Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Астана бойынша жол көрсеткіш Қазақстанның астанасына сапардың барлық ерекшеліктерін көрсетеді: Қазақстанға қалай жету ыңғайлылығы, жетуді тиімді жоспарлау, Ескі қала мен Сол жағалаудың көрнекі жерлерін, мейманханалар мен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар - барлығын осы басылым арқылы оңай табуға болады.

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Тренинг «Латын әліппесін алуды неге тілейміз?»


Тілдер күніне орай Мыңбаев үлгілі ауылдық кітапханасында «Латын әліппесін алуды неге тілейміз?» атты тренинг өтті. Шараға қатысқандар ауылдың басқа ұлт өкілдері, Аналар кеңесінің мүшелері, акимат қызметкерлері

Кітапханашы кітапханаға келушілерді бүгінгі кітапханаға жиналу мақсаты мен себебін таныстырды. Латын әліпбиін алуды біз неге тілейміз? Латын әліпбиіне көшкенде не ұтамыз? – деген сұрақтар кеңінен талқыланды.

Латын әліпбиі бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі, латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен жаңа технологияның тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдейтіні сөзсіз, дей келе, кітапханашы оқырмандарға алдарындағы жатқан газеттерден латын қарпімен жазылған мәтінді оқуларын сұрады. Басында көпшілігі қиналғанымен, кейін тез оқитын болды.

     Кітапханашы сөзін қорытындылай келе, латын әліпбиіне көшу- Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы, жаһандық әлеммен ықпалдасуға жол ашады,- деп, іс-шараны аяқтады.  Мұндай тренингдер оқырмандарға ең негізгі нұсқа – қазақтың барлық төл дыбыстары енген ұлттық әліпбиі туралы мағлұмат беру.

 

123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика