Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Байқау «Нүркен Әбдіровтің бейнесі балалар шығармашылығында»


Кеңес одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толуына орай облыстық Абай атындағы балалар кітапханасы, Мәдениет  архивтер және құжаттар басқармасының қолдауымен «Нүркен Әбдіровтің бейнесі балалар шығармашылығында» атты  байқау өткізді.   

Сайыстың мақсаты: өлкенің тарихын зерделеуге, 1941-1945 жылдардардағы Ұлы Отан соғысының тарихына, Нүркен Әбдіровтың тұлғасына  12-14 жастағы жеткіншектердің назарын аудару және қызығушылықтарын дамыту. Өскелең ұрпақтың эстетикалық және патриоттық тәрбиесін, шығармашылық қабілеттерін, олардың ой-қиялын дамыту.                                                        

  Сайысқа Нұра ОКЖ  балалар кітапханаларынан 6 жас  оқырман өздерінің 11жұмысын ұсынды. Нұра кентінен Киевка №1 мектебінің 7 сынып оқушысы Бекенов Мадияр сайысқа қарындашпен салынған  «Өлместік шыңында» деген  жалпы тақырыппен  Нүркен Әбдіровтың  өмірінің әр жылдардағы 4 портретін ұсынған болатын.

Осы жұмысы үшін Мадияр III дәрежелі Диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Біздің ауданның байқауға қатысушыларының барлығы сертификаттарға ие болды, Көбетей ауылының оқушысы Авласенко Марияның жұмысы сыйлықпен бағаланды.

 

123123
123123
123123
123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика