Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

2007г. Модельная библиотека села Кертинды

Қаралды (1594)

Описание: http://nuralib.kz/media/2014-03-14_104743.gif2007 жыл Нұра ОКЖ-да Кертінді моделді ауылдық кітапханасының ашылуымен белгіленген. 
Кітапхана Мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Кітапхананың аумағы 90 м кв. 2016 жылы «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде ғимаратқа жөндеу жасалған. АЖЖ жылытуы. Заманауи кітапханалық жабдық бар. Ауылда 988 адам бар. Кітапханада 25 жылдан астам Бағдат Қошмағанбетқызы Ахтямова жұмыс істеп жүр. Кітапханаға 605 тұрғын келеді. Оларға 10710 астам кітапханалық басылым беріледі. Кітапханаға жылына 6025 рет келеді. Кітапхана жыл сайын 8 түрлі мерзімді басылым алып отырады.
Моделді кітапхананы құрудың ең басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын өзгерту, олардың зияткерлік қабілеттерін сапалы ақпараттық қызмет көрсету арқылы дамыту. Жастар кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін айтарлықтай толықтырып кеңейтетін ғаламтор ресурстарын белсенді пайдаланады. 
Кітапханашы өлкетанулық мәліметтерді цифрлау бойынша жұмысты жүргізеді. Әрбір ауыл тұрғыны компьютермен жұмыс жасауды өз бетімен үйреніп жұмыс істей алады, ақпаратты дисктер мен дискеталарға көшіре алады, ақпаратты принтерден шығарып ала алады, хатты электронды пошта арқылы жібере алады, қағаз тасымалдаушылардан құжаттарды цифрлай (сканерлей) алады, қажетті ақпаратты Ғаламтордан немесе мультимедиялық энциклопедиялардан таба алады.
            Кітапхана ұсынатын компьютерлік қызмет көрсетудің және Ғаламтор арқылы орындалған библиографиялық анықтамалардың есебі жүргізіледі. Электронды құжаттарды берілуінің есебі жүргізіледі. Кітапханада РАБИС бағдарламасы орнатылған, 2008 жылдан бастап «Өлкетанушы» электронды каталогын толықтыру жүргізілуде. 2012 жылдан бастап кітапхана «Туған елім» жобасы бойынша жұмыс істеп жүр. Жоба өлкетанулық сипатта. «Ауыл энциклопедияларын», «Кітапханалардың тарихтарын» жасау және оларды электронды форматқа көшіру бойынша үлкен жұмыс жасалды.  Кітапханада өлкетанулық тақырыптар бойынша жинақ бумалары бар: «Кертінділіктер Ұлы Отан соғысында», «Ауылым – киелі мекенім», «Ақын-жазушылар», «Нұрлы Нұра» және т.б. Кітапхана атақты жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері  Мүтәш Сүлейменов жөніндегі өлкетанулық материалға бай.
Описание: Изображение 751Кітапханашы оқырмандарға жаңа кітаптардың түсуі туралы уақытылы айтып отырады, жыл сайын Президенттің халыққа Жолдауы талқыланып отырады, «Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі», «Послание Президента-путь будущих свершений» көрмесі ресімделген, ауылдық әкімдіктердің қызметкерлерімен «Елбасы Жолдауы – басты назарда» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Ауғанстаннан әскерді шығару күніне орай ауған соғысының ардагері Еркін Алимжановпен «Ауғанстан жалыны» кездесу кеші өткен.
 Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Желтоқсан – ұлт-азаттық көтерілісіне 30 жыл» тарих кеші, «Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің негізі» патриоттық кеші өткізілген.  
Алматыдан арнайы келген педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, соғыс ардагері Сыздық Мусинмен кездесу кітапхананың мақтанышы болып табылады.
Қор кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер арқылы ашылған: «Кертіндім - киелі мекенім», Жаса мәңгі, ана тілім, жан тілім!», «Жайнай бер, жайна Қазақстан!», «Діни экстремизм – ғасыр індеті», «Ерлік пен даңқ жолы», «Путь мужества и славы», «Алаш орда көсемі – Әлихан Бөкейханов», «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы», «Бабалар ізімен», «Байқоңырдан тік ұшқан қазақстандық ғарышкерлер», «Терроризм және оның зардаптары», «Зұлмат жылдың зардаптары» және т.б.

Кітапханада «Атамекен» клубы бар, клубтың мүшелері зейнеткерлер, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері. Олардың күшімен көптеген өлкетанулық мәліметтер жиналған, осыған қоса олар іс-шараларды өткізуге көмек көрсетеді. М.Мақатаевтың туғанына орай бірлестіктің қатысушыларына арналып «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби кеш өткізілген.
Кітапханашы: «Кертінділіктер Ұлы Отан соғысында», «Серік Ақсұңқарұлы», «Даңқ орденінің толық иегері – Мүташ Сүлейменов» және т.б. көрсеткіштерді құрастырған.  

Қалыптасқан жылы – 1955 ж.
Кітапханашы – Бағдат Қошмағанбетқызы Ахтямова, жұмыс өтілі – 25 жыл, 9 ай
Бақылау көрсеткіштері:
Оқырмандар – 605
Пайдаланушылар – 347
Кітап беру –10710
Қатысушылық – 6025
Кітап қоры –  7856
«Кертінділіктердің өміріндегі оқу» бағдарламасы
Байланыс телефоны –  (8-72-144) 50427
E-mail: kertyndy1@mail.ru

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика