Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Іс-шаралар анонсы қараша 2020 жыл


Нұра ОКЖ-нің 16.11.20 бастап 22.11.20 дейінгі онлайн іс-шаралар аңдатпасы

 

Іс-шаралар атауы

Өткізілетін уақыты

«Ауылымның болашағы мен бүгіні» сурет байқауы. Ахметауылдық кітапхана.

16.11.20

«Менің атым Қожа» электронды кітап ұсыну. Изенді ауылдық кітапхана.

16.11.20

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының темірқазығы» кітап көрмесі. Жараспай ауылдық кітапхана.

16.11.20

«Ұстаз және ақын». Библиопост. Тассуат ауылдық кітапханасы.  (Р. К. Мұқышевтың 100 жылдығына орай)

16.11.20

«Күн кеңесі» айдары. Кобетей БК.

16.11.20

Кітап көрмесі «Книжные жмурки». Байтуған ауылдық кітапханасы.

16.11.20

«Бабалар сөзі – даналық көзі», «Бабалар сөзі» сериясымен шыққан әдебиеттерді насихаттау. Көбетей ауылдық кітапхана.

16.11.20

Рухани жаңғыру аясында «Қыз Жібек эпосы»  оқырман ұсынады. Изенді ауылдық кітапхана.

16.11.20

«Қазақтың көне аспаптар – бабалар үні» ақпараттық бейнеролик. ЦДБ.

16.11.20

Виртуалды саяхат «Салт –дәстүрді сақтайық». Байтуған ауылдық кітапхана.

16.11.20

Еңбек күніне орай «Әлемнің әміршісі - еңбек» библиопост. Ақмешіт ауылдық кітапхана.

16.11.20

«Балалардың сүйікті жазушысы» библиопост. Қарой ауылдық кітапхана.

16.11.20

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» виртуалды кітап көрмесі. Мынбаев ауылдық кітапхана.

16.11.20

«Заречное ауылынын шежіресі» циклінен басылым. 18-ші. Үкіметтік наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған ауыл тұрғындары.Заречная ауылдық кітапханасы.

16.11.20

«Діни экстремизм және терроризм» библиопост. Кертінді ауылдық кітапхана.

18.11.20

«Жараспай ауыл шаруашылығы қызметкерлері баспасөз беттерінде» слайд (мұрағаттар сыр шертеді). Жараспай ауылдық кітапхана.

18.11.20

«Это наша с тобой биография». айдарының 2-ші жарияланымы. Заречная ауылдық кітапханасы.

18.11.20

Ауыл еңбеккері күніне орай  «Тың өлкесі – туған өлке» көрмесі. Шахтер ауылдық кітапханасы.

18.11.20

«Әл-Фарабидің әдеби мұрасы» кітаптарына шолу. Кобетей БК.

18.11.20

«Жаңа кітаптар» әдебиеттердің тақырыптық көрінісі. Ахметауыл ауылдық кітапханасы.

18.11.20

«Абайдың қара сөздері» тұрақты айдары.  Жараспай ауылдық кітапхана.

19.11.20

«Алаштың ардақтысы» бейнеролик. М.Дулатовтың 135 жылдығы. ЦРБ.

19.11.20

 

Сапарғали Бегалин кітаптарына бейнешолу. ЦДБ. 

19.11.20

«Нет милей Родины моей» онлайн өлкетану сағаты. Егінді ауылдық кітапханасы

 

20.11.20

 


Авторландыру

Семинарлар -2013

Қаралды (2774)

«Кітапхана өлкетану саласының ақпараттық орталығы» -семинар
(12.03.2013 ж.)
2013 жылдың 12 наурызында Нұра АОК -да «Кітапхана өлкетану саласының ақпараттық орталығы» деген атау семинар өткізілді. Ауыл кітапханашыларына: «Нұра ауданының 85 жылдығына материалдық естелік пен жастардың тарихи-патриоттық тәрбиесін сақтаудағы ауылдық кітапхананың рөлі мен орыны» (қызмет көрсету секторының жетекшісі С.А.Мұстафина), «Нұра ауданындағы шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық қызметі» (кітапханаларды дамыту секторының жетекшісі С.Р. Нұртазина),  «Өлкетану бойынша 3d кітабын қалай шығару керек» (автоматтандыру және жаңа технологиялар секторының жетекшісі А.А.Никитова) жөнінде кеңестер берілген.
«Кітапхананың өлкетанулық бейнесін қалыптастырудың жолдары» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен Кертінді, Көбетей, Ақмешіт модельді ауыл кітапханаларының кітапханашылары сөз сөйлеп,  Б.Ахтямова, Б.Қуандықова, Н.Сүлейменовалар презентацияларын көрсетті.
            Семинар шеңберінде кітапханашылар алда тұрған жұмысқа қатысты сұрақтарды талқылаған «Бір сағат кәсіптік тілдесу» өтті. АОК кітапханашысы Т.Ж.Құсайынова «Бір ел – бір кітап»
республикалық акциясының шеңберінде кітап көрмесіне шолу жасады. «Нұра ОКЖ кітапханаларының стратегиялық жоспарлауы жөнінде» ОКЖ директоры Л.А.Кумпан айтып берді. Ауылдық кітапханашылар кітапханалардың «Сен тұратын өлке» өлкетанулық өнім сайысының ережелерімен таныстырылды.
Кітапханаларды дамыту секторының жетекшісі С.Р.Нұртазина «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу жоспарымен таныстырды. Оған қоса, «Еркін трибуна» жұмыс істеп жатты, онда семинар өткізгісі келетін АОК мамандарының пікір-тілектері берілді.  Ниет білдіргендерге Нұра АОК өлкетану секторының базасында құрылған, тарихи-өлкетанулық мұражайға экскурсия жасау мүмкіндігі берілген. Семинардың нәтижесін ОКЖ директоры Л.А.Кумпан айтты.
Қарағанды облысының кітапханалар күні  «Шығармашылық пен жаңартпалар аумағы».
(29.05.2013)
         Нұра ОКЖ қызметкерлері Астана қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында «Шығармашылық пен жаңартпалар аумағы» Қарағанды облысының кітапханалар күнін өткізуге қатысты. Семинар «Жастарды әлеуметтендіру ісінде - кітапхана белсенді қатысушы ретінде. Библиотеки – активные участники в деле воспитания молодежи»
(06.06.2013)
          Нұра ОКЖ-да Қарағанды облыстық Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру,  кітапхана беделін көтеру, жас оқырмандардың шығармашылығын дамыту мақсаттырмен «Жастарды әлеуметтендіру ісінде - кітапханалар белсенді қатысушы ретінде. Библиотеки – активные участники в деле воспитания молодежи» семинарын өткізді. Семинар екі бөлімнен тұрды.
    Нұра ОКЖ және «бектұровтықтар» сөз сөйлеген кәсіби бөлім. Жаңартпа-әдістемелік бөлімнің жетекшісі О.Н.Волкова  «Президенттің жаһандық идеялары – мақсаттары мен бағыттары» - «Идеи Президента – установки и ориентиры» баяндамасымен сөз сөйледі, онда Президент Н.Ә.Назарбаев дауыстап айтқан «2050 стратегиялары - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» идеяларын жүзеге асыру қоғамның әлеуметтік ең белсенді бөлігі ретінде жастарға тиесілі, мемлекет саясатындағы басым бағыт жастардың шығармашылығын, интеллектуалдық және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, азаматтардың бұл санатымен жұмыс жасау мемлекет тарапынан билік институттарының, мемлекеттік құрылымдар мен кітапханалар жағынан ерекше назарды талап етеді дегенге тоқталған. «Кітапхана бейнесі: шығармашылық зертхана» - «Имидж библиотеки: творческая лаборатория»,  бұл жерде  кітапханалардың жағымды әрі қолайлы бейнесін қалыптастыру,  бейненің позитивтік сипаттарының тиімділігінің факторлары мен шарттары туралы, ашық кітапхана тұжырымдамасы жөнінде, кітапхананы жастарға қалай тартымды етуге болатындығы туралы айтылды.
Жастардың санасына ықпал ететін ең дәлме құрал кітапханалардың бағдарламалық және жобалық қызметі.  Ж.Бектұров атындағы ОКЖ қолданыстағы ұзақ мерзімді жобасы – клуб қызметі, яғни Жастардың зиятты орталығы «БОТА». Жасөспірімдердің тілдесуі мен көпшілік жұмыс бөлімінің жетекшісі Н.Ф. Шмойлова «Ынталы жастар одағы: Жастардың шығармашылық бірлестіктері»-«Союз молодых и увлеченных: Творческие молодежные объединения»  деген сөз сөйлеуімен  «БОТА» клубының құрылуының тарихын жарықтандарды, 17 жыл ішінде өткізілген ең жарқын деген іс-шараларға тоқталды: on – line-конференциялар, виртуалды шығармашылық конкурстар, жастарға арналған телевизиялық зияткерлік ойын "Жаңғырық" және т.б. айтып өтті. Оның «Стандартқа жатпайды: жасөспірімдермен жұмыстың жаңа түрі» - «НЕ стандарт: новый формат работы с юношеством» деген басқа бір сөзінде Ж.Бектұров атындағы ОЖК-да және шетелдегі жасөспірімдермен жаңартпалы жұмыс формалары туралы айтылды.
Нұра ОКЖ-да «Нұра ОКЖ-сі кітапханаларының жұмысы: жастар аудиториясы – жаңартпалар, күрделі мәселелер және оларды шешу жолдары»-«Деятельность библиотек Нуринской ЦБС: молодежная аудитория – инновации, проблемы, решения» тақырыбы бойынша ОКЖ директоры Л.А.Кумпан және К. Мыңбаев атындағы ауылдық модельді кітапханасының жетекшісі - С.Қ. Шақабаева  презентациямен сөз сөйледі.
Л.А.Кумпан аудан бойынша «Жасөспірімдер» оқырмандық тобына қызмет көрсететін жүйелік  30 кітапхана бар екендігі, ал АОК-ға «Жасөспірімдер» кафедрасы бөлінгені туралы баяндап берген.  ОКЖ-да  жоғаыры деңгейде жабдықталған 9 модельді кітапхана бар. Сонымен қоса аудан кітапханаларының өлкетанулық, басылымдық,  жобалы-бағдарламалық қызметі жөнінде айтылады.
«Жаңартпалы-кітапханалық қызмет: жаңа мүмкіндіктер мен ескі мәселелер» семинар-жаттықтыру сабағы.
(17.10.2013)
         Нұра ОКЖ базасында облыстық семинар-жаттығу сабағына АОК, Нұра ОКЖ модельді кітапханаларының, Осакаровка ауданындағы біздің көршілес әріптестеріміздің және Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК мамандары қатысты. Өткізу бағдарламасы туралы айтып, семинарды ашқан Нұра ОКЖ директоры Л.А.Кумпан. Тәжірибелік жаттығулар төрт топта өтті.
Толықтырушылар бірінші топта жаттықты. Алматы қаласындағы ҚРҰБ Корпоративтік Каталогтаудың Қазақстандық Орталығының библиографиялық жазбаларын өңдеу технологияларын  жалға ал, кілт сөз жасаудың сапасы мәселелері бойынша  сабақты Гоголь атындағы ОҒӘК ӘИБ аға кеңесшісі Ирина Сергеевна Иссык өткізді.
Екінші топ www.nurlib.kz, http://cbs-ocakarovka.kz. сайттарының веб-редакторымен жұмыс жасады. Бөлімдерді, беттерді, құжаттарды, гипермәтіндерді қосу және жасау, фотоны енгізу, өшірілген ресурстармен жұмыс,  РDF-та ақпарат жасап торапта орналастыру, мазмұнын толтыру. Сайтты дамытудағы техникалық сүйемелдеу. Сабақты Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің жетекшісі Анастасия Авинеровна Болдыш, Нұра ОКЖ автоматтандыру секторының жетекшсі Анна Александровна Никитова, Осакаровка ОКЖ жүйелі технигі Виктория Александровна Кошевецтар өткізді.
Үшінші топ өлкетанулық құжаттарды цифрлаумен,  Google+ Рicasa web-альбомын жасаумен айналысты. Сабақты өткізген Осакаровка ОКЖ библиографы Сәуле  Жанарстанова, ОӘҒК АОК әдіскері Аяулым Рахманқұлқызы Жазыбековалар өткізді.   
Библиографиялық қызметтің ресурстық базасын Осакаровка ОКЖ базасына сәйкес  жетілдіру жөнінде Осакаровка ОКЖ библиографы Сәуле Еркінқызы Жанарстанова айтты.   Ең үлкен  топ www. кarlib.кz торабының «Әдіскер кабинеті» бөлімінде көрсетілген ғаламтор ресурстарымен айналысты, ол оқырмандарға қызмет көрсетудің көмегі ретінде кітапханашыларға ғаламтор ресурстарымен жұмысты жандандыруға көмектеседі. Кітапханашылар ресурстармен балабақша тәрбиешілеріне, мектеп мұғалімдеріне, ауылшаруашылық мамандарына, Қазақстан тарихы бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі цифрлық білім беру ресурстарына көмек беру үшін танысты. Электронды кітаптар қазақ және орыс тілдерінде. Интерактивті ресурстар (сұрақ-жауап сайыстары, сөзжұмбақтар). Балалар сайттары. Кітап оқуға көмек беруге арналған  ұсынбалы сервистер,  тәжірибелік сабақтарды өткізу барысындағы ғаламтор ресурстарының әртүрлілігі жөнінде айтқан модераторлар: ОӘҒК ОАК жетекшісі Ф.Х.Тимершина, Нұра ОКЖ кітапханаларды дамыту секторының жетекшісі С.Р.Нұртазина, Осакаровка ОКЖ әдіскері Е.А.Попова. Ақпаратты өз бетінше іздеу ауыл кітапханашыларына ғаламтордың ақпараттық  ресурстарының үлкен алуан түрлілігін ашты. Барлық кітапхана мамандары өздеріне істеріне қатысты жаңа өзгерістерге қол жеткізді, өткізілген сабақтардың мазмұны жағынан қанықтылығы зор болды. Тәжірибе-семинардың қорытындысын Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-нің мамандары жасады. 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика