Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ай кітабы

Астана.Путеводитель / Составитель Р.Турлынова. – Астана: Фолиант, 2018. – 144 с.
Самоучитель английского языка для начинающих + СD / С.А. Матвеев. – Москва: АСТ, 2014. - 351с.
Ағылшынша өз бетімен үйрену қарапайым және қолжетімді курсы. Оқу құралы 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде сіз қажетті грамматикалық ақпаратты, сонымен қатар дискіде тындауға болатын ағылшын тілінің қысқаша фонетикалық курсын таба аласыз. Екінші бөлімде сіз алған білімдерді практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысасыз. Үшінші бөлімде тиісті тақырыптар .бойынша көптеген қызықты диалогтарды ұсынады, оларды дискіде тыңдауға, оқуды, айтылымды және аударманы орындауға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тілінің негіздерін меңгеруге, кедергілерді еңсеруге және сөздік тілін толықтыруға көмектеседі.

Анонс

Авторландыру

Жаңалықтар

Диктант «Қазақша оқы,latуnsha jaz!»


2019 жылдың 17 қыркүйегінде Изенді үлгілі ауылдық кітапханасында бюджет саласының қызметкерлері үшін «Қазақшаоқы,latуnshajaz!» республикалық диктанты өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру. Қазақстандық патриоттықты қалыптастыру, латын жазуындағы қазақ тілінің жаңа әліпбиін тәжірибелік игеру мен меңгеруді қамтамасыз ету.

Диктант басталар алдында кітапханашы А.Е.Бердешева ҚР Президентінің 19.02.2018ж. №637 жарлығына сәйкес біздің республикада қазақ тілін латын жазуына көшіру кезең-кезеңімен өтетіні жайында айтты.

Үлгілі ауылдық кітапхана«Қазақшаоқы,latуnshajaz!» диктантын латын жазуындағы қазақ тілінің жаңа әліпбиін тәжірибелік меңгеру мен жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге латын жазуындағы қазақ тілінің жазылуының негізгі ережелерін нақтылау, өзін-өзі бағалау және икемдеу үшін өткізеді.

Барлық қалаған адамдар үшін жаңа әліпби ұсынылды және латын жазуында диктант жүргізілді.

Қорытындысында келген қонақтар кітапханаға диктант үшін алғыс айтты және жаңа әліпбиді жақсылап меңгеру үшін осындай шараларды жиі ұйымдастыруды ұсынды.

Кітапханада тұрақты «Латын әрпі-заман талабы» кітап көрмесі рәсімделді.

 

123123


Кері қайту

© 2013 Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет-компания Creatida
Яндекс.Метрика