Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

ТАССУАТ ҮЛГІЛІ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ.

Қаралды (1735)

Тассуат ауылдық кітапханасы ауданда бірінші үлгілі кітапхана болып (2004 ж.), өз мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті.  Оның жұмысының басты мақсаты сапалы ақпараттық қызметті көрсету арқылы интеллектуалды қажеттіліктердің өмір сүру сапасын өзгерту. Моделді кітапхананы Светлана Михайловна Кухарская басқарады. Білімі - арнайы орта: кітапхана ісі. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін бітірген. Мәдениет саласында 20 жылдай, кітапханада 16 жылға жақын уақыт жұмыс істейді. Кітапхана Мәдениет үйінде орналасқан.
Кітапхана аумағы 100 ш. м. Заманауи кітапханалық жабдық бар. Ауылда 1000-нан астам адам тұрады. Кітапханаға жыл сайын 600-дей адам келеді. Оларға 13 000 астам кітапханалық басылымдар беріледі.
Кітапханаға жылына 7000-нан астам рет оқырмандар қатысады. Кітапхана қорында 11 907 дана кітап бар, қазақ тілінде - 2 784 дана кітап.  400 – ге жуық   жаңа басылым түскен. Кітапхана жылына  мерзімді басылымның 11 түрін алып отырады, оның ішінде 5 журнал, 6 газет. Дәстүрлі емес ақпараттық тасымалдаушылардағы құжаттар 21 СD диск.
Кітапхана алған жаңа кітаптар кітапхана пайдаланушыларының санын көбейтті. Аудио, видео және компьютерлік техника кітапхананың білім беру жүйесін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Кітапхана қорында заманауи анықтамалықтардың және түрлі білім салалары бойынша энциклопедиялардың болуы оқырмандардың сауалдарын жедел орындауға мүмкіндік береді.Тассуат моделді кітапханасы үш компьютермен жабдықталған. Оның екеуі оқырмандармен жұмысқа арналған. 2 лазерлі принтер, түрлі-түсті принтер, сканер, көшіргіш аппарат бар. Құжаттарды сканерлеу үшін ABBY Finereader бағдарламасы орнатылған. Кітапхана телефондандырылған, ADSL технологиясы бойынша Ғаламторға қолжетімділік бар.
Кітапханада РАБИС бағдарламасы орнатылған, 2006 жылдан бастап «Өлкетанушы» ЭК жүргізілуде, библиографиялық жазбалар – 937, оның ішінде қазақ тілінде – 587.
Кітапханада қоғаммен байланыс реттелген. Барлық іс-шаралар Мәдениет үйі мен Орыс ұлттық мәдени орталығының тығыз байланысы мен «Шексіз достық» бағдарламасы арқылы өткен. Бағдарламаның мақсаты – орыс халқының мәдени мұрасын, әдет-ғұрпын және дәстүрін  сақтау.
Мәдени орталық өз жұмысын 10 жылдан астам жүргізіп келеді және бағдарлама 2017 жылға дейін жалғастырылған. Орыс мәдени орталығымен бірлесіп өткен «Тілдерді білу - болашаққа апарады» дөңгелек үстелі, «Сәлем наурыз!» мерекелік іс-шарасы қызықты өткен, масленицаны тойлау күндерінде «Құймақ апталығы» рәсімі өткізілген, мектеп оқушылары «Масленица апталығының рәсімдері» сұрақ-жауап ойынына белсенді қатысқан. Оған қоса кітапханада қызығушылақтарға арналған «Горница» клубы жұмыс істейді. Клубтың мақсаты – халықтың әсіресе жастардың, барлық топтарын орыс халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін кітап арқылы танытып оларды сақтауға шақыру. Орыс орталығымен бірлесіп өтетін кітапханадағы қарапайым достық сауық кештерден басқа, кітапханашы жастарға арналған «Из ус в уста», «Без прошлого – нет будущего»,  «Возроди и сохрани», «Школа русского фольклора» атты әңгімелесулер өткізеді.
Кітапхана оқырмандары, әсіресе, оқушылар мен жастар, үлгілі кітапхананың мүмкіндігін жоғары бағалады. Кітапхана жұмысына енгізіліп жатқан жаңа технологияларға қарамастан (компьютер, Ғаламтор) олардың оқырмандық белсенділігі, кітапқа, кітап оқуға, кіндік қаны тамған жерге деген сүйіспеншілігін дағдыландыратын оқырмандар белсенділігі артқаны  ауыл кітапханашысы үшін қуантарлықтай жағдай.

Қалыптасқан жылы – 1956 ж., Тассуат а.
Кітапханашы – Светлана Михайловна Кухарская
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар – 752
Пайдаланушылар –362
Кітап беру – 13510
Келіп кетулер саны – 7500
Кітап қоры – 11907
Байланыс телефоны –(8-72-144) 31454
E-mail: biblioteka_tassuat @mail.ru

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика