Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Семинары-2019

Қаралды (411)

«Нұра ОКЖ кітапханалары: жыл нәтижесі, 2019 жылға қойылған міндеттер» семинар-кеңесі

(26.02.19 г.)

Семинардың мақсаты:
• Нұра ОКЖ 2018 жылдағы жұмысының қорытындысын жасау
• Нұра ОКЖ мамандарының біліктілігін арттыру

2019 жылдың 26 ақпанында аудандық кітапхананың базасында біліктілікті арттыру аясында «Нұра ОКЖ кітапханалары: жыл нәтижесі, 2019 жылға қойылған міндеттер» семинар-кеңесі өткізілді. Семинардың жұмысына 20 кітапхананың кітапханашылары қатысты.
     Семинарды келгендерді бағдарламамен таныстыру арқылы ОКЖ басшысы С.С.Жумабеков ашты.
    Семинарды кітапханаларды дамыту секторының басшысы С.Нуртазина жалғастырды, кітапханалардың 2018 жылдағы қызмет нәтижесін қорытындылады, маңызды күндер мен жұмыс бағытын еске салып, нақты бағыттар бойынша жұмыстың оң нәтижесін атап айтты, жоспарлауда жасалған қателіктерді белгілеп көрсетті. Кітапханалық статистикаға ерекше назар аударылды.
    Кітапханалық үрдістерді автоматтандыру секторының басшысы А.Никитова жұмыстың барлық бағыттары бойынша 2018 жылдағы жүйенің кітапханаларының қызметін талдау бойынша сөз сөйледі, «Заманауи ақпараттық ортаға кітапханаларды жайғастыру» ұсынымын жасады.  Сөз сөйлеуде келесі ресурстар бойынша жаңа технологияларды қолдану арқылы электронды пайдаланушыларға анықтамалық қызмет көрсету мәселелері қозғалды: ЭК, «Әділет» АҚЖ, ҚазҰЭК, «Электронды үкімет» және т.б. Электронды бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, виртуалды көңіл көтерулердің кітап оқуға тигізетін әсері жайында мәселе көтерілді. Бүгінгі күндегі кітапхананың міндеті қойылды - кітап оқу туралы  позитивті қоғамдық пікірді қалыптастыру. Кітапханалардың кітапхананың веб-ресурсына және әлеуметтік желілерге ақпарттық қатысуы олардың танымалдығын арттырады, позитивті имидж жасайды, потенциалды оқырмандармен сөйлесуге мүмкіндік береді. Парақшаның көрнекілігі үшін «Контенттің алтын формуласы» (ақпаратты жариялаудың 5 қағидасы), 7 мәліметті қалыптастырудың 5 басымдығы, әлеуметтік желілердің аккаунттарындағы жарияланымдардың үлгілері қарастырылды.
      Сектор басшысы Е.Курунцева анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетудің жағдайы бойынша сөз сөйледі.
      Әдебиетті толықтыру және өңдеу секторының басшысы А.Жапарова кітапханалардың кітапханалық қорын толықтыру, газеттерге жазылу, электронды каталогтармен жұмыс жасау туралы баяндады.
     Қормен жұмыс жасау кітапханашылар үшін әрдайым өзекті тақырып болады. Ал кітапхана сөрелерінде үнемі өзекті кітап жату үшін қорды есептен шығару және жаңарту бойыша жұмысты үздіксіз жүргізу қажет. Құжаттар қорын сақтау секторының басшысы Г.Ниязова сөз сөйлеу барысында қорды сақтаудың маңызды мәселелеріне тоқталды.
    АБК әдістемелік-библиографиялық сектордың басшысы Л.Кумпан 2018 жылдағы «Ауылдық кітапханалардың әдістемелік-библиографиялық тиімділігін бағалаудың өлшемдері» шкаласы бойынша рейтингті қорытындылады. Оған 18 кітапхана қатысты.
    ОКЖ басшысы  С.С.Жумабеков «Жылдың үздік кітапханасы» аудандық байқауын қорытындылады, байқаудың мақсаты - нұралық кітапханалардың үздік жұмыс тәжірибесін анықтау.Жеңімпаз – Кертінді а. үлгілі ауылдық кітапханасы. Кітапханаға ауыспалы жүлде - үлкен үкі сыйланды,  автоматтандыру секторы АОК үздік секторы атанып, орташа үкіні алды, оқырман балалармен жұмыс жасайтын үздік кітапхана - Көбетей ауылдық балалар кітапханасы болды, оларға кіші үкі сыйланды.
     Әрі қарай ОКЖ басшысы  С.С.Жумабеков Нұра ОКЖ «Сельская библиотека как культурный и идеологический центр, обеспечивающий конституционное право жителей села на свободный доступ к информации» Жобасының тұсаукесерін өткізді. Семинар-кеңеске қатысушылар үшін оқырмандарға қызмет көрсету секторының басшысы Сара Мұстафина   «Ұлы Даланың жеті қыры» атты шеберлік сыныбын өткізді. Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» жаңа мәселелік мақаласының аясында «Ұлы дала руханияты - ұлт болашағының негізі» виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Оған барлық мақалада көтерілген барлық тарихи бағыттар бойынша әдебиеттер енген. С. Мұстафина виртуалды кітап көрмесін жасау тәжірибесін көрсетті. 
     Семинар-кеңесте бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері шешілді.
     Семинардың қорытындысында келесі ұсынымдар қабылданды:
• - Елбасымыздың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ақпараттық жылжытуға қатысу 
• - «Рухани жаңғыру» жобасының, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізінде қазақстандық патриоттықты ашып көрсету және жылжыту бойынша жұмысты белсендендіру
• - мерейтойлық және маңызды іс-шаралар бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты жүргізу
• - жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша мазмұндық жұмыс жүргізу 
• -  аудандық, облыстық байқауларға, акцияларға қатысу.
• - ауылдық кітапханалардың қызметін бағалау өлшемдерінің талаптарына сәйкес жұмысты жүргізу
• - «Сельская библиотека как культурный и идеологический центр, обеспечивающий конституционное право жителей села на свободный доступ к информации» жобасын іске асыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу  
• - жастармен жұмысты белсендендіру.
 


 

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика