Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Киевка кентінің балалар үлгілі кітапханасы

Қаралды (3140)

Киевка кентінің балалар үлгілі кітапханасы
Нұра  модельді аудандық балалар кітапханасы «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің  құрамына кіреді. «Модельді» атауы кітапханаға 20 08 жылдың тамыз айынан бастап берілді. Кітапхана орталық кітапхана жүйесімен бір ғимаратта орналасқан. Кітапхана ауданының  аумағы 92,2 кв.м., абонемент және оқырмандар залы болып екіге бөлінген.
Аудандық  балалар кітапханасы қазіргі заман талабына сай кітапхана жиһаздарымен, жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Сонымен бірге 3 компьютер, модем,  принтер, сканер, ксерокспен қамтамасыз етілген. «Рабис» бағдарламасы іске қосылды. Кітапханада штатында үш адам бар, барлығы  аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жаңа технологияларды меңгеріп, компьютерлік сауаттарын арнайы СИН бағдарламасы бойынша ашқан.
Кітап қоры 20098 дана, мемлекеттік тілде  4371 дана.      Кітапханадағы оқырмандар саны – 1501, кітап берілімі – 30011, оқырмандар келімі – 15004.

   Кітапхана жыл сайын мерзімді республикалық және ресей басылымдарына жазылады атап айтсақ: : «Ұлан», «Дружные ребята», «Ақ желкен», «Айгөлек», «Юный эрудит», «Классный журнал» және т.б.

Кітапхананы жарнамалау мақсатында  «Кітапхана білімге жетелейді», «Сендерге әрдайым есігіміз ашық», «Кітап қалашығына саяхат» атты экскурсиялар, «Кел! Оқы! Біл!» акциясы өткізілді.
Жазғы демалыс  күндерінде  кітапхана «Оқимыз, ойнаймыз, демаламыз» жазғы бағдарлама аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Мысалы:«Армысың, күншуақты жаз!» кітап құламасы, «Табиғатқа саяхат» эко-саяхат, «Денсаулық болса бәрі түгел» денсаулық сағаты, «Балаларға берейікші жер шарын» ойындық бағдарлама, «Балалар басылымдары» мерзімді басылымдар күні т.б.
«Кітаппен ақшамдағы серуен» кітапхана ақшамы акциясы өтті. Акцияның мақсаты: кітап оқуды балалар  бос уақытында өздеріне серік етіп, жаңаша бағытта танымдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тартып, оқуға деген қызығушылықты арттыру.  

    «Балалар күні, немесе армысың Кітап апталығы!» атты кітап апталығында «Бізде, мерейтой» кітап көрмесі жанында шолу өткізілді. «Кітапқұмарға қақпан» ойын-викторинасы, «Тақпақтар қайда тұрады?» дауыстап оқу, «Андерсен әлеміндегі таңдамалы ертегілер» сурет сайысы да осы апталықтың аясында өтті.

Аудандық балалар кітапханасында  «Жас өлкетанушы – «Юный краевед» клубы жұмыс істейді. Осы клубтың бағдарламасы аясында балаларға арналған әртүрлі іс-шаралар жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы өткізіліп тұрады. Қызықты және мазмұнды өткізілген шараларды атап айтсақ: «Нұра жерінің аңыздары», « Біздің жерлесіміз балалар ақыны –Қабыкен Мұқышев», «Отанды қорғаған жерлестеріміз» және т.б.Оқырмандар залында «Шебер қолдар» - Умелые ручки» үйірмесі көптеген жылдар үнемі жұмыс жасайды. Бұл үйірмеде балалар  қию, тігу, пішу, ою т.б жұмыстарды үйренеді. Әр сабақтың алдында әңгімелесулер өткізіледі, Мысалы: «Қыспен қоштасу» әңгіме-викторина өткізіліп, пенопластан тақырыпқа сай заттар жасалды. «Мен өскенде кім боламын», «Мамандықтар» түрлі-түсті қағаздан аппликация жасау барысында М.Гусаковтың «Кем я буду» тақпағы пайдаланылды. «Хайуанаттар паркі» топтық жұмыс, «Мультфильм кейіпкерлері» /Смешарики, Маша мен аю, бауырсақ/, газеттен жасалған қарындаш салғыштар, «Анама» ашық хаты және т.б үйірмеде жасалынды. Астана мерекесі қарсаңында «Менің  - Астанам» көлемді аппликация жасалынды. Жасалу кезінде «Астана», «Казақстан» энциклопедиялары  бойынша балалармен әңгіме-сұхбат өткізілді.

Жаңа технологияларды пайдаланып әртүлі шаралар өткізіледі, мысалы: жаңа кітаптардың тұсау кесері, күнтізбенің белгілі есте қалатын күндері, тақырыптық викториналар: «Менің Қарағандым», «Тарихқа саяхат», «Экология – ел тағдыры», «Тәуелсіздік нышандары» т.б.  Оқырман залында компьютерден балалар  үй тапсырмаларын орындауға, рефераттар жазуға қажетті мағлұматтар іздейді.
Абонеметте «Қызығушылық картотекасы», «Мектеп бағдарламасына көмек» картотекаларымен жұмыс жүргізіледі.
Кітапханада тақырыптық папкалар жинағы бар, үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отырады. «Біздің тарих жолдары»,  «Жауынгер – жерлестер», «Олардың өміріне соғыс таңбасы түскен», «Тың өлкесі – туған жерім менің», жергілікті ақын-жазушылар нұралықтар Б.Ысқақов, Қ.Айнабеков, С.Талжановтардың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған папкалар бар.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика