Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Тамыз-2019 жыл


Көпшілік жұмыс

 

Пайдалы ақпарат минуты «Темекі орнына кітаптар мен газеттер»

05.08.19

Жаңа кітаптарға шолу «Не проходите мимо! С новинками витрина!»

09.08.19

Спорт-круиз " Спорт - бұл өмір, қозғалыс, денсаулық!»

14.08.19

 Библиодесант «Кітап балалар алаңында»

20.08.19

Обзор «Невада-Семей жаңғырығы»  (Семей  полигонына - 70 жыл)

26.08.19

 Азаматтық сабақ «Елдің басты кітабы»

29.08.19

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі «Кітап арқылы салауатты өмір салтын танамыз»

12.08.19

Кітап көрмесі «Жастарға жігер сыйлаған Жолдау»

07.08.19

Көрме-импульс "STOP. Сыбайлас жемқорлық»

17.08.19

Кітап көрмесі «Ата заңым – елдігімнің айбыны»

27.05.19


Авторландыру

АҚМЕШІТ ҮЛГІЛІ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ

Қаралды (1952)

Изенді ауылдық кітапханасы 1956 жылы құрылған. Тұрғындар саны 700 адамнан асады. «Отқанжар» ЖШС негізгі бағыты – мал шаруашылығы, қой шаруашылығы. Мұнда ауыл әкімдігі, мәдени-спорт кешені, орта мектеп, наубайхана, дүкендер, «ақбосаға» тойханасы, ФАП, клуб және кітапхана жұмыс істейді.
2004 жылы «Отқанжар» ЖШС жерлестеріне кең, заманауи ғимаратты сыйға тартты, онде ФАП, байланыс бөлімшесі және ортасында көлемі 135,6 шаршы метр болатын Изенді үлгілі ауылдық кітапханасы орналасты. «Үлгілі кітапхана» дәрежесі 2004 жылы аудандағы алғашқылардың бірі ретінде берілді.
Кітапханада екі маман жұмыс істейді: Анар Ескенқызы Бердешева, Елена Михайловна Лепявко. Олар ауыл өмірінің белсенділері. Үнемі аудандық, облыстық деңгейдегі шығармашылық байқауларына қатысады. Семинарларда әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысып, оны Изенді үлгілі ауылдық кітапханасының жұмысына енгізеді. Өздері де әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөліседі. 2006 жылы Изенді үлгілі кітапханасында облыстық «ОКЖ кітапханалық саясаты: дамудың басымдығы мен бағдарлары» атты семинар өткізілді. Семинарға ауданның ауылдық әкімдері және облыстық басқа аудан кітапханаларының өкілдері қатысты. Қатысуышлар кітапхана жұмысының тәжірибесімен танысты, ауыл тұрғындары арасында үлгілі кітапхананың атқарар роліне назар аударды.
Кітапхана қоры 14448 дананы құрайды, оның ішінде 7520 – мемлекеттік тілдегі әдебиет. Жыл сайын кітапханаға 500-де кітап келіп түседі. Кітапханада өлкетанулық құжаттарды сақтау қорын қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіледі. Бүгінге дейін 97 құжат цифрланып, ЭК байланған. Кітапхана 14 атаулы мерзімді басылымдар алады. Қордың негізін анықтамалық сипаттағы басылымдар, «Мәдени мұра», «Кітапхана әлемі», «Сарыарқа кітапханасы» «Мен оқығанды ұнатамын» серияларының кітаптары, балалар әдебиеті, тарих бойынша «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті» туралы кітаптар құраған.
Жыл сайын кітапхана 550-ден аса оқырманға қызмет көрсетеді, 10000 кітапты пайдалануға береді. Кітапхана 3 компьютер, ксрокөшірме аппараты, екі лазерлі, бір түрлі-түсті принтерлермен, теледидармен, DVD, фотоаппаратпен жабдықталған. Бұдан басқа, үлгілі кітапхананың ДК: Windows XP, Office XP Standart, ABBYY Fine Reader лицензиялық, вируске қарсы бағдарламалар орнатылған.
Кітапханада телефон байланысы орнатылған. WLL гибридті (роуминг) технологиясы бойынша Ғаламторды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жаңа технологияларды пайдалану кітапханалық және ақпараттық қызметті пайдалану аясын кеңітті, ауыл тұрығындарын сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейін көтерді. Жаңа мүмкіндіктер кітапхана қызметі түрін байытты, ақпаратты іздестіруді жеңілдетіп, жетілдірді. Кітапханада электронды пайдаланушылардың, кітапханалық қызметтің және орындалған анықтама беру архивінің есебі жүргізіледі. ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Коимиссиясының Цифрлы кітапханасы, АТЖ электронды оқулығы белсенді пайдаланылады.
Кітапханада РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» АРМ-ы орнатылған. 2006 жылдан «Краевед» ЭК жүргізілуде, библиографиялық жазу саны– 760 , оның ішінде қазақ тілінде – 596.
Үлгілі ауылдық кітапхана тартымды демалыс және бос уақытты ұйымдастыру орталығына айналды. Мұнда қызықты адамдармен кештер, кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа іс-шаралар өткізіледі. Кітапханада «Дидар» қызығушылық клубы жұмыс істейді. Клубтың мақсаты – көркемдікке кітап, фотосурет, сурет, қолөнер бұйымдары арқылы тарту. Төменгі сынып оқушыларымен қатар жоғарғы сынып оқушылары да осы клуб мүшесі. Оқырмандармен жасалған бұйымдар кітапхананың ішкі көрінісін толықтырып, «Оқимыз, жасаймыз, ойнаймыз» көрмесінен орын тепкен.
Изенді үлгілі ауылдық кітапханасы аудандық «Сиқырлы қапшық» акциясына ат салысты. «Сиқырлы қапшық» аудан кітапханаларына жіберіліп отырды. Ең алдымен өз сапарын Изенді үлгілі кітапханасында Е.М.Лепявконың бастамасымен бастады. Кітапханада «Сиқырлы қапшық қонақта» көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана «Кітапхана – оқу мен бос уақытты өткізу орталығы» атты жобасы бойынша «Кітап – бұл мереке, әрқашан сонымен бірге» ұранымен жұмыс істейді. Жоба шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді: «Қазақ әдебиеті әлемінде» - жоғары сыныптарға арналған сұрақ-жауап. Кітап қорының мазмұнын ашу мақсатында «Классиканы бүгін оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерзімді басылымды сүйіп оқитындар үшін «Біздің баспасөз – бәрінің мүддесіне» деген кітап көрмесі рәсімделді. «Оқимыз, жасаймыз, армандаймыз» атауымен оқырмандардың шығармашылық жұмыстарының байқауы өткізілді, онда суреттер, шығармалар, қолөнер бұйымдары қойылды. Жоғарғы сынып оқушыларына көмек ретінде «Білім әлеміне батыл адымдаймыз» атты жұмыс үнемі жүргізіледі. Жыл бойы «Кітапхананың ауыл өміріндегі ролі» әлеуметтік зерттеме жүргізілді, қорытындысы жыл соңында өтті. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастыру арқылы кітап қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Тек қана «Отқанжар» ЖШС 20 дана кітап тарту етті. Жыл сайын оқырмандарды кітапханаға тартуға, ауылда кітапты жылжыту үшін қоғамдастықтың назарын күшейтуге, кітапхананың тартымды кейпін қалыптастыруға бағытталған «Оқудың көшбасшысы» байқауы өтеді. Байқау қорытындысы бойынша «Жыл чемпионы» атауымен жеңімпаз марапатталады. Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына қатысады.
Ұдайы қолданыстағы «Үлгі тұтар ел ағасы» көрмесі «Отқанжар» ЖШС директоры Қанат Жариясұлы Отарбаевқа арналған. Мұнда ол кісінің кітапханаға сыйлаған кітаптары, дискілер, еліне, туған жеріне деген махаббаты туралы сөзін өзі жазған әндер жинағы қойылған. Жерлесіміз С. Талжановтың 110-жылдығына арналған «Нұра өңірінің асыл Азаматы» әдеби сағат, К. Мыңбаевтың 110-жылдығына арналған «Ұрпаққа үлгі азамат» атты дөңгелек үстел өткізілді, іс-шараларға арналып кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Жыл сайын, ақапан айында оқушыларға арналған «Отты жылдар» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеш өтеді. Кітапханашылар оқырмандармен жұмысты ептілікпен ұйымдастырады. Изенді кітапханасының оқырмандары облыстық байқаудың белсенді қатысушылары. Қазақстандағы ашаршылықтың 70-жылдығына «1931-1933» орай облысты Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы жариялаған эсселер байқауына қатысқаны үшін бір оқырман бағалы сыйлықпен марапатталды. Ауылдық әкімдікпен, ауыл қоғамдастығымен, «Отқанжар» ЖШС әкімшілігімен, мәдени-спорт кешені және мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеу Изенді үлгілі ауылдық кітапханасын жемісті еңбеке жеткізіп отыр.

Құрылған жылы – 1956 ж., Изенді а.
Кітапханашылар – Анар Ескенқызы Бердешева, - жұмыс өтілі – 13 жыл 4 ай.
Елена Михайловна Лепявко, жұмыс өтілі – 18 жыл 1 ай.
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар – 601
Пайдаланушылар – 298
Кітап берілімі – 10801
Қатысушылық – 6100
Кітап қоры –14448
Қызығушылықтарға арналған клуб «Дидар»,
«Библиотека – центр чтения и досуга читателей» бағдарламасы
Байланыс телефоны – ( 8-72-144) 51544
E-mail: b.anar.76@list.ru

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика