Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Заманауи кітапхананың интерьеріндегі көрме.

Қаралды (8890)

Кеңес беру
19 ғасырдың кітапхана жұмысының тәжірибесіне енген кітап көрмесі, құқығы бойынша кітапты жария етудің ең көп таралған түрі болып табылады. Бұл түрдің әйгілілігін, қордағы кітаптарды оқырмандарға жедел, әрі аз уақыт жұмсау арқылы таныстыру мүмкіндігін бере алатындығымен түсіндіруге болады. Көрмеде қойып көрсетілетін материал мазмұны мен көлемі жағынан әр түрлі болып келеді.
Өз мақсаттары мен міндеті бойынша кітапхана қорының мазмұнын ашып көрсету, көрмеге барынша көп оқырмандарды шақыру арқылы кітапхананы және оның қорлары жайында білім беру – оқырмандармен жұмыс жасаудың формасы болып табылады,  пайдаланушылардан жауап алатын   бұл форма өте белсенді болып табылады. Кітап көрмесін даярлаған кезде оның мақсатты тағайындауын анықтау керек. Жай ғана, оны не үшін және кім үшін ресімдейтінінді ойлау керек. Ең кішкентай көрменің өзі сізге де, кітапхана оқырмандарына да той секілді көрінуі керек, жасалынған жұмыстан ләззат алуыңыз қажет. Оқырмандарды ресімдеуің қысқа әрі көзге түсетін көрме атаулары, мәтіндер, жарқын түсті суреттемелер, ресімдеудегі қалыпсыз шешімдер қызықтырады. Атауды таңдау – өте күрделі сәт, себебі онда бүкіл көрменің идеясы жатады. Бұл жерде кітапханашының ықыласы мен батылдығы, шығармашылығы, қиялы толығымен ашылуы тиіс. Атаудың бірнеше талабы бар.  Біріншіден ол 4-5 сөзден кем емес болуы, мақсатты және оқырмандық тағайындауды көрсете білу қабілеті болуы керек. Мысалы: «Жаңа кітаптар» деген көрменің атауын «Сіздер үшін ең жаңасы!» дегенге ауыстырыңыз. Ресімдеудің бірегейлігіне, қарапайымдылығына көңіл аударыңыз, дағдылықтан құтылыңыз. Мәтінді жолдарға бөлуде қисын болғаны дұрыс. Атауда халықтық бағыт болу керек, сонымен қоса ол оқырмандарды тарта алардай рөл атқарғаны дұрыс. Мысалы: «Бәрін тастап оқы!», «Тыныққын келген кезде». Атақты жарнаманы зерттеуші Альфред Политу жарнаманың қандай түрлері маңызды болады деп сұрағанда, «ең маңыздысы атау болып табылады, себебі кейбір адамдар тек соны ғана оқиды» деп жауап берген екен.
Бастаманы ресімдеуде түстік шешім маңызды рөл атқарады. Көрме оқырмандардың назарын жарқындығымен және бейнелілігімен тартқаны дұрыс. Ол шектен тыс ала-құлалық пен айқайлайтын түстермен тітіркендірмеуі керек. Түстің ең үйлесімді түрлері: қара мен сары, қара мен қызғылт сары, қызыл – ақ – көк, көктегі, қызылдағы, жасылдағы ақ. Біз атаулар мен топтамаларды ресімдеуде ақтағы қызыл мен ақтағы қараны үйлестіріп жасауды әдетке айналдырғанбыз. Алайда олар көзге жаман көрініп, оқырманды қызықтырмай кетеді екен. Жазуды үш түрде жазған дұрыс: біреуі ортақ мәліметтің, басқасы мәтіннің құрамдас бөлігі немесе қолданылатын таңбалар, үшіншісі – фон. Ортақ фонды таңдаған кезде ашық түсті қағазды қолдануға болады. Көрушінің кейбір түстерге деген әсерін де ұмытпаған жөн (қара – ескерту, қызыл – қауіпті сезу). Түс таңдарда ол түстің бүгінгі күндегі әйгілілігі мен сәннің ықпалын да есепке алу керек. Ресімдеуде көрме атаулары мен дәйексөздерді жарқын, түрлі-түсті ету үшін, сонымен қатар атауға сәйкес суреттерді таңдау арқылы өзгертіп отыруға арналған компьютерлік графика элементтерін тиімді пайдалануға болады. Сонымен, көрме тұжырымдамасы қалыптасты, атауы таңдалып ресімделді. Алда тұрған нәрсе бөлшектерді пысықтау, идеяларды, бейнелерді, жеке акценттерді білдірудің амалын іздеу. Көрме тұжырымдамасымен мазмұнды байланысқан заттар, бөлшектер және оның композициясын фон арқылы толықтыратын түрлі аксессуарларды пайдалану арқылы ойды көзге түсерліктей етіп іске асыруға болады. Аксессуарларды таңбалы, заттық, көркем, сәндік, құрылымдық деп жіктеуге болады. Таңбалы аксессуарлар – дәйексөздерді, аннотацияларды, мәтіндік топтамаларды, атауларды қолдану. Көркем аксессуарларға белгіленуі бойынша заттық аксессуарларға ұқсайтын суреттер, коллаждар, суреттер, фотосуреттер жатады. Жоғарғы сол жақ бұрышқа басқа жерлерге қарағанда көбірек көңіл аударылатыны дәлелденген, сол себепті оқырмандардың назарын экспозицияға аударту үшін сол бұрышқа екпін түсірген дұрыс. Мәліметті топтаған кезде симметрияны сақтаған дұрыс, ол бүкіл байланыс үйлесетін орталықтың бар екендігін болжап көрсетеді. Көрменің мазмұндығын естен шығармай, мәліметті қабылдаудың психологиялық-педагогикалық заңдарын есепке алу керек. Ақпарат тым көп болмауы керек. Мүмкіндігінше, кітаптық қойылымды көрсететін қысқа анықтамалық жасап шығарған жөн. Көркем ресімделген кітаптық-суреттік көрмелер кейде мәдени жергілікті өмір оқиғасына айналады. Оқырмандар қойылымның алдағы уақытта өзгертілуіне, толықтырылуына қатыса алады. Бұл үшін көрмеде пікірлер мен ұсыныстар кітабы болу керек. Жақсы ұйымдастырылған көрменің өзі ұзақ жүрсе, тиімсіздікке әкеледі. Біраз уақыттан соң керемет көрменің өзі кітапхана интерьерінің үйреншікті бөлігіне айналады. Сол себепті көрмелер мерзім сайын жаңартылып отыруы керек. Көрме қойылымының оңтайлы мерзімін анықтағанда келушілер назарының қызғуы мен бейқам қалғанын ескеру керек. Тәжірибе бойынша көрмеге деген қызығушылық  бір аптадан кейін төмендей бастайды, ал 12-15 күннен кейін күрт әлсірейді және мүлдем жоқ болады. Назарды ұстау үшін газеттер мен журналдардағы мақалаларды жеке басылымдармен ауыстырып, көрмеге жаңа кітаптар қою («Жаңалық» деген жапсырма-қағазбен) арқылы жаңартулар жасау керек.
Заманауи көрменің түрлері сан алуан. Назарларыңызға көрме жұмысының қызықты түрлерін ұйымдастыру әдістемесінің түсіндірмесі:
Сұрақ-жауап сайысы көрмесі сұрақ-жауап сайысы бойынша мәселелерді және әдебиет қойылымын талап етеді және оның көмегімен оқырманға бұл сайыс сұрақтарына жауап беру ұсынылады. Сұрақтар күрделілігі жағынан көрме арналған оқырмандар санатын ескере отырып әртүрлі деңгейлі болуы шартты. Оқырманды сұрақ-жауап сайысына шақыруға арналған үндеу болу керек. Сұрақ-жауап сайысы көрмесін кітапхана қызметтерін жарнамалау үшін пайдалануға болады:
- көрме тақырыбы бойынша әдебиетті үйге алуға болатындығын нұсқау (қайда және қандай шарттармен);
- келесі сұрақ-жауап көрмесін ұйымдастыруға ұсыным беру және т.б.
Сұрақ-жауап сайысын мынадай мәтінді «Егер сұрақ-жауап сайысының барлық сұрақтарыңа жауап берсеңіз, сіз – білім көзісіз, 10-15 сұраққа жауап берсеңіз, сіз – әдебиет білгірісіз, 5-9 сұрақ болса абонементке жазылыңыз, 1-4 сұраққа жауап берсеңіз жедел түрде кітапханаға жазылыңыз, бірде-бір сұраққа жауап бере алмасаңыз, сіз бәрібір жарайсыз, себебі сіз біздің сұрақ-жауап сайысының жанынан өтіп кеткен жоқсыз!»
Вернисаж көрмесі суреттерді немесе көшірмелерді көрсетуді көздейді. Вернисаж суретші-авторлар, жергілікті суретшілердің шығармашылығы, өнердегі осы бағыт туралы, жұмыстарды экспонаттауда көбірек алаңды, жарықты, дәйексөздерді, антуражды пайдалану туралы әдебиет қойылымымен беріледі. Бұл көрменің қиындығы – суреттеме материалдарының әртүрлілігінде, кітапханашының шымылдықтарды қолданып әрбір суреттеменің даралығын сақтай білуінде.  
Диалог-көрме: Екі көзқарас, екі автор диалогі. Авторлардың бұл тақырып, сұрақ, мәселе бойынша диаметрлі қарама-қарсы көзқарастарының әдебиеттері ұсынылады. Оқырмандар бұл сұрақ бойынша пікірлерін көрменің жанында жатқан қарындаш пен қағаз арқылы білдіре алады.
Ойлау көрмесінің (толғанушылық) талап ететіні:
- оқырмандарға (жастардың белгілі бір тобы) немесе кең аудиторияға қызықты тақырып
- берілген сұрақ, тақырып бойынша сан алуан немесе екі түрлі көзқарастардың болуы. Айтылған көзқарастар бойынша әдебиеттер ұсынылады.
- оқырмандарға бұл сұрақты, тақырыпты талқылауға қатысуды ұсынатын мәтіндік өтініштің болуы. Көрменің оқырманына бұл тақырып бойынша кітапханалық іс-шаранының өткізілетінін күні бұрын еске салатын әр түрлі көзқарастардың түрлі-түсті көрсеткіштерін жасауға болады. Көрменің неғұрлым  ғаламдық, көкейкесті тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамаланады.
Коллаж көрмесінің басты қызметі оқырмандардың назарын тарту. Ол жарнамалық-ақпараттық сипатта болады. Тақырып әдетте кең ауқымды болып келеді. Мысалы: «Мен жаспын». Ресімделген коллаж шеңберінде жекелеген мағыналы тақырыпшалар топтастырылады (сән, музыкамен әуестену және т.б.). Бөлімдері бар нақты құрылым жоқ. Суреттеме материалдар кеңінен пайдаланылады. Көрме жарқын түсті болып, талғаммен ресімделуі тиіс. Тақырыптық топтар ішінде немесе көрменің жанында әдебиет туралы ақпарат, хабарландырулар, сілтемелер, кітапханаға түскен жаңа басылымдар туралы жариялымдар, ақпараттар болуы мүмкін.
Жылдам көрме – бұл көкейкесті тақырыптың, кітаптың, мақаланың, қызықты басылымның шығуымен байланысты жоспардан тыс жедел көрме. Пішіні жағынан кез келген болуы мүмкін, ең бастысы назарды аударту. Көрме атауы мынадай болуы мүмкін: «Назар аударыңыздар!», «Баспасөз дабыл қағады!», «Ыстық тақырып!».
Құжаттама көрмесі – белгілі бір іске, сұраққа байланысты құжаттар, куәліктер, еңбектер. Олардың көмегімен оқырман дербес өз ұстанымы мен бағасын анықтай алады.
Шабыт көрмесі – жұмыс жасауға түрткі болады. «Тоқта», «Абайла...», «Зиян келтірме...» және т.б. сөздерімен басталуы тиіс. Көрмеге қойылатын материалдар жалынды, жарқын, бірегей сипатта болуы керек.
Диорама көрме – атау мен ресімдеуде көрінуге тиіс бүтіннің көрнекті бөлігі. Мысалы: «Ұлы Отан соғысы аясындағы Сталинград шайқасы», «Нашақорлық – ХХІ ғасырдың қасіреттерінің бірі». Көрмені ресімдеуде келесі үрдістер сақталуы тиіс: әуелі сіз мәселені тұтастай белгілеп, кейін атауда берілген шағын тақырыпты алып ашасыз немесе бұның бәрі керісінше ресімделуі тиіс.
Кітап көрмесінің пішінін таңдау аясы тар мақсат емес, ол тақырып мазмұнын ашудың тиімді тәсілі. Жақсы дайындалып ұйымдастырылған көрме – кітапхана өнерінің туындысы, ғылыми және шығармашылық ізденістердің жемісі, шабытты жұмыстың нәтижесі. Ол кітапхананың жақсы атағының шығуына септігін тигізуі тиіс.
Франзуз  әріптесіміз Пьер Брейя «Біз көрмелер заманында өмір сүреміз» деп есептейді. Кітап көрмелерін кітапхананың өзіндік карточкасы деп есептеуге болады. Олардың көмегімен оқырман әдебиет байлықтарын біліп қана қоймай, оған қоса кітапхана стилі туралы да біледі. «Ақпаратаы иеленген ілгері жүреді» деген жарнама тақырыбы атау қызметін атқарып, қойылған материалдың мазмұнын анықтады. Тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге көмек берген кітаптар, мерзімді басылымдар, нормативтік құжаттамалар стендке келушілер арасында қолдан-қолға ауысып отырып қатаң тәртіптегі көрмеде көп тұрмайды. «Ақпаратқа ие болыңыз», «Сайтқа қош келдіңіз» атты алуан түрлі парақшалар, бетбелгілер, бүктемелер тәрізді кітапхананың жарнамалық өнімдері әйгілі болды. Қорытындылай келе белгілеп айтатыным, көрмені ұйымдастырушы адам жазылған мәліметтермен және ұсыныстармен шектелмеуі тиіс. Көрме жұмысының әсерлілігі мен сапасын арттыру кітапханашы жарнама психологтарының, педагогтерінің, жұмыскерлерінің т.б. тәжірибесін қалай меңгергендігіне байланысты,  сонымен қоса алға қойылған талаптарды орындауда шығармашылық және батыл шешімдерді іздеу. Маяковский В.В. айтқандай «Бізге шығатын кітаптарды салқын қанды тіркеуші кітапханашылар керек емес. Сіз кітапты оқырманға ұсынасыз ба? Оны оқудың маңыздылығын түсіндіріңіз, оқырмандық махаббатқа түрткі жасаңыз». Заманауи кітапханалардың көрме кітаптарының қойылымдары дәл осыған ықпал етеді. Кеңес ретінде сіздерге ұсынатыным көрмелік қойылымдар түрлерінің тізбесі:
Антология көрмесі
Жыржинақ көрмесі
Сұрақ – көрме
Дайджест көрмесі
Пікірсайыс көрмесі (талқылау, айтыс, сөзбен қағысу)
Диалог көрме («Жастарға не қызықты? Сенің арманыңдағы кітап қандай? Жаңа ғасырдың - жаңа кітаптары, Қайта оқып шығатын кітаптар. Аудан кісілері: жұлдызды құжаттама»)
Дилемма көрмесі (екі мүмкіндіктің біреуін таңдау)
Диорама көрмесі (бүтіннің ерекше бөлігі)
Құжаттама көрмесі
Сұрақ-жауап сайысы көрмесі (Сіз өз өлкеңізді білесіз бе? Байқауы, ойыны, жұмбағы)
Карта көрме
Өлкетену кесіндісі көрмесі
Таныстыру көрмесі (көрсету)
Вернисаж көрмесі ()
Көрініс көрмесі
Естелік басылымдар көрмесі (жанрлық, еске түсіру)
Кеңес көрмесі (ұсыныс)
Көру көрмесі
Рәміз көрмесі
Шақыру көрмесі (үндеу)
Кереғарлық көрмесі
Жарнама көрмесі
Сөздік көрмесі (әліппе, Президенттің халыққа жолдауы бойынша)
Коллаж көрмесі
Репортаж көрмесі
Калейдоскоп көрмесі
Хабарлар көрмесі (оқиғалардың шежіресі)
Рейтинг көрмесі
Құрмет көрсету көрмесі (мерейтой, мойындау, арнау)
Ретроспекция көрмесі («Өткен ғасырдың бестселлерлері»)
Күнтізбе көрмесі (күні)
Саяхат көрмесі
Ермек көрмесі (құмартулар, жинақтама)
Экспресс көрмесі;
Айдарлар көрмесі или топтама
Портрет көрмесі («Ауылдың, кенттің, ауданның атақты отбасылары тарихынан»)
Газет көрмесі
Бір кітаптың көрмесі (тұсаукесер, таныстыру рәсімі, дебют көрме)
Ойлану көрмесі (қайырымды және адамгершілікті болыңыз)
Сауалнама көрмесі (көңіл-күйдің қоңыр күзі)
Құттықтау көрмесі
Детектив көрмесі ("Тергеуді оқырман жүргізеді" немесе "Конан Дойлдың жұмбағы" - оқырмандарға сұраққа жауапты табу ұсынылады, ол жауап Конан Дойлдың кітаптарының бірінде болады. Мысалы: "Бейкер стриттегі алауошақта кімнің кебісі жанып кетті" Кітаптардың жанында әңгімелерде жиі аталанытан заттар орналастырылды). 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика