Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы, Жазушы, Махамбеттің жебесі: Романдар (Орысшадан аударған: С. Муратбеков пен Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.-544 б.

Дж.  Неру атындағы халқаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр.

            «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тулғасын сомдауға арналған.

 

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Флешмоб «Біз, жастар, бейбітшілік пен тұрақтылық үшінбіз!»


Қарой ауылдық кітапханасында Жастар жылына арналған «Біз, жастар, бейбітшілік пен тұрақтылық үшінбіз!» флешмобы өткізілді.

Мақсаты: белсенді демалысты, салауатты өмір салтын көпшілікке тарату, патриоттық жастарды тәрбиелеу, көшбасшылық қабілеттері бар бастамашыл және өнерлі жастарға қолдау көрсету.

Қатысушылар спортпен, бимен айналысудан, ең бастысы бір-бірімен тілдесуден  үлкен позитив алды.

Жастар өзіне ерекше назар талап етеді, және кітапхана білім мен ой-өрісінің кеңдігін, ересек өмірге психологиялық дайындық беретін «әлеуметтік саты» болып табылады. Жастар – қоғамның күші, республиканың бүгіні мен болашағы, оның жұбанышы мен тірегі!

Жастар – біздің қоғамның ең жарқын, шығармашылық және белсенді бөлігі. Біз өнерлі, өз күшіне сенімді, белсенді өмірлік ұстанымдары бар біздің жастарды мақтан етеміз. 

Кітапханашы іс-шараны И.А.Буниннің сөзін оқып аяқтады. Жастық шақ ересектер нәзіктікпен және мұңмен еске алатын тамаша керемет кез.

 

 

123123
123123
123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика