Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Іс-шара анонсы Қазан – 2019 жыл


 

Көпшілік жұмыс

 

Уақыты

1

«Поэзиядағы, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі күз»

02.10.19

2

Өлеңдер сайысы «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған

15.10.19

3

Актуалды диалог  «Рухани келісім әлемі»

18.10.19

4

Көрме «» А.Нүрпейісовтың 90 жылдығына арналған

22.10.19

5

Акция «Бір ел- бір кітап»

25.10.19

6

Флешмоб  «Кітапқа құрметпен»

29.10.19

 

Көрнекілік насихат

 

1

Таңғажайып әлем!»

01.10.19            

2

 Көрме-ақпарат «Стратегия-2050: дамудың жаңа стратегиясы»

Тоқсан бойы

3

Көрме шақыру  «Жат ағымнан аулақ бол»                                     

07.10.19

4

Кітап көрмесі «Духовность – путь к миру и согласию»

14.10.19


Авторландыру

Нұра ОКЖ моделді кітапханалары

Қаралды (2169)

Біздің мақтаныш …
Бүгінгі таңда Нұра ауданында 10 моделді кітапхана ашылды. Киевка кентінің АОК әдістемелік орталық ретінде осындай нәтижеге жету үшін көп күш салды. Біздің аудандағы ең алғашқы моделді кітапханалар 2004 жылдың желтоқсанында «Моделді ауылдық кітапханалар» облыстық бағдарламасының аясында ашылған болатын. Нұра ауданының атынан жобаның қатысушылары болғандар, өздерің тамаша таныта алғандар: Тассуат, Ивановка (кейін Мыңбаев ауылы), Ақмешіт және Изенді ауылдық кітапханалары. Моделді кітапханаларды құру идеясы аудандық деңгейде қолдау тапты және келесі моделді кітапханалар жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен ашылды. Жиһаз, компьютер және бейнетехника жиынтығы сатып алынды. Осылайша, 2005 жылы моделді кітапхана мәртебесін Шұбаркөл кенті алды. 2006 жылы моделді кітапхана мәртебесін Көбетей ауылы алды. 2007 жыл Кертінді ауылында моделді кітапхананың ашылуымен белгіленді. 2008 жылы ауылдық моделді кітапханалар қатарын Киевка кентінің аудандық орталық және балалар кітапханалары толтырды. 2013 жылы: Щербаков ауылында моделді ауылдық кітапхана ашылды. Ахметауыл және Байтуған ауылының кітапханаларына бұл мәртебе 2014 жылы берілді.
Бүгінде біздің моделді кітапханалар, әмбебеп бейініндегі кітапхана болып, халықтың түрлі тобына арналған ақпараттық, мәдени-бос уақыт, білім беру орталықтарының міндеттерін орындайды. Моделді кітапханалардағы оқырмандар саны 11 687 адамды құрайды, 205 мыңнан астам кітап берілген, кітапханаларға келіп кеткендердің саны 112 мыңнан көп. Кітап қорында 152 694 дана кітап бар, олардың ішінде 60 348 кітап мемлекеттік тілде. Моделді ауылдық кітапханалар орташа есеппен 14 түрлі мерзімді басылымды алып отырады. Кітапханалар документтер қорын жинақтаған кезде ескерілетін жобалар бойынша жұмыс жасайды. Сондай-ақ, үлестіру кезінде ең алдымен халықтың ұлттық құрамы, ауылдардың экономикалық қызметі және т.б.  ескерілген болатын, қарапайым басылған құжаттардан басқа электронды тасымалдаушылардағы ақпарат құжаттары алынды, орта есеппен әрбір моделді кітапхана 20 CD-RОМ-нан алды.
Біздің кітапханалар ең жаңа техникамен жабдықталған: 2 ПК, лазерлі принтер, түрлі-түсті бүріккіш принтер, сканер, модем, ксерокс, Бұдан басқа, моделді кітапханалардың ПК-не: РАБИС, Windows XP, Windows 2000, Office XP Standart, ABBYY Fine Reader лицензиялы бағдарламалары, вирусқа қарсы бағдарламалар орнатылған. Қазіргі уақытта моделді кітапханаларда 41 компьютер, 2 ноутбук, 1 сервер, 11 түрлі-түсті бүріккіш принтер, 32 лазерлі принтер, 12 сканер, 4 КФҚ, 9 ксерокс, 2 түптеуші, 1 факс бар. Барлық кітапханалар телефондандырылған. Ғаламтор желісіне 11 кітапхана қосылған, техникалық себептерге байланысты Ғаламтор желісіне 1 моделді кітапхана қосыла алмайды. 2013 жылдан бастап 9 моделді кітапханада (Киевка кентінің АОК және АБК, К.Мыңбаев, Тассуат, Изенді, Кертінді, Байтуған, Көбетей, Щербаков ауылдарының кітапханалары) ADSL технологиясымен, 2 моделді кітапхана Ақмешіт пен Ахметауыл WLL CDMA технологиясымен шықты. Ғаламторға 1 159 036,22 теңге жұмсалды. Ғаламторды пайдаланушылардың саны жыл өткен сайын артуда, жалпы саны 1826 адам. Моделді кітапханалардың кітапханашылары техниканы нәтижелі пайдаланады және жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланады. 11 моделді кітапханада «РАБИС» бағдарламасында электронды каталогтар жүргізіледі, АРМ-дар мен «Іздеу» мен «Тапсырыс» орнатылған. Нұра ОКЖ «Электронды каталог»ДҚ-да бүгінде 30000-нан астам жазба бар. «Қарағанды облысы кітапханаларының өлкетанулық құжаттардың сақталу қоры» жобасының аясында өлкетанулық қордың цифрлануы жүргізіледі. 1141 құжат, 2261 бет, 118 ескі фотосурет цифрланған. Кітаптарды цифрлау үшін жергілікті авторлар М.Теміров және В.Туляковпен авторлық шаттар жасалған. Ғаламтор желісі кеңінен пайдаланылады. Кіші және орта бизнестің кәсіпкерлері мен мамандары үшін атаулы электронды папкалап ашылады, оларда бейін бойынша Ғаламтордан ақпарат жиналады. Әрбір тұрғын электронды пошта қызметін пайдалана алады және  өзіне электронды пошта аша алады. Көпшілік іс-шараларды ұйымдастырған кезде пайдаланылатын Power Point бағдарламасында слайд-презентациялар, сұрақ-жауап сайыстары, виртуалды көрмелер жасалады. Бұған қоса компьютерлерге СИН электронды оқулығы және ҚР Президенті кезіндегі адам құқықтары бойынша Цифрлы кітапхана орнатылған. Кітапханалардың пайдаланушыларымен үйретуші жаттығулар, тренингтер, насихаттаулар жүргізіледі. Оқырмандарға арналған электронды қызметтердің қолжетімділігі 14 ПК бар.  Біздің ауданның моделді кітапханалары өлкетанулық ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады. Әрбір моделді ауылдық кітапханада жалғасы бар «Ауыл энциклопедиясы» жобасы жүзеге асырылған. Жасалған энциклопедиялар жаңа мәліметтермен толығып отырады, осылайша аяқталған жоба өзектендіріледі және ол өз жалғасын табады. К.Мыңбаев атындағы, Ақмешіт, Тассуат, Щербаков және Көбетей ауылдарының кітапханалары өз кітапханаларының тарихын жасаған. К.Мыңбаев атындағы ауылдың кітапханашысымен Құрмет кітабы бойынша жұмыс жүргізілуде. Әрбір кітапхана өлкетану тақырыбы бойынша ақпараттық және библиографиялық оқу құралдарды жасайды. Кітапханалар өздерінің электронды өнімдерін: «Ауыл энциклопедияларын», «Кітапхана тарихтарын»; электронды презентацияларын: «Менің ауылым», «Кітапхананың мерейтойы», «Кітапхананың мерейгеріне» (АОК) шығарады. Ақпараттық технологиялар қажетті білімді талап етіп үнемі жетілдіріліп, түрлері ауыстырылып отырады.
Өздігінен білім алып, соған қоса Қарағанды қаласының Гоголь атындағы ОӘҒК курстарында оқып, АОК өткізетін жаттығуларға барып нұра ауылдық моделді кітапханаларының кітапханашылары алған білімдерін облыстық деңгейдегі сайыстарға белсенді қатысқан кезде пайдаланған. Осылайша, 2013 жылы моделді кітапханалардың жас кітапханашылары Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Шығармашылық пен жаңартпалардың аумағы» атты Қарағанды облысы кітапханаларының күнін өткізуге қатысты. Аудандық сайыстағы өлкетану бойынша «Край, в котором ты живешь»  ең үздік библиографиялық өнім нәтижесі бойынша 1 орынды Көбетей ауылының моделді кітапханасы алды. 2 орынды – Щербаков ауылының моделді кітапханасы, 3 орынды – Ақмешіт моделді ауылдық кітапханасы алды. С.К.Шакабаева – К.Мыңбаев атындағы ауылдың моделді кітапханасының кітапханашысы С.К. Шакабаева «Лучший библиотекарь года» сайысының жеңімпазы атанды. ІІІ дәрежедегі Диплом және ақшалай сыйлық иегерлері болған аудандық моделді кітапхананың оқырмандары Г. Ережеева және К.Мыңбаев атындағы ауылдан Я.Суриналар халықаралық виртуалды дауыстап оқушылар сайысында «Выразительное чтение стихов Тараса Шевченко на казахском языке» және «Выразительное чтение на украинском языке», Ж.Бектұров атындағы ОЖК өткізген «Казахстан читает Тараса Шевченко, Украина читает Махамбета» деген сайыстарда «Еселі еңбек асқақ мұраттарға жеткізеді» және «Две страны – два поэта» номинацияларында аталып өтті.Обладателями Диплома III степени и денежного приза стали читатели районной модельной библиотеки Ережеева Г. и модельной библиотеки села им.К.Мынбаева Сурина Я. в  номинациях «Выразительное чтение стихов Тараса Шевченко на казахском языке» и «Выразительное чтение на украинском языке» международного  виртуального  конкурса чтецов «Еселі еңбек асқақ мұраттарға жеткізеді» и «Две страны – два поэта. Ж.Бектұров атындағы ОЖК өткізген «Казахстан читает Тараса Шевченко, Украина читает Махамбета» деген Казахстан читает Тараса Шевченко, Украина читает Махамбета», проводимого  ОЮБ имени Ж.Бектурова.
Кітапханалардың материалды-техникалық базасы халыққа қосымша ақылы көшіргі-көбейткіш техника қызметін көрсете алады. Осындай жолмен табылған қаражат кітапханаларға бюджеттік қаржыландырудың  орнын толтыра алмайды. Ақылы қызметті енгізудің басты міндеті – тұрғындардың өмірінің сапасын көтеруге бағытталған, кітапхана қызмет көрсету тиімділігін арттыру.

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика