Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Өз шежірең есіңде болсын

Қаралды (6587)

Кеңес
Көптеген оқырмандарды олардың ата-бабасы кім екендігі қызықтыра бастаған. Бұл әбден түсінікті. Әдістемелік ұсыныстар кітапханашыға оқырмандармен жұмыс жасағанда, отбасыға бағалы құжат - шежірені жасауда көмек береді. Оның мәні ата-тегінің ар-намыс сезімін, тегі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, өз отбасының тарихын халық тарихының бір бөлігі ретінде ұғыну. Бұл үшін өз шежіресін барынша терең білген жөн. Отбасы мен тек түпкі мағынасында – бұл сен, сенің ата-бабаң және сенің ұрпағың.
Бұл ата-тектік шежіре болады. Оны жасау үшін өз ата-аналарыңнан, ата-апалардан бәрін сұрастырып, барлығын өз шежіресіне жазып қою керек. Бұдан сенің тууын үшін, барлық адамдар кездесуі керек болғаны көрінетін «үлкен ағаш» пайда болады. Егер тым болмаса бір жіп үзілсе, сен дүниеге келмес едің, басқа біреу туар еді.  Өмір жалғасады. Тектің жақсы деген ерекшеліктерінің сақталуы, рухани құндылықтардың артуы, балаларыңыз бен немерелеріңіздің сізді мақтан еткені және бұл өмірдегі сіздің ісіңізді жалғастырғаны өте маңызды. Шежірені жасаған кезде өткенді түсіну үшін шыдамдылық қана емес, дедуктивтік әдіс те керек. Сонымен қоса терминологияны білу өте маңызды.
    Генеалогия (грек тілінен - «шежіре») жеке тұлғаның шығу тегі мен олардың арасындағы туыстық қарым-қатынасты жасауға көмек береді. Бұл ғылым жеке рулар мен олардың қоғам өміріндегі рөлінің тарихын зерттейді. Генеалогия уақыт пен пен кеңістікте салынған шежірелік қатар жүйесінің элементі адамның өмірбаянының шежіресін зерттейді.
Генеалогиялық (шежіре) ағаш – тек тарихын ағаш түрінде ресімдеу. Ағаштың дініңде ата-бабаның аты мен суреті яғни «ағаш тамыры» орналасады. Сабақ пен бұтақтар да ағаштың ұшар басын құрайтын ұрпақтардың аттары мен суреттері тұрады. Зерттеуді «туысқандық» пен «жекжаттық» терминдерін нақты түсініп алудан бастау керек.  Туыстар арасындағы қарым-қатынас бірқатар орнықты терминдермен анықталады. Олардың ең маңыздысы – туысқандық – «қан бойынша» қарым-қатынас және жекжаттық – неке бойынша қарым-қатынас.
Жекжаттық – бұл жұбайлар арасындағы және басқа жұбайдың қандық туыстарының арасындағы, сонымен қоса некеден туындаған жұбайлардың туыстары арасындағы қарым-қатынас. Жекжат – біреумен жекжаттықта болатын адам.
Тек – бұл ортақ ата-текпен байланысқан адамдар, яғни арғы атадан басталатын ер жағының ұрпағы. Уақыт өткен сайын тектегі адам саны көбейеді, және ол бірқатар дербес тектерге бөлініп кетуі мүмкін. Отбасы – түрлі тек: күйеуі мен әйелі, олардың балалары, балаларының отбасылары, немерелері байланысатын қоғамның негізгі бөлігі. Отбасы мен тек отбасы шеңберінде туыстықтың деңгейін анықтайтын терминдер пайда болады, мысалы: «ата-баба» (ол өз ұрпақтары үшін туысқандық кестеде атадан үлкен болып келетін кез келген адам бола алады).
Әкелік үй  – бұл әке ғана емес, ата-баба тұрған үй.
 
          Шежіре деректері – бұл түрлі құжаттар мен олардың көшірмелерінің жинағы: тектің әрбір өкілі туралы үзінді көшірмелері, суреттер, мәтіндер, естеліктер т.б. Әдетте құжаттама материалдары кітапханалардан, мұрағаттардан жиналып, құжаттамада жазылып жатқан адамды танитын кісілермен кездескенде жазылып алыну арқылы ұзақ жазылады.
           Шежірелік карточка шежірелік құжаттама негізінде тектің өкілі жөнінде қысқаша мәліметтерді қамтиды:
• жылы, күні, айы және туған жері;
• ата-анасы жөнінде мәлімет;
• отбасылық жағдайы: әйелі, күйеуі, барлық некелері жөнінде мәлімет;
• этникалық шығу тегі;
• физикалық жағдайы;
• білімі;
• дінге сенуі, өмірінің түрлі кезеңіндегі әлеуметтік және лауазымдық жағдайы;;
• саяси пайымдары, қаржылық жағдайы;
• қайтыс болған күні (дереккөздері мен шежірелік құжатқа сілтемелер болуы тиіс).

Шежірені жасау - генеалогиялық зерттеу нәтижесі.Ол шежірелік аңызды - отбасының шығуы туралы аңызды қамтиды, тектің барлық ұрпақтарын санап береді. Зерттеу нәтижесін ағаш түрінде ғана емес, шежірелік кесте ретінде де ресімдеуге болады. Шежірелік кестелер екі қағидат бойынша жасалады: өршімелі және бәсеңдейтін шежіре. Өршімелі – бұл ата-бабаны өршімелі шыққан тегі бойынша іздеу нәтижесі (ұлынан әкесіне, әкесінен атасына, атасынан арғы атасына дейін). Мұндай кестелерге жақын туыстар ғана кіреді. Тектің шығуын зерттеген кезде өршімелі шежіре басты болып есептеледі.
Кейіннен тарайтын шежіре ортақ ата-бабадан ұрпақтарға өріс алады. Мұндай кестелерге тікелей ата-баба ғана емес, шежіре ішіндегі де, шежіреден тыс та туысқандық байланыс кіреді. 9-10 тізелік шежіре 1000 адамды құраса да, мұндай жазбалардың мүмкіндігі шектеулі.
Туысқандарды мемлекеттік мұрағаттардан іздеуге болады. Бүгінде ақпарт жинаушыға мықты компьютерлік технологиялар көмек беруде. Ғаламторда шежірені жасаушылардың сұраныстарын орындауға арналған шежірелік сайттар пайда болды. Бұл үрдіске ең ірі кітапханалар қосылған.
Біреулер: «Шежіре! Тарихи құжаттың түрін! Біздің отбасымыз ең қарапайым, әйгілілігі жоқ, мұндайлар миллиондап қаптап жатыр!» Бірақ бұл барлық гүлдер бірдей, кемпірқосақта бір ғана түс – ақ түс бар деумен тең келеді. Бірдей саусақ ізі болмайтындай, отбасы да бірдей болмайды. Сонымен қоса, миллиондаған отбасы шежіре жасамайды, ал сіз оны жасайтын болсаңыз, ол сізде пайда болады. Шежіре ата-баба жөнінде естелік сақтауға көмектеседі.

Сіздерге «Туысқандық сөздігі» жадынамасын ұсынамыз.
Бұл минимумды бәрі біледі:
• қайын ата мен қайын ене – күйеудің ата-анасы,  ата-ене - әйелінің ата-анасы. Қалған туыстық қатынасты бәрі біле қоймайды.
• Құда мен құдағи – ерлі-зайыптылардың бірінің ата-анасы мен туысқанына екіншісінің ата-анасына туысқандық қатысы.
• Күйеубала – қыздың, әпкенің қайынсіңлінің күйеуі.
• Келін – жұбайына күйеуінің туған туыстарына қатысы: әкесіне, анасына, ағаларыңа, әпкелеріңе,  ағаларының әйелдеріне және әпкелерінің күйеулеріне 
• Қайынаға – күйеуінің ағасы.
• Қайынапа – күйеуінің әпкесі.
• Балдыз  - әйелінің ағасы.
• Балдыз –  әйелінің әпкесі.
• Бажа –балдыздың күйеуі.
• Немере аға мен немере қарындас  – ата немесе апа жағынан балалардың қыз-ұлдарының туыстық қатынаста болуы. Туған аға мен әпкенің балалары.
• Кіндіктес (аға мен қарындас) – ортақ ана, әр түрлі әкенің болуы;
• Қандас (аға мен қарындас) – ортақ әке, әр түрлі анадан болуы.
• Өгейлер (аға мен қарындас) – өгей ана мен өгей әкеден туған ағалы-сіңілі
• Жиен  – ағаның немесе әпкенің қызы не ұлы (туған, немерелес, шөберелес), соған сәйкес немере әпкенің баласы - немере жиен және т.б.
• Шөбере ұл (жиен) – ағаның немесе әпкенің немересі .
• Өгей ана – бұрынғы некеден туған балалардың әкесінің әйелі, туған ана емес.
• Өгей әке – ананың бұрынғы некесінен туған балаларының қазіргі уақыттағы әкесі, туған әке емес
• Өгей ұл – ерлі-зайыптыларды бірінің туған емес баласы, басқасына бала болып келетін.
• Асырап алған әке (ана) – қызды немесе ұлды асырап алған адам.
• Асыранды ұл (қыз) – біреумен асырап алынған.
• Күшік күйеу  – әйелінің үйінде қабылданған, сол үйде тұратын күйеубала.
Бұл өлкетанулық жұмыстың терең талдануы отбасыны іздеуге және отбасылық мұрағатты жасауға  итермелеуі мүмкін.Өз кезегінде, бұл іздеу, үлкендер мен кішілерді, қарттар мен жастарды жеке қызығушылықпен байланыстырады, ол керемет ашуларға әкелуі мүмкін. Осылайша, сіздің отбасыңыз тарихта, шежіресіңде жиырмасыншы ғасырдың ұрпағы жақсы әрі толығымен сипатталғандығымен әйгілі болады. Өз шежіреңізді зерттеу арқылы сіз отбасыңыздың ғажайыптығына көз жеткізесіз.
Кітапханаларда «Өз туысқандығыңды есте сақта» ұранымен  «Менің отбасымның өмірбаяны елімнің өмірбаянында» немесе «Менің отбасым», «Менің шежірем» атты сайыстарды өткізуге ұсынамыз.Ол сайыста өзінің шежірелік білімдерін жастар, оқушылар көрсетеді. Сайыс нәтижесі бойынша кітапханада «Мен және менің шежірем» әңгіме-кешін өткізуді, сайысқа қатысқан оқырмандардың әңгімелер жинағын шығаруды  ұсынамыз.

Құрастырушы С. Нұртазина,
кітапханаларды дамыту
секторының жетекшісі
 


 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика