Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Қазақстан президенти Қ.К. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел


13.09.2019 жылы Қарой ауылдық кітапханасында Елбасының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты Президент Жолдауымен танысу және міндеттерді іске асыруды талқылау.

Ауыл кітапханашысы қатысушыларды ҚР Президенті Жолдауының бөлімдерімен таныстырды. 

Президент Жолдауын талқылау бойынша ауыл әкімі С. Ж. Абенов сөз сөйледі, ол Жолдаудың негізгі ережелері туралы айтып берді. Жолдау өте мазмұнды, көп жағдайда әлеуметтік бағдарларға бағытталған. Президент жолдауы бүкіл ел үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға болып табылатыны атап өтті.

          Іс-шара соңында қатысушылар Жолдау бойынша маңызды мәселелерді бірауыздан қолдап, өз пікірлерін білдірді. Талқылау барысында жастарға үлкен көңіл бөлінді.

Шараға мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет, білім беру қызметкерлері қатысты.

 

123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика