дәріс берді.1998 жылы дүниеден озды.

 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика