Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

2014 ж. Байтуған ауылдық үлгілі кітапханасы

Қаралды (2034)

Байтуған үлгілі ауылдық кітапханасы 1956 жылы қалыптасқан. Кітапхана МҮ ғимаратында орналасқан.  Аумағы 146.4 кв. м. 2014 жылы «үлгілі ауылдық кітапхана» атағын алған.
Кітапхананы бар болғаны алты жыл жас маман Наталья Ивановна Вагнер басқарады. Ауылдық кітапхана – ақпарат алу орталығы ғана емес, адамдардың тілдесу орталығы да болып табылады. Кітапхана жыл сайын 620 пайдаланушыға қызмет көрсетеді, кітап беру жылына 11 мың басылымды құрайды, кітапханаға жылына 6200 рет келеді. Кітапхананың қорында 11 мыңнан астам сақтау бірлігі бар, оның 4533 данасы мемлекеттік тілде.Кітапхана жыл сайын 500-дей жаңа әдебиетті алады, ақпараттың электронды тасығышы қалыптастырылып жатыр, 9 түрлі мерзімді басылым жазғызып беріледі. Байтуған үлгілі ауылдық кітапханасы кітапханаға ауыл жастарын, мамандарын, кәсіпкерлерді тарта алатын заманауи компьютерлік техникамен, ғаламторға қолжетімділікпен жабдықталған.
Наталья Ивановна Қарағанды облысының жас кітапханашыларының І Форумына қатысқан. «Жаңартпашылық жобалар – кітапханалар тартымдылығының жаңа үлгісі» облыстық сайысында «Қызықты кітап оқиық!» жоба-үндеуіне Н.Вагнер көтермелеу сыйлығы мен алғыс хатпен марапатталған.
Жобаның басты мақсаты кітапханаға жаңа пайдаланушыларды шақыру, кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапты алға бастыру үшін қалыптан тыс идеяларды енгізу болып табылады. Жобаның міндетіне оқырмандарды қызықты оқуға тартуға бағытталған заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізудің күнделікті жұмысын өткізу, жаңа құжаттармен кітапхананың қорын қалыптастыру жатады. Кітапхана пайдаланушыларының бос уақытын толтыруға бағытталған барлық іс-шаралар қызықты және пайдалы мазмұнда келеді. Кітапханада жыл сайын «Бір ел – бір кітап» науқаны өтеді. «Страна читает Дулата Бабатайұлы», «Жазушы. Тұлға. Адам» кітап көрмелері, «Дулат Бабатайұлының әлемі» әдебиет шолуы ресімделген, «Дуалы ауызды Дулат ақын» ауызша журналы өткізілген. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына кітапханада «Алаш қозғалысының батыры» атты тарихи сағат өтті, кітапханашы  «Тұлғалы ақын» кітап көрмесінің жанында тұсаукесер өткізді. Жас оқырмандарды Кәрім Мыңбаевтың өмірбаянымен және тұлғасымен таныстырған «Кәрім Мыңбаевтың шуақты күндері» - «Свет памяти Карима Мынбаева» атты танымдық сағат өткізілді. «Қызықты кітап оқиық» жобасы бойынша «Оқырман оқырманға», «Оқып шығып, келесіге бер» науқандары т.б. іс-шаралар өтті. «Кітап бетіндегі күн», «Кітап серуені» атты және т.б. жазғы оқу кезеңдері өткізілді. Жыл сайын «Оқып шық! Бұл қызықты!» кітап көрмесі, (кітап рейтінгінің көрінісі,басылымдардың құлақтандырмалары, сын), «Сіздерге арналған жаңа әдебиеттер», «Оқы және рахаттан» және т.б.  көрме-көрсетілімдер ресімделеді. «Нұралық жазушылар», «Сәйділ Талжанов», «Махмет Теміров», «Кәрім Мыңбаев» және т.б. өлкетанулық құжаттама бумалары жүргізіледі. «Байтуған ауылының энциклопедиясы» құрастырылған.  
Мектеп лагерінің оқушыларымен «Угадай-ка» ойын-сауық бағдарламасы өткізілген. Балалар кітапханада уақытты өте жақсы өткізді, өз тапқырлығын, білімі мен біліктілігін көрсете отыра ойындарға, сайыстарға және сұрақ-жауап ойынына қатысудан көптеген оң әсерлер алған.  Бұл іс-шараны өткізгеннен кейін балалар өздері үшін жаңа бірдеңе біле алды дегенге үміттенеміз.
«Почемучки» клубымен жұмыс жүргізілуде. «Кітаппен бірге өсеміз» әдеби ойыны, «Барлық жердегі балалар білуі керек» танымдық ойыны, «Жайлауға, жайлауға» саяхат ойыны т.б. жүргізілген. Кітапхана ауылдық әкімдікпен, орта мектеппен, МҮ тығыз байланыста жұмыс жасайды, ауылда өтетін іс-шараларға, науқандарға қатысады, «Кітапхананың ақпараттық, жеке және рухани ресурстарын әрбір байтуғандыққа барынша қолжетімді және пайдалы қылдыру» міндетін жүзеге асыра отыра көпжақты мәдени-ағартушылық және ақпараттық қызметті жүргізеді. 
Қалыптасқан жылы – 1956 ж.
Кітапханашы – Наталья Ивановна Вагнер
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар– 802
Пайдаланушылар – 341
Кітап беру – 14403
Келгендер саны– 8002
Кітап қоры – 11040
Байланыс телефоны – 52007
E-mail: vagner-85@bk.ru

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика