Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Нақты нәтижелерге бағдар


10 қыркүйек күні ауданның орталық кітапханасында ҚР Президенті К. Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Нұра ОКЖ басшысы С. Жұмабеков Жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырды, олар зейнетақы жинақтары, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлікті дамыту. Президент Үкіметке микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырды. Басым бағыт мәдениет саласы болып табылады.

Орталық кітапхананың даму секторының меңгерушісі С. Мұстафина Жолдауды насихаттау бойынша оқу залының жұмысымен таныстырды, даму секторының меңгерушісі С. Нұртазина Жолдауды насихаттау бойынша ауылдық кітапханалардың қызметіне тоқталды. 

Кертінді ауылының кітапхана меңгерушісі Б. Ахтямова осы маңызды құжатты насихаттау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҚР ПрезидентіТоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауының түсіндіру және насихаттау бойынша ұсыныстар қабылданды.

Дөңгелек үстел отырысына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, жастар өкілдері, оқырмандар қатысты.

 

123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика