Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Голубев, К Козы, овцы, коровы: содержание и разведение / К.А. Голубев, М.В. Голубева. – Москва: Издательство АСТ, 2018. – 128с. – (Азбука дачника)
Бұл кітап ісін жаңа бастаған фермерге да, үлкен тәжірибесі бар малшыларға да қажет. Кітаптан сіз үй жануарларын қалай дұрыс өсіру және ұстау, олар немен ауырады және оны қалай болдырмау, сіздің фермер шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын қалай арттыру және оған кеткен шығындарды аз өтеуге үйретеді. Кітап беттерінде уақытпен тексерілген құнды тәжріби ұсыныстар жинақталған!

Анонс

Іс-шара анонсы- желтоқсан - 2019ж.


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Мерзімді басылымдар күні «Егемен Қазақстан» газетінің жарыққа шығуына 100 жыл» 

05.12.19

 Дискуссия «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесім»

11.12.19

Буккроссинг «Молодежный книговорот»

20.12.19

Бейне круиз «Қазақстанның қасиетті жерлері»

24.12.19

Акция «Библиотерапия в подарок» (мед. мекемесіне әдебиеттерді жинау бойынша қайырымдылық акциясы)

27.12.19

Көрнекілік насихат

 

 Ақпараттық көрме «Барлығы ЖИТС туралы»

29.11.19

- 01.12.19

Көрме-импульс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

9.12.19

Көрме есімнама «Халқым деп соққан жүрегі»  (Ж. Аймауытовтың туғанына 125 жыл, Т. Рысқұлов 125 жыл, Мұстафа Шоқай 130 жыл)

25.12.19

 


Авторландыру

К.МЫҢБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ

Қаралды (2756)

Мыңбаев моделді кітапханасы Нұра ауданында алғашқылардың бірі болып құрылды (2004ж.). Бұл тек қана аудан бойынша ғана емес, облыс бойынша да үздік кітапханалардың бірі. 2005 жылы Ивановка (қазіргі К. Мыңбаев атындағы) кітапхана республикалық «Үздік ауылдық кітапхана» байқауының Гран-Приін жеңіп алды. Бірнеше мәрте облыстық және аудандық кәсіби байқаулардың жеңімпазы атанды. Кітапхананы өз ісін сүйетін, кәсіби сауатты, шығармашыл адам Халима Камалқызы Карисова басқарып отыр. Моделді ауылдық кітапхананың жемісті қызметінің кепілі болып - ауыл қоғамдастығымен, ауыл әкімідігімен, мәдениет Үйімен, мектеппен тығыз байланыстағы жұмысы болып табылады.
Кітапхана 2 пәтерлі үйде, көлемі 80,10 ш.м. орналасқан. Ауылда 983 тұрғындар тұрып жатыр. Жыл сайын кітапханаға 500 оқырман жазылады, олар 5000 рет кітапханаға келеді. Кітап берілімі - 9380 дана.
Кітап қоры «Мәдени мұра» сериясы, «Вымершие животные» энциклопедиясы, Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағы, «100 казақ романы» және де басқа әдебиеттермен толықтырылды.
Алты жыл бойы кітапхана «Тұрғындар. Кітапхана. Билік: ақпараттық қарым-қатынас тәжірибесі» жобасымен жұмыс істеді. Бүгінгі таңда моделді кітапхана келесі бағдарламалар мен жобалар бойынша жұмыс істейді: «Жастар – жарқын боалашқтың кепілі» и «Тіл – ұлттың жаны».
Ауыл әйелдерін 2005 жылдан жанды және қызықты қатынас, оқығанды талқылау, жеке өзіндік идеялардың тууы ұранымен жұмыс істейтін «Селяночка» қызығушылық клубы біріктірген. «Селяночка» әртүрлі жастағы: үй шаруасын жақсы көретін, бос уақытты тиймді өткізу үшін әртүрлі әуестену істерімен айналысатын адамдардан құралған. Клуб жұмысы шеңберінде оның мүшелері тек қана өз білімдерін толықтырып қоймай, бір кесе шай басында дем алады, балалар тәрбиесі мәселелерін талқылайды, оқылған шығармалардан, мерзімді басылымдардан, телебағдарламалардан алған әсерлерімен бөліседі, ауыл мен кітапхана проблемаларын сөз етеді. Клуб мүшелері: зейнеткерлер, оқытушылар, үй шаруасындағы әйелдер, жұмысшылар. Клуб құрамына қоғамдық мекемелердің төрағалары кіреді. Осы клуб отырыстары дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, тұсаукесерлер, байқаулар түрінде өткізіледі. Моделді кітапхана стандартты техникалар жиынтығымен жабдықталған: 3 компьютер, лазерлі және бүріккіш принтер, сканер, модем, ксерокөшірме аппараты, үздіксіз қуат беру құралы. Компьютерлерде лицензиялық бағдарламалар орнатылған, қолданбалы ABBY FineReader бағдарламасы пайдаланылады, ADSL технологиясы бойынша Ғаламтор желісіне қол жеткізілген, электронды мекен-жай жұмыс істейді.
2006 жылдан бастап кітапхана «Өлкетану» электронды каталогын қалыптастыруға көшті. ДБ ҰК РАБИС бағдарламасында, «Каталогтау», «Іздеу және тапсырыс» АРМ-дары орнатылған.
Өлкетану жұмысы кітапхананың даму жұмысының басым бағыттарының бірі болып келді. Заманауи компьютерлік техниканың пайда болуына байланысты бұл жұмыстың сапасы жаңа деңгейге көтерілді: электронды түрге «Ауыл энциклопедиясы», «Кітапхана тарихы» көшірілді. Өлкетану тақырыбындағы электронды деректер базасы қалыптастырылды. «Истории бесценные страницы» кітабы бойынша жұмыс аяқталды. Кітапханашы жүйелі түрде оқырмандар қызығушылығын зерттейді, келесі зерттеулерді жүргізеді: «Сіз қандай жазушының шығармаларын оқығыңыз келеді?», «Жастар кітап оқуды қолдайды», «Кітапхана – оқырмандар көзімен» және т.б.
Ауыл мамандары Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы мерзімді хабарландырылады, кітапханада дөңгелек үстелге жиналған кездесулер өтеді, онда Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, мемлекеттік бағдарламалар талқыланады. Оқырмандарды кітап қорына келіп түскен жаңа кітаптар туралы ақпараттандырады, көпшілік іс шаралар өткізіледі: «Кім болам және қандай болам?» пікірталасы, «Тіл – адам жүрегіне жол» әңгіме-сұхбаты, «Табиғатты қорғау туралы сөйлесейік» дөңгелек үстелі, «Елдің ерен азаматы» әдеби кеші, «Қазақтың тұнғыш биолог-докторы К.Мыңбаев -110 жаста» өлкетану сабағы, «Нұрадан ұшқан ақиық» портрет кеші, Сәйділ Талжановтың 110-жылдығына арналған «Артында асыл мұра қалдырған» өлкетану сабағы, . «Ауғанның отты жылдары» патриоттық сағаты, «Біз лаңкестік пен экстремизмге қарсымыз» дөңгелек үстелі, «Олардың ұлы ерлігін ұмытпаймыз» кездесу кеші. және т.б. көптеген іс-шаралар.
Оқырмандарды кітапханаға түскен жаңа кітаптармен таныстырады. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану мен кітапханашының шығармашылық әлеуеті кітапхананы көрнекілеуге жаңашылдық енгізді: көрмелер бұрынғыға қарағанда жарқын бояулы, тартымды, толыққанды ақпаратты бола бастады.
Кейбір көрмелерге, авторға, кітапқа назар аудару үшін кітапхана тақырыптық басылымдар шығарады. Кітапхана ауылдың белгілі адамадары, белгілі оқиғалары туралы ақпарат жеткізетін әртүрлі бүктемелер, жарнамалық парақшалар, бетбелгілер, сілтемелер даярлайды және шығарады.
«Кәрім Мыңбаев – 110 жаста» ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіші, «Слава героям землякам!», «Нұралықтар соғыс жылдарында», «Ерлік даңқы мәңгі өшпейді», «Нам дороги эти позабыть нельзя» жадынамалары және т.б.
Мыңбаев моделді ауылдық кітапханасының жұмыс тәжірибесі, жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуі жағымды қоғамдық ахуалды қалыптастырды, жергілікті бірлестіктердің барлық құрылымдары арасында өз бейнесін биіктетті. Кітапхана шығармашылық зертханасы да болып отыр, онда көшпелі семинарлар өткізіледі «Остаться в памяти людской» атты аудандық семинар ауылдық мектепте өткізілді, оған ауыл кітапханашысы қатысты. Семинардың мақсаты: жерлестері К. Мыңбаевтың өмірі мен қызметіне деген оқушылардың қызығушылығын туғызу. Мыңбаев моделді ауылдық кітапханасында «Моделді ауылдық кітапханасының жұмысындағы дәстүрлер мен жаңалықтар» шеберлік-сыныбы дайындалып өткізілді, кітапхана бойынша экскурсия, Қ. Аманжоловтың 100-жылдығына арналған «Асыл таланттар шашуы: әдеби алмаспа», М. Мақатаевтың 80-жылдығына, О. Сүлейменовтің 75-жылдығына арналған көрсетпелі іс-шаралар өтті. Кітапханашылар үшін «Сіз кітап оқисыз ба?», «Кітапханашы не оқиды?» сауалнамалары, «Менің сүйікті кітабым» кітапханалық слэмі өткізілді. Іс-шараға орай «Жаңа кітаптар шеруі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары үшін моделді кітапхана шынымен ақпарат орталығына айналды. Оқырмандар толық ақпараттық қызметке ғана емес, қосымша қызметтерге де қол жеткізе алады: компьютерде мәтін теру, әртүрлі құжаттарды басып шығару, көшірме жасау.

Құрылған жылы – 1938 ж., К.Мыңбаев ат.а.
Кітапханшы - Халима Камалқызы Карисова,жұмыс өтілі – 7 жыл 1 ай.
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар – 504
Пайдаланушылар – 659
Кітап берілімі– 9380
Қатысушылық –5010
Кітап қоры–7963
Қызығушылықтарға арналған клуб «Селяночка»
Жоба - «Молодежь – гарант светлого будущего»
Байланыс телефоны – ( 8-72-144) 44302
E-mail: biblioteka.smynbaeva@mail.ru

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика