Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Семинарлар -2014

Қаралды (1138)

«Кітапхана мамандарын аттестаттау және кітапханалардағы еңбекті қорғау» семинар-практикумының
(2.06.2014 ж.)

Мақсаты:

  • Нұра ОКЖ кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін аттестация тапсыруға дайындау үшін арттыру
  • «Кітапхана мамандарын аттестаттау және кітапханалардағы еңбекті қорғау» семинар-практикумы Нұра ОКЖ мамандарын алдағы көпшілікке танылған және қызметкерлердің қызметін бағалаудың ең танымал әрі кең таралған формасы аттестациялауға дайындауға  арналған. Семинар-практикумды ОКЖ директоры Л.А.Кумпан «Нұра ОКЖ кітапханалары қызметінің заңнамалық және нормативті-құқықтық қамтамасыз етілуі» сөзімен бастады. Л.А.Кумпан барлық кітапханашылар өз жұмыстарын жетілдіруге және жаңа білімге ұмтылады деген үмітпен аттестатталушыларды аттестаттауды дайындау және өткізу технологиясымен, өткізілу мерзімі және міндеттерімен, ауылдық кітапханалардың нормативті-құқықтық базасымен таныстырды.      Нұра  АОК бөлімдері мамандары «Аттестаттауға дайындау мен оны өткізуде әдістемелік сүйемелдеу» ұсынымындағы аттестаттауды өткізудің өзекті сұрақтарын қарастырды.

       Семинар барысында «Аттестаттауға дайындалу мен оны өткізудің мәселелері» бойынша ашық пікірталас өтті, оның барысында ауыл кітапханашылары өз тәжірибелерімен бөлісті, аттестаттау бойынша қызықтыратын күрделі мәселелерге жауаптарын алды. 
Семинар-практикумның қорытындысында «Портфолионы» дайындау мен ресімдеу» тақырыбында практикалық жаттығулар өтті. Семинар-практикумның қатысушылары өз кітапханаларының портфолиоларын іс жүзінде жасай алды.        Ауыл кітапханашылары семинар-практикумның тақырыбы бойынша ақпараттық мәліметтердің жинағын алды.       
Семинар-практикумда келесі ұсынымдар қабылданды:

  • Нұра ОКЖ-да аттестатталушыларды (семинар-практикумда болмағандарды) аттестаттауды өткізу мерзімімен және міндеттерімен таныстыру
  • Аттестатталушылармен маманның өзін-өзі бағалау формаларын толтыру
  • Кітапханаларда ауылдық кітапхана қызметінің барлық нормативті-құқықтық құжаттамасы, аттестаттауға дайындалған уақытта сұрақтар тізімі болу керек 
  • Әрбір ауылдық кітапхана рәсімделудің әдістемелік ұсынымдары бар  жадынамаға сәйкес портфолиоларды рәсімдеуі тиіс
  • Ауылдық кітапханаларға дербес кеңес берулер өткізу 

 

 «Нұра ОКЖ ақпараттық кеңістігіндегі кітапхана сайты» проблемалық семинарының
(18.04.2014 ж.)

      «Нұра ОКЖ ақпараттық кеңістігіндегі кітапхана сайты» проблемалық семинарында nuralib.kz Web-сайтын құру мен оны дамытудың басымдылықтары туралы сұрақтар қарастырылды.  Автоматтандыру және жаңа технологиялар секторының меңгерушісі А.А.Никитова сайтты жетілдіру жұмыстарының негізгі бағыттары,  on-line режимінде пайдаланушыларға жаңа автоматтандырылған қызмет көрсету формаларын қолданудағы: интерактивті сауалнама, «Кітаптың уақытын on-line созу», «Виртуалды анықтама», виртуалды көрмелер, Саlameo интерактивті басылымдар сервисі, өзекті тақырыптарға арналған Қазақстандық және Ресейлік ғаламтор ресурстарын қалыптастыру, тұрақты тыңдаушыларды бағалауға арналған сервистер – келіп кету есептеуіші, баннерлік жүйе, оқуға тартудың ойын формалары, өлкетанулық ақпарат бойынша кеңес берді. 
Нұра ОКЖ сайтының дамуы, цифрлық ортадағы өсіп келе жатқан технологиялық өзгерістерді есепке ала отыра, пайдаланушыларға бірегей қызмет көрсетеді. Бұл виртуалды саладағы кітапхана ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.
Библиография секторының меңгерушісі А.Қ.Садыгулова ауылдық кітапханашыларға кеңес беру кезінде виртуалды анықтамалық қызмет жұмысы жөнінде айтып берді.
Семинар аясында «Бір сағат кәсіби тілдесу» ұсынылды.
Практикалық жаттығулар үш топта өткізілді.
         «Виртуалды кітапханашылар жұмысы. Ол қалай жұмыс істейді?» ғаламтор-тренингінде Нұра ОКЖ сайтының «Виртуалды анықтама» автоматтандырылған модулі сұрақтары бойынша модульді пайдаланудың алгоритмі, пайдаланушылардың сауалдары формаларын толтыру, сұрақтарды сынама жіберу қарастырылған. Кітапхана сайтындағы «Виртуалды анықтама» анықтамалық қызметі оқырмандардың біржолғы сауалдарын электронды-құқықтық дерекқор мен ғаламтор ресурстарымен, кітапхана мерзімді басылымы мен кітап басылымдарынан іздеуді жедел және кәсіби орындауға мүмкіндік береді
Заманауи талаптарға сәйкес кітапханаларда қашықтағы пайдаланушылар тобына ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды мәселеге айналып отыр. Pablic.ru электронды жүйесіндегі жұмыс практикалық жаттығуында ең ірі ғаламтор-кітапхана жұмысы туралы бейнеролик қаралды, практикалық жаттығулар өткізілді, танысу мәліметтері таратылды.
Семинардың қорытындысын ОКЖ директоры Л.А.Кумпан жасады
Семинарда келесі ұсынымдар қабылданды:

    • nuralib.kz сайтын әрі қарай жетілдіру
    • Кітапхананың ілгері басуын «Мой мир» мен «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде жалғастыру
    • Ауылдық кітапханашыларды ЛитРес-та тіркелуге, әдебиетке қолжетімділікті алуға, іздеу жасауға үйрету
    • Барлық ауылдық кітапханашыларды Pablic.Ru ең ірі ғаламтор-кітапханасы ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру
© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика