Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Семинарлар -2015

Қаралды (1182)

«Оқырман ортасындағы кітапханалар және экстремизмді алдын алу» семинарының
(29.09.15 ж.)
Семинардың мақсаты:
Экстремизм мен терроризмді алдын алуға, Нұра ОКЖ кітапханаларында жастар мен мектеп оқушыларының төзімді сана орнықтыруды қалыптастыруға   бағытталған кітапхана жұмысының әдістері мен формаларын анықтау.

          Ауылдық кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Оқырман ортасындағы кітапханалар мен экстремизмді алдын алу» семинары өткізілді.
Семинар жұмысына Нұра ауданы әкімі аппаратының терроризмге қарсы және жұмылдыру жұмысының бас маманы Б.Е.Сүлейменов қатысты.
Семинардың бағдарламасына сәйкес ауыл кітапханашыларына әдістемелік ұсынымдар берілген: «Кітапханаларда діни экстремизм, терроризмді алдын алу жұмыстары» кітапханаларды дамыту секторының меңгерушісі С.Р.Нұртазина, «Балалар арасында төзімділікті қалыптастырудағы кітапхана рөлі» әдіскер Д.А.Бейсенова, «Оқырмандар арасында төзімділік бойынша тренингтерді өткізу» әдіскер С.Б.Шахарбаева, «Экстремисттік материалдармен жұмыс жайында» кітап қорын сақтау секторының меңгерушісі Г.К.Ниязова айтып берді. Сөз сөйлеулер презентациямен сүйемелдеуімен болды.
Ауылдық кітапханашылар өз атқарған жұмыстарымен бөліскен «Сөзді сұраймын» еркін микрофоны жұмыс істеді.
Кітапханашылар семинар тақырыбы бойынша әдістемелік мәліметтер алды: «Зорлық-зомбылықсыз әлем» сценарийлер жинағы мен «Мұны білген маңызды» бүктемесі. 
Семинардың қорытындысын Нұра ОКЖ директоры Л.А.Кумпан жасады.
Семинарда келесі ұсынымдар қабылданды:

  • Кітапханаларға экстремизм, терроризмді және оқушылар арасында төзімді сананы қалыптастыру бойынша жұмыс жасаудың жаңа формаларын енгізу
  •  Алған ұсынымдарға сәйкес кітапханаларда іс-шаралар, сауалнама, тестілеу, шағын сұрастырулар ұйымдастыру
  • Ай сайын 12-не қарай АОК-ға Нұра ОКЖ кітапханаларындағы экстремизм мен терроризмді алдын алу жұмыстары бойынша ақпаратты жіберіп отыру

«Жаңа технологиялар – жұмыстың жаңа сапасы» флэш-семинарының
(24.06.2015 ж.)
Семинардың мақсаты:

  • Нұра ОКЖ ауылдық кітапханаларында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

«Жаңа технологиялар – жұмыстың жаңа сапасы» флэш-семинарының мақсаты әріптестерге ауылдық кітапханаларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету.
Семинарды ОКЖ директоры Л.А.Кумпан флэш-семинар туралы – негізінде жаңалықтар мен тәжірибемен алмасу, сұрақтарды қою мүмкіндігі бар білімді беру формасы жайлы ашып айтты.
Семинарда автоматтандыру мен жаңа технологиялар секторының меңгерушісі Е.А.Курунцева «Bloger.com платформасында кітапханалық блогты жасаудың технологиясы» тақырыбында кеңес берді, әдебиеттерді жинақтау мен өңдеу секторының меңгерушісі А.К.Калиева семинарды «Е-кітаптар электронды каталогы, қорды толықтыру және кітапханалық тәжірибеде пайдалану», «Нұра ОКЖ сайтына электронды каталогтарды шығаруға дайындық» кеңесімен жалғастырды.
Семинарда Абайдың 170 жылдығына арналған «Данышпанның сөзі болсын!» блогының көрсетілімі өтті.
Практикалық жаттығулар үш топта өтті.
Бүгінде көптеген оқырмандар үй компьютеріне, ноутбук, планшет немесе ұялы телефондарына кітаптың электронды түрін жазып алғылары келеді. Дегенмен, аудандық кітапхана мұндайды тәжірибеден өткізбесе де, алдағы болашақта осындай сұраныстың пайда болуын күтуге болады. Сол себепті бүгінде электронды каталогтан әдебиеттерді іздеуге оқыту өте өзекті болып саналады. Ауылдық кітапханашылар тәжірибе алған керек әдебиетті іздеуге жаттыққан «On-line электронды каталогтарымен жұмыс жасау» практикалық жаттығуы, сонымен қатар «Электронды каталог қорын Е-кітаптармен толықтыру» мен «bloger.com платформасында кітапханалық блогты құру» осыған арналған.
Семинар аясында «Бір сағат кәсіби тілдесу» ұсынылды.
Семинарда келесі ұсынымдар қабылданды:

  • Ауылдық кітапханашыларға кітапханалық блогты құру технологиясын үйрену
  • «Е-кітаптар» каталогын құру бойынша жұмысты жалғастыру
  • Абайдың 170 жылдығына арналған «Данышпанның сөзі болсын!» облыстық блогтар сайысына қатысу
  • Кітапхананың виртуалды пайдаланушыларымен үздік жұмыс тәжірибесін енгізу

 

 «Халықтың тарихи естелігі: Қазақстандағы есте қалатын күндер мен атаулы күндер аясында ауылдық кітапханалардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету» семинарының
(31.03.15 ж.)
Семинардың мақсаты:

  • Нұра ОКЖ кітапханаларының Қазақстан халықтары Ассамблеясы Жылында есте қалатын және атаулы күндер аясында кітаптар мен кітаппен оқуды насихаттау  бойынша белсенді және нәтижелі жұмысымен таныстыру
  • Нұра ОКЖ мамандарының біліктілігін арттыру

 

Біліктілікті арттыру мақсатында ауылдық кітапханашылар үшін «Халықтың тарихи естелігі: Қазақстандағы есте қалатын және атаулы күндер аясында ауылдық кітапханалардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету» семинары дайындалып өткізілді. ОКЖ директоры Л.А.Кумпан семинардың бағдарламасына сәйкес келгендерді семинарды өткізу жоспарымен таныстырды, 2014 жылғы Нұра ОКЖ кітапханалары жұмысының қорытындысын жасады, 2015 жылдағы кітапханаларды әрі қарай дамыту жоспарлары туралы айтып берді.  
Ауылдық кітапханашыларға: Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына кітапханаларды дамыту секторының меңгерушісі С.Р.Нұртазина «Қазақ халқының күресіндегі әйгілі өзгеріс», Қазақстан халықтары Ассамблеясы Жылына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына әдіскер Д.А.Бейсенова «Тарихтың есте қалған күндері», әдіскер С.Б.Шахарбаева Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына «Жастар ортасына тарихи-патриоттық кітаптарды алға бастыру» ұсынымдарын берді. Әрбір сөз сөйлеу презентация сүйемелдеуімен болды.
Кітапханашылар семинар тақырыбы бойынша әдістемелік мәліметтер алды.
Семинар аясында «Бір сағат кәсіби тілдесу» ұсынылды.

Семинарда келесі ұсынымдар қабылданды:

  • Есте қалатын және атаулы күндер аясында оқырмандармен жарқын мазмұнмен берілген қоғамдық науқандарды, кездесулерді өткізу
  • Нұра ауданының кітапханалық кеңістігінде түрлі мекемелермен және ұйымдармен әріптестік қарым-қатынасты дамыту, өз қызметін БАҚ-да көрсету
© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика