Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Щербаков үлгілі ауылдық кітапханасы

Қаралды (2647)

 
Щербаков ауылдық кітапханасы 1956 жылы қалыптасты. 2009 жылы ауылдық кітапхана МҮ-нің ғимаратынан жаңа орын алды, кітапхананың аумағы 250 ш кв. «үлгілі» кітапхана атағын 2013 жылы алды. Кітапхананы 29 жыл бойы жігерлі, позитивті, өз ісін сүйетін кітапханашы – Елена Леонидовна Михайлюк басқарып келуде. Щербаков ауылында 1210 адам бар. Ауылда ОДА, Мәдениет үйі, пошта, орта метеп, жеке дүкендер, жөндеу-тұрмыстық кешені, спорт кешені, стадион, фитнес орталығы, наубайхана, «Қайнар» кафесі және кітапхана бар.
Бүгінде кітапхананың жалпы қорында 13 мыңнан астам бірлігі сақталуда, оның 6256-сы мемлекеттік тілде. Әр жыл сайын кітапхана жаңа әдебиеттің 500-ден астам данасын алып отырады. Кітапхана оқырмандар үшін 12 түрлі газет пен журнал жазғызып алады. «Казахстанская правда», «Изучаем казахский язык», « Балдырған», «Мурзилка» және т.б. басылымдар үлкен сұранысқа ие.  Кітапхана оқырмандарының саны 800-дей, кітап беру 14500 дананы құрайды, кітапханаға жылына 8500 рет келеді.

Уақыт талабына сай болғысы келген кітапхана, ауданның басқа кітапханаларымен бірге автоматтандыру үдерісіне қосылды. Ақпараттық қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, падаланушыларға ғаламдық ақпараттық ресурстарға оңай қолжетімділікті ұсыну және кітапханалық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатымен кітапхана заманауи компьютерлік техикамен және Ғаламтор қолжетімділігімен жабдықталған. Ғаламтордың қолжетімділігі кітапханаға жастарды, ауыл мамандарын және кәсіпкерлерді тартты. Пайдаланушылармен СИН электронды оқытушы оқулығы, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша комиссиясының Цифрлық кітапханасы белсенді пайдаланылады. 


Щербаков ауылының кітапханасы 2016 жылдан бастап «Кітап оқитын ауыл» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бағдарлама жасөспірім оқырмандардың қазақ және т.б. жазушылардың әдеби шығармаларына қызығушылығын оятуға бағытталған. Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Менің қанатты әнім» атты поэзия кеші т.б. ірі іс-шаралар жүргізілді.
Кітапхана өз қорын жоба тақырыбына сәйкес келетін Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, А.Байтұрсыновтың, М.Шахановтың, Абайдың, М.Дулатовтың және т.б. шығармаларымен толықтырды.
Жазғы демалыс күндерінде кітапханада қазақ  балалар жазушыларының шығармалары бойынша ойын және сайыстық бағдарламалары бар  «Жаз, кітап, мен және достарым!» бағдарламасы жұмыс істейді.
Кітапханашы өз ісінде жұмыстың жаңа түрлерін пайдалануға тырысады. Осы жаңа түрлердің бірі - «Шеңбер бойынша берілетін кітаптар» букроссинг акциясы өтті. Бұл акцияда оқырмандар бір-бірімен өзінің жеке кітаптарымен оңай алмаса алады.


      

Кітапхана жұмысының негізгі бағыты  – өлкетану. Кітапхана ауыл туралы мәліметтерді жинайтын өлкетанулық қозғалыстың орталығына айналды. Кітапханада «Қайнар» өлкетанулық клубы жұмыс жасауда. Клубтың ұраны: «Өз Республикаңды, өз өлкеңді жақсы көр, оқы және зертте». Жұмыс жаңадан басталған мұрағат деректерін, газет мақалаларын, ересек тұрғындар әңгімелерін жинаудан басталды. Бұл жұмыстан нәтижесінде 2 бөлімнен тұратын «Ауыл энциклопедиясы», «Кітапхана тарихы», 25-тен астам жинақтаушы папкалар шықты. Осы мәліметтер арқылы ауылдың тарихы мен өмірін білуге болады.
Щербаков ауылының кітапханасында ауыл тұрғындарын тартуға арналған көптеген іс-шаралар өткен. «Тіл – халықтың жаны» - мәтінді мәнерлеп оқушылар сайысы, «Екеуміз отпен шайқастық» - «отты тракторшыларды» еске алуға арналған өлкетанулық сағат, «Ол Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымының бастауында тұрды» - К.Мыңбаевтың 110 жылдығына арналған ақпараттық сағат, «Оның тағдырындағы халық тарихы» -С.Талжановтың 110 жылдығына арналған әдеби кеш.  «Қайғылы күндер естелігі» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ерлік сабағы және т.б.
Кітапхана жастар арасында өткен жазушы Ж.Бектұровтың 100 жылдығына арналған «Таңбалы тарлан» - «Голос эпохи» республикалық виртуалды шығармашылық сайысына белсенді қатысты. Ж.Бектұровтың 100 жылдығына арналған сайыстың ІІІ кезеңі жазушының шығармашылық мұрасын зерттеу, тұлғаның тоталиторлық жүйемен күресі тақырыбын ашуды мақсат етті. Щербаков ауылы кітапханасы оқырманының жұмысы 3 орынды иеленді.
Ауылдық кітапхана «Комсомольская правда «Казахстана» газеті ұйымдастырған ең үздік аңыз сайысына қатысқан, сыйлықтар алған.


Щербаков ауылдық кітапханасының кітапханашысы Е.Михайлюк «Қайнар» жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыратын жаңартпашылық жобалар бойынша облыстық сайыста «Ауылдық кітапхана ­– қазақ әдебиеті әлеміндегі оқушылардың қосымша білім орталығы» жобасы үшін облыстық мәдениет депарменті мен Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының грантын жеңіп  алды.
Аудан бойынша өткен бақылау нәтижесінде Щербаков ауылының кітапханасы ең үздік кітапхана атанды. Щербаков ауылының кітапханасы «Әлеуметтік серіктестік» номинациясының дипломымен марапатталып, ноутбукпен ынталандырылады. Щербаков ауылының кітапханасында ауыл тұрғындарын тартуға арналған көптеген іс-шаралар өткізілді. Кітапхана халықтың бос уақытын ұйымдастыратын мәдени орталыққа айналды және ол ауыл тұрғындарына ыңғайлы формадағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім берудің ақпараттық ресурстарының жоғары басымдақтары мен міндеттеріне сәйкес келуге тырысады.
Қалыптасқан жылы – 1956 ж.
Кітапханашы – Елена Леонидовна Михайлюк
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар – 800
Пайдаланушылар – 196
Кітап беру – 14544
Қатысушылық саны – 8810
Кітап қоры – 12489
Байланыс телефоны – 51122
E-mail: scherbakov_25@mail.ru

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика