Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Есенберлин И. Кочевники: ист. Трилогия/пер. с каз. М.Симашко.- Алматы: Фонд И. Есенберлина, 1998. – 536 с., ил. 52 с.
Ілияс Есенберлиннің трилогиясы- қазақ халқының ХV ғасырынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі тарихын қайта қалпына келтіретін көптомдық, көп қырлы кітап. Онда Темір империясы ыдырағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігуі, шетелдік жаулармен күресу үрдісі көрсетілген және Қазақстанның ХVIII ғасырда Ресейге ерікті түрде қосылуының тарихи негіздемесі берілген.

Анонс

Іс-шаралар анонсы Ақпан – 2020 жыл


Көпшілік жұмыс

Уақыты

Әдеби кеш «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

5. 02.2020

Патриоттық кеш «Ауғанстан-жылдар өтсе де біздің жадымызда»

14. 02.2020

Кітап көрмесінің тұсаукесері «Бабалар ізімен»

19.02.2020

 Сауалнама «Сіздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз»

25.02.2020

 Қайырымдылық акциясы «Пусть будет мир в наших душах» (1 наурыз-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл)

28. 02.2020

Көрнекілік насихат

 

Кітап көрмесі  «Ұлы дала ақыны» (Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған)

03.02.2020

Кітап көрмесі «Стратегия 2050: шаг за шагом»

В теч.месяца

Кітап көрмесі «Ауғаныстан біздің жадымызда»

12.02.2020

Кітап көрмесі «Өз тарихыңды есте сақта»  

26.02.2020

 


Авторландыру

Көбетей үлгілі ауылдық кітапханасы.

Қаралды (2357)

      Кітапхана «үлгілі ауылдық кітапхана» атағын 2006 жылы алған, жергілікті бюджет қаражатына құрылған.  
Кітапханашы – Гүлбағдат Әлмұхановна Қуандықова, кітапханада 23 жылдан артық жұмыс істейді, білімі – арнаулы орта кітапханалық, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін бітірген. Word, Excel, Power Point компьютерлік бағдарламаларын меңгерген.  
Мәдениет үйінің ғимаратында үлгілі ауылдық кітапхана мен балалар кітапханасы орналасқан. Кітапхананың аумағы 138.5 шаршы метр. Үлгілі ауылдық кітапханада заманауи кітапханалық жабдық бар. Ауылда 1223 адам тұрады. Кітапханаға 800-дей тұрғын келеді. Оларға 14500-ге дейін кітап беріледі. Кітапханаға жылына 8000 ретке дейін оқырмандар қатысады. Кітап қорында 8115 кітап бар, оның 4624 қазақ тілінде. Кітапханаға жыл сайын 500-дей жаңа басылым түседі. Дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушылардағы құжаттар саны 12 СD. Кітапхана 9 мерзімді басылым алып  отырады, оның 3 журнал, 6 газет. Кітапхана қорын тазарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр
Кітапханада екі компьютер, лазерлі принтер, пернелі принтер, сканер бар. Ғаламторға қолжетімділік қамтамасыз етілген. Компьютерлік технологияларды ауылдық кітапханада қолдану пайдаланушыларға қызмет көрсетуді сапалы жаңа деңгейге шығарды, оның қызмет аясын кеңейтті, ауылдағы беделін көтерді.
Оқырмандарға пайдалануға    «ҚР Президенті жанындағыі адам құқықтары бойынша Комиссиясының цифрлы кітапханасы» орнатылған. Кітапхана Электронды үкіметті, СИН-ді насихаттауды жүргізеді.       Кітапханадағы электронды пайдаланушылар саны – 360. Кітапхана ұсынатын компьютерлік қызмет, Ғаламтор арқылы орындалған библиографиялық анықтамалар тіркеледі. Олардың мұрағатының электронды түрін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электронды құжаттарды беру – 350. Кітапханада РАБИС бағдарплмасы  орнатылған, 2010 жылдан бастап «Өлкетанушы» ЭК жүргізіледі,библиографиялық жазбалар саны – 341. Кітапханаларда өзекті тақырыптардағы мынадай көрмелер ресімделген: «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» «Стратегия «Казахстан -2050»: новый политический курс состоявшегося государства», «Өз бизнесіңді табысты ет! Сделай свой бизнес успешным!», «Оқы да қызықтыр, көңіл қалдыр, ұсыныс бер, кеңес бер - Прочитай и заинтересуй,  разочаруй, предложи, посоветуй» - пікір-көрме, «Салтым – менің алтын қазынам» - сауалнама көрмесі, «Новая книга для вас: прочтите» - жарнама-көрме және  т.б.
Кітапхана жұмысындағы басым бағыт – өлкетану. Кітапхана «Мен тұратын өлке» бағдарламасымен және  «Атамекен – алтын бесік» қызығушылық клубымен белсенді жұмыс жасайды. Бағдарлама ауылдың пайдаланушыларына туған өлке туралы жүйелі білім беруге бағытталған. Бағдарлама осылайша мейірімді және лайықты мысалдармен, Қазақстанның мәдени мұрасын, ауылда тұратын халықтардың ұлттық дәстүрлері мен салттарын  насихаттау арқылы жастардың рухани мәдениетінің өсуіне ықпал етеді. Осы үшін кітапханашы өлкетанулық ақпаратты жинақтаушы, сақтаушы және насихаттаушы міндеттерін орындайды.
Кітапханада «Атамекен – алтын бесік» атты өлкетанулық бұрышқа жеке бөлме бөлінген. Көбетей а. 120 жылдығына «Туған жер – алтын бесік», Социалистік Еңбек Ері Нұркен Айтуғановтың 100 жылдығына «Өз еңбегімен атағы шыққан», Кәрім Мыңбаевтың 110 жылдығына «Қазақтың тұнғыш биолог-докторы» өлкетанулық тұсау кесер сабақтары өткізілген. Жастар өткізілетін дөңгелек үстелдерге үлкен қызығушылықпен қарайды. Мысалы, «Ауғанстан алауы жадымызда», жергілікті ақын, жазушы Махмет Теміровтің шығармашылығына арналған әдеби кештер, кітаптарының тұсау кесері. Кітапханада Көбетей а. тумасы ақын қыз Сайра Орақбаевамен кездесу, жазушы жерлесіміз Сәйділ Талжановтың 110 жылдығына «Артында асыл мұра қалдырған» ауызша журналы т.б. өткен. 
Кітапхана оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын өткізуге белсенді қатысуда. «Ел болып Дулат Бабатайұлын оқиық» – бір автордың кітап көрмесінің тұсау кесері және т.б. іс-шаралар өткізілді.
Кітапхананың пайдаланушылары аудандық және облыстық сайыстарға белсенді қатысады. Осылайша, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстанның Әйгілі қасіретінің (1931-33 жж.) 70 жылдығына ұйымдастырған эсселер сайысында Көбетей а. кітапханасының пайдаланушысы гран-приді ұтып алған.
Көбетей ауылдық кітапханасы «Комсомольская правда «Казахстана» газеті ұйымдастырған ең үздік аңыз сайысына қатысқан, сыйлықтар алған.
Кітапханашы аудандық «Жылдың үздік кітапханашысы» сайысының облыстық көлемдегі сайыстардың бірнеше рет жеңімпазы. Кітапхана тарихын құруға арналған «Кітапхана, уақыт, өзім туралы» және «Ауыл энциклопедиясы» облыстық сайыстарына қатысқан, ақшалай жүлдемен, алғыс хаттармен марапатталған. 2016 жылы «Көбетей ауылының энциклопедиясы» сәтті редакцияланған.

Қалыптасқан жылы – 1938 ж., Көбетей а.
Кітапханашы – Гүлбағдат Әлмұханқызы Қуандықова, жұмыс өтілі – 23 жыл 4 ай.
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар – 802
Пайдаланушылар – 354
Кітап беру – 14504
Қатысушылық саны  – 8123
Кітап қоры –  8115
Қызығушылықтарға арналған клуб «Атамекен – алтын бесік»
«Мен тұратын өлке» бағдарламасы
Байланыс телефоны – ( 8-72-144)   52177
E-mail: cbskobetei@mail.ru:

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика